Қажылыққа барған 80 адам тамақ сусыз қалып, түрмеге қамалған

Қажылыққа барған 80 адам тамақ сусыз қалып, түрмеге қамалған

"Зәмзәм" компаниясының көмегімен қажылыққа барған бір топ қазақстандық визалық режиді бұзды деп айыпталып, абақтыға қамалған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Сaravan.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай өзінің Instagram парақшасында жазды.

 

Қажылыққа барғандардың бірі журналистке хат жазған.

 

"Джидда жақын бір ауылдамыз. 1,5 күн түрмеде болдық. Конслагерде. Тамақсыз, сусыз үлкен кісілер қатты қиналды. Туалетке жібермеді дажі. Бұл кісілер өтірік документ жасайды екен. Өтірік қонақ үй, түгі жоқ. Қонақ үй мүлде тамақ берегн жоқ. Индиский кварталда орналасқан өте нашар қонақ үй. Общым қанша ақша берсек те дұрыс условия көрмедік. Ақша деп өліп қалған адамдар екен. Тамаққа экономдап жатыр, 3 млн 200 мыңбен келгенбіз. Самолет мақыл, тамаққа экономдаған қиын болды. Не шәй жоқ, не қайнаған су жоқ. Бұл компанияда бұнндай жағдай бірінші рет емес екен.   Мамамды гостиницаға бүгін таңға жуық әкелсе, әкемді қазір таптық. Кеше қамалған жерден босатып Меккенің сыртына апарып тастаған адамдарды бөліп бөліп жан жаққа содан жоғалып жатыр", - делінген хатта.

 

Ал журналист аталмыш фирмаға қатысты шу 2021 жылы да болған дейді.

 

"Құрбан айтқа дөп түсіп қажы боламын деп Қазақстаннан Сауд Арабияға барған 80 адамның жайы осы. Визалық режимді бұзды деп айыпталып, абақтыға қамалды. Мұншы адамды қажылыққа жіберген Зәмзәм Қазақстан фирмасы. Зәм-зәм судың атын жамылып, елден ақша жинап жүрген осы компанияға қатысты дәл осындай шу 2021 жылы болған еді. Індет күйіп тұрғанда "шекарадан любойыңды өткізіп қажы қыламын" деп жалған вакцина паспортын жасатқан фирманы ұмытпаған боларсыздар?

 

Ол кезде "Зәмзәм" компаниясы үстінен Вакцинаның жалған сертификатын жасау дерегі бойынша (385 бап, 1-тармақ) қылмыстық іс қозғалды. Кінә дәлелденсе Ұйымдастырушылар 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін деген еді. Одан бері 2-ақ жыл өтті. Ұйымдастырушылар жазаланбақ түгіл инстаграмда жарнамалап сайрап отыр. Компания әлі қажылыққа аттандыру бизнесін жалғастыруда.

 

Бұл нені көрсетеді?

 

Қазақстанда ақша барда, заңға түкірдім де, қол қойдым деген сөз!

 

Басқаша қалай түсінуге болады?

 

2021 жылы осы компанияның жалған жолдамасымен 100-ден аса адам жапа шекті. Бүгін тағы 80 адам. Жапа шегуші бар, жазаланушы жоқ, сонда қалай?

 

Жыл басында ғана елді қан қақсатқан "Кәусар тревэлдің" оқиғасы ешкімге сабақ болмаса керек. Қажылық сапарын бизнес көзіне айналдырғандар әсіресе компанияларды кім реттейді?

 

Бізде қажыдан гөрі құлшылығы қабыл болмағандар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай көбеде", - деп жазды Гүлмира Әбіқай.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста