«Қажылыққа деп 3,5 млн теңгеден бердік». Туристік компания 40-тан аса адамның ақшасын қайтармай отыр

«Қажылыққа деп 3,5 млн теңгеден бердік». Туристік компания 40-тан аса адамның ақшасын қайтармай отыр

Биыл мамыр айында 40-қа жуық адамды үлкен қажылыққа апарамыз деп ақша жинап, уәдесін орындай алмаған Алматыдағы «Зәм-Зәм» туристік компаниясы халықтың ақшасын қайтармай отыр. Бұл туралы Azattyq Rýhy тілшісіне Алматы тұрғыны Панар Дүкенбаева айтып берді.

 

«Маусым айында жолдасым екеуміз үлкен қажылыққа барамыз деп «Зәм-зәм» компаниясына  құжаттарымызды өткіздік. Компанияға адам басына 3 млн 400 мың теңгеден 6 млн 800 мың теңге бердік. «ПТР-ға адам басына $200-дан дайындайсыздар, тамаққа, құрбандыққа $700 алыңыздар» деді. Біз компанияға барғанда жасы 80-ге таяп қалған қарт әжей отырды. Ол кісі сәуір айында кіші қажылыққа барамын деп ақша өткізген екен. Сол кісінің визасы шыққан екен «Сіз үлкен қажылыққа баратын болдыңыз, үстінен ақша төлеңіз» деп қызын шақыртып, ақша төлетіп жатты. Сонда олар қалай Умраға баратын адамды үлкен қажылыққа жіберіп жатыр? Сол кезде бізден алған ақшаны қосып, 26 адамды қажылыққа жіберген болып тұр ғой. Бірақ ол кісілерде қажылығын өтей алмай, Мединадан қайтып келіпті. Біз қаражатымызды өткізгелі үшінші айға аяқ басты. «Қаражаттарыңыз тамыз айынан кейінгі үш айдан соң есептеліп беріледі» дейді. Карантин күшейіп жатқан қазіргі кездің өзінде Умраға адамдарды аттандырғалы ақша жинап жатыр», - деді кейіпкеріміз.

 

«БАРМАҒАН САПАРҒА 1 МИЛЛИОН 300 МЫҢ ҰСТАП ҚАЛМАҚШЫ»

 

«Зәм-зәм» туристік компаниясының әлеуметтік желідегі парақшасына кірсек, қызметкерлер ұсақ ақша жинайтын сандықша (копилка) сатып, конкурс ұйымдастырумен белсенді айналысуда.

 

 

«Бұл компания ары қарай да адамдарды алдауын тоқтатар емес. Бізді сабырға шақырып, whatsapp-тағы ортақ чатқа түрлі видеолар мен жазбаларды жіберіп қояды. Қолдарына банк арқылы 7 миллион теңге беріп кеттік. Компания бастығы «сотқа берсеңіздер де, ақшаны аласыздар» дейді. «Визаның ақшасы бір адамға 650 мың теңге, соны ұстап қаламыз» деп отыр. Жолдасым екеуміздікі 1 миллион 300 мың шығады. Сонда біз бармаған қажылық үшін ішпей-жемей жинаған ақшамызды төлеуге тиіс екенбіз. Бұл дегеніңіз барып тұрған алаяқтық қой. Бізден басқа 40 адам бар. Бұл компанияда ақша жоқ. «Елдерді Умраға жіберген соң ғана ақшаларыңызды қайтарамыз» деп отыр. Директоры да, қызметкерлері де алаңсыз әлеуметтік желіде копилка сатып, қажылыққа жолдама ойнатып жүр. Компанияның мұндай құйтұрқы әрекетінен бейхабар адамдарды желіде отырып тектен-текке алданып қалмауға шақырамын. Компаниямен заңды түрде соттасайық деп отырмыз», - деді Панар Дүкенбаева.

 

«ЗӘМ-ЗӘМ» ҚҰЖАТ БОЙЫНША БАНКРОТҚА ҰШЫРАҒАН

 

Azattyq Rýhy тілшісі аталған мәселеге байланысты «Зәм-Зәм» компаниясына хабарласқан еді, компания өкілі жауап беруден бас тартты.

 

«Мен сіздің журналист екеніңізді қайдан білемін? Шағымданған адам біздің офиске келсін, сөйлесіп, бар жағдайды түсіндіреміз. Сіздің сұрақтарға жауап бере алмаймыз», - деді телефон арқылы ер кісі.

 

Кейіннен компания өкілдері Панар Дүкенбаеваға хабарласып, журналистерге шағым түсірмеуін өтініпті. Uchet.kz контрагенттік порталында «Зәм-Зәм» ЖШС басшысы Жетпісбаев Бахытжан Оразбекұлы деп көрсетілген.

 

 

Ондағы мәліметтер бойынша, «Зәм-Зәм» ЖШС банкротқа ұшыраған, салық және кедендік төлемдер бойынша мемлекетке қарыз, құжат жағынан тіркеуі жарамсыз, жалған кәсіпорын.

 

ҚАЖЫЛЫҚ САПАРЫМЕН КІМДЕР АЙНАЛЫСА АЛАДЫ?

 

Azattyq Rýhy тілшісі Қазақстан мұсылмандар басқармасына жүгінген еді, Мүфтият баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы жекелеген туристік компаниялардың басқармаға қарамайтынын жеткізді.

«Елімізде қазір 20 қажылық компаниясы жұмыс істейді. Ол компанияларды діни басқарма арнайы іріктеуден өткізеді. Онда компанияның 5 жылдық тәжірибесі, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында кеңсесі болуы қарастырылады, сондай-ақ, діни басқармамен меморандумға отыру сынды талаптар бар. Осы талаптардан өткен компанияларға діни басқарма қажылық сапарын өткізуге ресми түрде рұқсат береді. Ал діни басқарманың талаптарын орындамаған, келісімге сәйкес шешім қабылдамаған қажылық компаниялары діни басқарманың қажылық квотасын ала алмайды. Діни басқарманың сараптау комитетінен өтпеген туристік компаниялардың іс-әрекетіне біз жауап бермейміз», - деді ол.

 

БІРІНШІДЕН, Қазақстан азаматтары үшін қажылық сапары ҚМДБ-ға қарасты Қажылық миссиясының ұйымдастыруымен және миссияның тиісті талаптары мен нұсқамалары негізінде жүзеге асады.

 

ЕКІНШІДЕН, ҚМДБ және Сауд Арабия корольдігінің Қажылық министрлігі арасында қабылданған ресми келісім құжатына сәйкес, қажылыққа қатысты ресми құжаттарды рәсімдеу, тиісті мекемелермен келіссөздер жүргізу, т.б. іс-шаралар Діни басқарма тарапынан орындалады.

 

ҮШІНШІДЕН, ҚМДБ қажылық сапарының Ислам шариғаты мен Әбу Ханифа мәзһабы негізінде орындалуын қадағалайды.

 

ТӨРТІНШІДЕН, қажылық сапарына ниет еткен азаматтар ҚМДБ Қажылық бөлімінің нұсқамалары, кеңестері мен ресми ақпараттарына сәйкес шешім қабылдауы қажет екенін жеткіземіз.

 

БЕСІНШІДЕН, ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қасиетті хадис-шарифтерінің бірінде: «Бізді алдаған адам бізден емес» деген. Қажылық сапары алдында жалған құжат жасап, шариғат пен заң талаптарына сәйкес келмейтін әрекетке бару күнә әрі қылмыстық іс екенін жеткіземіз.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста