Қадір сөзі қандай мағынаны білдіреді?
Ораза айының ең қадірлі түні – Қадір түні жақындап қалды. Менің білгім келгені, жалпы Қадір сөзі не мағына береді?
Айсұлу, Теміртау қаласы
Құран-Кәрімге алғаш түсіндірме жасаған мәшһүр ғалым Ибн Кәсир «Қадыр» сөзінің төмендегідей үш мағынасы бар екенін айтып өткен. Бірінші, «Қадір» сөзі «үкім түні» мағынасын береді. Осыған байланысты Қадір түні дегенде Алланың тағдырды үкім ететін түні деген ой түюге болады. Бұл жердегі тағдыр ұғымы, әуелгі тағдырдың паш етілуі болатын. Өйткені Құран-Кәрімде: «Ол кеште барлық хикметті істер айырылады» (Дұхан, 4) деп бұйырылған. Екінші, «ұлы және орасан зор» мағынасын береді. Яғни, Қадір түні ұлы және орасан зор болған аса құнды түн деген сөз. Ұлы және орасан зор болатын себебі, бұл түннің салмағы мың айдан да қайырлы. Бұл хақында Құран-Кәрімде: «Қадыр түні мың айдан да қайырлы» (Қадыр, 3) деп баяндалады. Үшінші, «сығыстыру» мағынасын береді. Осыған орай зерттеушілер тарапынан Қадір сөзі нығыздау мағынасын береді деген жорамал айтылады. Өйткені, бұл түні бүкіл періштелер жер бетіне түскеннен кейін оларға жер-жүзі тар келіп, сығылысады. Бұл хақында Құран-Кәрімде: «Періштелер және Жебірейіл с.ғ.а ол кеште Раббыларыңның рұқсаты бойынша барлық іс үшін түседі» (Қадыр, 4) деп бұйырылады. Ислам ғұламаларының айтуына қарағанда, «сығылысудағы» мақсат «үлкен қайырлы істердің жүзеге асуы, сондай-ақ Пайғамбарымыз с.ғ.а-ға. Хира үңгірінде Жебірейіл (с.а.у)-ға алғашқы уахи түсіргенде, ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у)-ның жаны сығылғандығы белгілі.