ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ﷺ ҚАРА ТАНЫМАУЫНЫҢ АСТАРЫНДА НЕНДЕЙ ХИКМЕТ ЖАТЫР?

ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ﷺ ҚАРА ТАНЫМАУЫНЫҢ АСТАРЫНДА НЕНДЕЙ ХИКМЕТ ЖАТЫР?

Пайғамбарымыз уахи келмей тұрып қырық жылын меккеліктермен бірге өткізді. Жақындары оның жастайынан бері тыныс-тіршілігін бес саусақтай білетін. Тіпті Пайғамбарымыз өзге елдерге жасаған сапарларына да жалғыз шықпайтын. Егер жалғыз шыққан болса, дереу ол біреуден сабақалды, білім үйренді, сосын пайғамбар болды деп жала жабулары кәдік еді. Онсыз да қызғаныштыңқырқасынан аса алмайтын кейбіреулер Пайғамбарымыздыңқара танымайтынын біле тұра, қасақана оқу-жазуға жүйрік деп көрсетуге тырысты. Қырсықтық пен іштарлыққа басқан, соқыр сенімнің серкелері «Мұхаммед уахиды өз ойынан шығарып жүр», - деп Аллаға иман етуді ар санайтындары да кездесті.

 

Бөтенніңқаңсығын таңсық көретін енді бірі «Мұхаммед Таурат пен Інжілдің сөзін арабшалап айтып жүр» деп қаралайтын, сондықтан бұл сылтауларын іске асырмау үшін, барлық нәрсені алдын-ала білуші Алла Тағала пайғамбарлықүшін оқу-жазу білмейтін Мұхаммедті таңдады. Құран Кәрімде бұл мәселе: «Сен Құраннан бүрын ешқандай кітап та оқымаған едің, жазу да жазбағансың. Олай болмағанда адасып жүргендер күмәнданар еді»[1] деп баяндайды.

 

Пайғамбарымыз үмми (қара танымаған) еді. Алла Тағала хикметпен оқу-жазуды білмейтін пайғамбар жіберді. Расулулланың өмір сүрген заманы мен ортасында медресе де, кітап та болмаған. Бұл діннің көне мәдениетке негізделіп қүрылуы мүмкін бе? Әрине, жоқ. Онсыз да Меккеде қара танитындардың саны саусақпен санарлыққана еді. Ал егер Пайғамбарымыз ұстаз алдын көрсе, мұндай мағлұмат бізге міндетті түрде жетер еді. Сахабалардың Алла Елшісіне деген махаббатының көрінісін пайғамбарлар тарихы жайындағы кітаптардан кездестіреміз. Кішігірім естеліктердіңөзі үлкен мұқияттылықтың нәтижесінде арада қаншама ғасырлар өтсе де, үрпақтан ұрпаққа жетіп отырған. Ал егер Расулулланыңөз қолымен жазған кез келген хаты болғанда, оның бізге жетпей қалуы мүмкін емес еді. Оның жалғыз ұстазы Алла Тағала екені аян.

 

Пайғамбарымыз Алланың хикметімен үмми болды. Құранды Жәбірейіл періштеден ауызша қабылдап, сахабаларға да ауызша жеткізіп отырды. Маңыздысы, Құран аяттарының жатталып, көкірекке салынып, санамызға сіңуінде болмақ. Сағд ибн Химардың жеткізген бір риуаятында Алла Тағала Пайғамбарымызға : «Шындығында, мен сені сынаймын, (басқаларды да) сенімен сынаққа саламын. Саған сондай кітап түсіремін, оны су да шайып кете алмайды (жүректе жаттаулы сақталады). Сен оны ұйқылы күйде де, ояу күйде де оқисың», — деген, тағы бір хадисте: «Егер Құран бір теріде жазулы болғанда, оны от өртей алмайды, өйткені ол көкіректе жаттаулы түрде сақталған. Тілге жеңіл, жүрекке төреші. Үні мен мағынасы мұғжиза», - делінген, сондықтан болса керек Исламға дейінгі үмбеттер, мұсылмандарды сипаттағанда: «Олардың кітаптары көкіректерінде», деп жаттанды, ми мен санаға сіңген, жүректен орын алған Құранның ақиретке дейін сақталатындығын айтқан[2].

 

Үйрену әлдебір нәрсені білуге деген мұқтаждықтан тумақ. Алла Тагаладан тікелей уахи келгендіктен, Расулулла ілімді бөтен кісіден үйренуге мұқтаж болмады. Әйтпесе, оныңқара танымауын ілімге мән бермеуінен деу ағаттық. Алғашқы аят «Оқы!» - деп басталып, Құранның бірнеше жерінде кітапқа, ондағы жазылғандарға ант етіліп «Білімділер мен білімсіздер тең бе?» - деген салыстырулар түсірілді. Ары-беріден соң, Пайғамбарымыз Бәдір соғысында қолға түскен тұтқындардың сауаттыларын өздерінің сахабаларына сабақүйреттіріп, ақысына бостандық бергізді. «Білім алу мұсылман әйел мен мұсылман ерге міндет», деп сахабаларды білімге қызықтырды.

 

Тереңүңілсек, Пайғамбарымыздың оқу-жазу білмеуі оның пайғамбарлық ерекшелігі. Пайғамбарымыз Алланың хикметімен үмми болды. Өзге философия немесе мәдениеттен әсерленбеген, ойы саф еді. Құран таза кеңілге уахи етілді. Расулулланың «Біз үмми үмбетпіз» деген сөзін де осы жағынан қарастыру керек. Бұл хадис-шәріп сауатсыздықты насихаттаудан аулақ, керісінше, адасқан пәлсапамен санамызды уламауға бұйырады. Сахабаларға да сол кездегі Рим мен Парсы мәдениетінің ықпалы тимеген.

 

Кұранды түсіну үшін өзге еңбектердің көмегіне жүгінуге мұқтаж емес еді. Тарих беттерін парақтасақ, Исламның жік-жікке бөлініп, адасқан ағымдардың шығуы Исламға жат мәдениет пен философияның араласуынан туындады.

 

 

 

 Ummet.kz 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста