Оқыған адамға Алла тағала мол сауап жазатын дұға
Әбу Дәудтің «Сунән» атты хадис жинағындағы бір хадис-шәріпте Пайғамбарымыз (с.а.у.) осы дұға туралы былай деген: «Кімде-кім таңертең және кешке осы дұғаны оқитын болса, оны Өзіне разы ету Алла Тағалаға тиесілі іс болады (яғни, Алла Тағала оған молынан сауап жазады да, ол Аллаға разы болады)». Сондай-ақ, осы дұғаға қатысты Ахмәд ибн Ханбәлдің «Муснәд» атты хадис жинағындағы бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: «Кімде-кім азаншының дауысын естіген кезде осы дұғаны оқыса, күнәлары кешіріледі».
Оқылуы: Радыйиту билләһи Раббә уә бил-Исләәми диинә уә би Мухаммәдин нәбийә.
Мағынасы: Раббы ретінде Аллаға, дін ретінде Исламға және пайғамбар ретінде Мұхаммедке (с.а.у) разы болдым.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу