ҚАСИЕТТІ ТҮНДЕРДІ ЖАНДАНДЫРУ

ҚАСИЕТТІ ТҮНДЕРДІ ЖАНДАНДЫРУ

Алла Тағала былай дейді: «Түннен оянып (Құранмен) өзіңе тән нәпіл оқы. Раббыңның сені бір мақтаулы орынға жеткізуінен үміт етіледі». (Исра сүресі, 79-аят) 

 

Шағбан айының 15-түні «Бәрат» түнінің қасиеті жайында көп хадис шәріптер айтылған және Ислам ұлыларының сөздері бар. Сондықтан мұсылмандар бұл түнді әр түрлі ғибадаттармен жандандырады. Бұл қасиетті түндер құлдардың Раббыларына жалбарынып, тілегінің қабыл болатынын үміттенетін уақыттар.

 

Бұл қасиетті түн ораза тұтатын Рамазан айының жақындағанын сүйіншілейді және дайындалуымызды ескертеді.

 

Көп ғалымдар мұндай қасиетті түндерді жандандыру жайында әр түрлі кітаптар, трактаттар жазған. Нәжм әл-Ғити, Ибн Хажар әл-Мәкки, Әли ул-Қари, Ибн Режеб әл-Ханбәли, Сәлим әс-Синхури, Абдулғани Наблуси (Алла рақымына бөлесін оларды) сияқты ғалымдардың бұл жайындағы кітаптары бар.

 

Термизи, Ибн Мажа, Имам Ахмед және басқа кейбір хадисшілер Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бұл түні Бақи қабірстанына барып Алла Тағала дұға еткенін жазған. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Айша (р.анһа) анамызға бұл күні тәубе еткендерге кешірім көп болатындығын айтқан.

 

Сағләби тәпсірінде айтылғанына қарағанда Дұхан сүресінің: «Ол түні хикметті әр іс бөлінеді» - мағынасындағы 4-аятындағы түн; «Бәрат» түні. Өйткені Икрима (р.а.) былай дейді: «Шағбан шәріптің  түнінде (яғни Бәрат түнінде) сол жылы болатын (жақсылықтар, жамандықтар, ризық пен ажал т.б.) оқиғалар белгіленеді, міндетті періштелерге тапсырылады, қажылардың аттары жазылады. Ол жылы осы жазылғандардан бір кісі кемімейді, бір кісі көбеймейді». Мына хадис шәріп осыған дәлел: «Ажалдарға Шағбан айында келесі Шағбан айына дейін шешім шығарылады».

 

Бір риуаятта «Лаух Махфузда» жазылуға Бәрат түні басталып, Қадір түнінде аяқталатындығы айтылған.

 

 

 

mazhab.kz

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста