Қадір түні қандай амалдар жасаған дұрыс?

Қадір түні қандай амалдар жасаған дұрыс?

Мың айдан да қайырлы Қадір түні жақындап келеді. Бұл кеште қандай амал істегеніміз абзал?
Қасымхан, Ақтөбе қаласы
Ислам ғұламалары қасиетті Қадыр түнін төмендегіше атқаруды үндейді:

Бірініші, бұл түнде Алланың рызашылығы үшін ғибадат жасап, намаз оқып, құлдық сезімдерімізді арттыруымыз керек. Екіншіден, Құран Кәрім оқылып, тыңдалып, түсінунге ынта қойып, Құран Кәрімге сүйіспеншілік пен байланыстар орнатылуы тиіс. Үшіншіден, Пайғамбарымыз (с.а.у) салауат айтып, оның шапағат етуінен үміттеніп, оның үмбетінен болғанымызды саналы түрде сезініп, оның жолын берік ұстануымыз шарт. Төртіншіден, Уағыз-насихат тыңдап, сұхбаттар құрып, күнделікті күйбең тіршілік барысында жүрекке түскен кірбіңді жуып шайып, көңілге ұялаған көмескіліктен арылуыға тиістіміз. Бесіншіден, Қадір кешінің маңызына байланысты және Қадір түніне қатысты жеткілікті мағұлмат беретін дін адамдарымен сұхбат құру керек. Әсіресе, адам өз өзімен сұхбаттасып, қателіктерін танып, кемшіліктерін жоюға күш салуға, адамдармен достық қарым қатынасын күшейтуге, бірлік пен біртұтастықты арттыруға мән беруі тиіс. Алтыншыдан, Тәубе мен истиғфар жасап, өз нәпсісін есептен өткізіп, қателік жасаудан сақтанып, қайырлы істерді жасауға құмбыл болуы шарт. Жетіншіден, Алланы зікір етіп, тефеккур (терең жақсы ойлану) етіп, Алланы еске алғаннан жүрек тынышталады.
Ұлы Жаратушының ұшы қиыры жоқ құдіретімен жоқтан бар болған жаратылыстың сырларын нәзік тефеккур (жақсы терең ойланып) етіп, иманымызды күшейтуіміз қажет. Сегізіншіден, Жиі-жиі дұға жасауымыз керек. Өйткені, дұға адамды Ұлы Жартушыға жақындататын дәнекер десек болады. Пайғамбарымыз (с.а.у) бұл түні көбінесе мына дұғаны жасаған: «Аллаһүмме иннеке афүввин түһиббүл афве фа фү анни». Яғни, «Аллаһым сен кешірімдісің, кешіруді сүйесің, мені кешіре гөр». Тоғызыншыдан, Қадір түнінің күндізін де бейне кеш секілді өткізу ләзім. Осылай болған болса, мүбәрак түннің рухтарға төккен шұғыласы сіңімді болып, жүректің қақ төрінен орын алары сөзсіз. Оныншыдан, Бұл Қадір түнінің құрметіне Раббымыздан бүкіл исі бүтін мұсылмандардың күнәларының кешірілуін тілеуіміз керек. Қадыр түнінің жақсылыққа мұрындық болуын, достық пен бауырмашылдықты арттырып, ислам әлемінің біртұтастығын және күллі адамзатты апаттардан сақта деп тілеуіміз шарт.
Иә, шынында да Қадыр түні атына заты сай, адамзат баласының келешегі үшін аса қадырлы һәм маңызды. Хақ-Тағала адам баласына шайтанның арбауына тез көндігетін нәпсіні беріп сынап, өзінің аса мейірімділігімен бұл тығырықтан сытылып шығатын даңғыл жолды да меңзеген. Ол даңғыл жол - қасиетті Қадыр түні тәубеге келіп, ынты-шынтымен кешірім сұрап, жан-тәнімен Хаққа жалбарынып, болашағына зор үміт артып, Тәңірінің жасыл бақ жаннатқа жол тарту жолы. Лайым, осы жол - барша адамзатқа нәсіп болғай!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста