ҚАЖЫЛЫҚҚА БАРМАЙ, ҚАЖЫЛЫҒЫ ҚАБЫЛ БОЛҒАН ЕТІКШІ

ҚАЖЫЛЫҚҚА БАРМАЙ, ҚАЖЫЛЫҒЫ ҚАБЫЛ БОЛҒАН ЕТІКШІ

Иманның алғашқы жемісі – мейірім. Әрбір ізгі істің басы «Бісмілламен» және «Фатихамен», яғни Алланың Рахман және Рахым (мейірім) есімдерімен басталады.

 

Бір қиссада парасатты ғалым әрі сопы Меккедегі Харам мешітінде қажылығын орындаған соң, көзі ұйықтағанымен көңілі ояу отырғанда аспаннан екі періште келіп, біреуі екіншісіне: «Биыл әлемнің түкпір-түкпірінен келген 500 мың адам қажылық жасады. Бірақ бәрінің қажылығы Шамдағы бір аяқ киім жөндеушінің құрметі үшін қабыл болды» дейді.

 

Ғалым бұл хәлден оянған соң, таң-тамаша болады. Қайтар жолда керуенмен Шамға соғып, әлгі етікшіні елден сұрап жүріп, тауып алады. Одан: «Сен қажылыққа бармасаң да, қандай амал жасадың?» деп сұрайды. Сонда етікші: «Отыз жылдан бері қажылыққа баруды ниет еттім. Етік бүтіндеуден және ескі киімдерден 300 дирхам ақша жинадым. Жүкті әйелім: «Көршінің үйінен еттің исі шығып жатыр, маған бір жапырақ ет сұрайсың ба?» – деді. Көршіме барып ет сұрадым. Көршім жылап: «Жеті күннен бері балаларым аш. Жолда өлген жануарды кезіктіріп, етінен аздап кесіп алдым. Соны қайнатып, оларды алдандырып жатырмын. Адал тамақ таба алмайтын болғандықтан, соны жегізуге мәжбүрмін. Қаласаң берейін» деді. Мұны естігенде ішімнен бір нәрсе үзіліп кеткендей болды. Қиналып жинаған 300 дирхамды соған бердім де: «Уа, Аллам! Қажылық ниетімді қабыл ал!» – деп мінәжат еттім» деді етікші. Сонда парасатты ғалым әрі сопы «Аллам маған түсімде шындықты аян еткен екен» деді.

 

Бұл оқиғада Рахман әрі Рахимнің (мейірімнің) қаншалықты маңызды болғанын білдіреді. Хадис шәріпте «Сендер жердегілерде мейірім көрсетсеңдер, көктегілер де сендерге мейірім көрсетеді» дейді.

 

Тағы бір хадис шәріпте «Көршісі аш болып, өзі тоқ жатқан момын шынайы момын емес» деген. Етікші осы хадиске амал қылған кісі болды. Шығыс халқында «Бір мұсылманның көңілін қалдыру Қағбаның қара тасын сындырғаннан ауыр» деген тәмсіл бар. Егер қажылық сапарға дайындалсаңыз, оған рухани әзірлік керек. Дүниеңнің біразын Алла жолына мұқтаж-ғаріптерге тарату қажет. Олардың көңілін қуантсаң, рухыңның көкжиегі ашылады. Алдымен көңіліңе қажылық жасат! Содан кейін нәзік көңілмен сол нәзік қажылық сапарын жалғастыр.

 

Мен де тоқсаныншы жылдары қажылық сапарға аттанып, Алланың қонағы болып қайттым. Сапарға шығар алдында көршіме кіріп: «Мен қажылыққа бармақшымын, ризалығыңызды беріңіз» дедім. Көршім ақжол тілеп, шығарып салды. «Қажылық сапардан оралғанымша қиналмаңдар» деп отбасыма және көршіме азық-түлік әперіп кеттім. Көршім шын көңілмен риза болды. Осы ретте Мәулананың тәлім-тәрбиеге толы мына бір сөзі еске түседі: «Қаншама адам көрдім үстінде киімі жоқ, қаншама киім көрдім, ішінде адамы жоқ». Біз бір-бірімізге қарайлассақ, бұл өмір пейіш болады.

 

 

 

Сейітқазы МЕДЕТБЕК,

Қызылорда облысы Жуалы мешітінің бас имамы

muftyat.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста