Өлім келмей тұрып, уақыттың қадірін білсек екен!

Өлім келмей тұрып, уақыттың қадірін білсек екен!
Құрметті, «Алаш айнасы» оқырмандары! Мен де осы бетте жарияланған алуан түрлі оқиғаларды оқи отырып, қолыма қалам алдым. Көңілге қаяу түсірген мына оқиғаны назарларыңызға ұсынғанды жөн көрдім. Қазіргі заман сан алуан әлеуметтік желілердің дамып тұрған кезеңі емес пе?! Қазіргі уақытта Вконтакте, Whatsapp, Instagram секілді желілер көп қолданыста болса, осыдан 1-2 жыл бұрын бұлардың қатарын агент те толықтыратын. Сол агенттің қатысы арқылы мені де куә еткен оқиға осыдан дәл бір жыл бұрын болған еді. Агентке студент кезімде сабақ мәселесі бойынша ғана кіргенім болмаса, көп отырып, достар жинайтын әдетім жоқ болатын. Өзімнің группалас достарыммен сөйлесейін деп Жаңа Жылдан кейінгі демалыс күндердің бірінде агентке кіріп отырғанмын. Кенет бейтаныс адамнан авторизация келді. Әлгі бейтаныс адам менен 4 жас үлкен екен және фамилиясы менің фамилияммен бірдей екен. Фамилиямыз ұқсас болғандықтан, кім болды екен деп қабылдадым. Мүмкін туыс адамдар шығармыз деп сұрап көрдім. Бірақ, оның руы басқа, менің руым басқа екен. Бейтаныс жігітпен сөйлесе келе, әңгіме қызып кетті. Ол өзінің ауруханада жатқандығын, агент дегенге бұрын кіріп көрмегендігін және уақыт өтсін деп досы ашып бергендігін айтты. Оның айтуы бойынша, Жаңа жылдың алдында ғана ауруханаға түсіпті. Өз достары соққыға жығып, ота жасатқан көрінеді. Жағдайының тым ауыр екендігін айтқанда, әлгі жігітке жаным ашып кетті. Жұлынына зақым келіп, екі аяғы ештеңе сезбей қалған көрінеді. Оның сол кездегі халі тым ауыр еді. Өмірге деген құлшынысы да азайып, кейде өлгім келеді дейтін. Өзінің сүйген қызы мен жақын достарының неге мұндай қадамға барғанын еш түсіне алмай, көңіліндегі бар қайғысын маған айтып беретін. Оның айтуы бойынша, ол студент кезінде бір қызды жақсы көріп, бірнеше жылдан бері қыз-жігіт болып жүрген көрінеді. Бірнеше жыл жанында жүрген досы мен сүйген қызының өзін алдап келгенін ол сезбеген екен. Жаңа Жылдың алдынғы күндерінде өзін достары соққыға жығып, жұмысынан да, сүйіктісінен де бір күнде айырылады. Мұндай сөзін естігенде оған рухани және психологиялық көмек керек екенін ұқтым. Адамның өз-өзіне қол жұмсауы ауыр күнә екенін айтып түсіндірдім. Бұл өмірде адамға тек жақсылық жасап өткенге не жетсін?! Көмекке зәру жанға қолымнан келер қайран болмаса да, сөзбен рухани жағынан көмек болсын деп, онымен тек агент арқылы қолым бос кезде сөйлесіп жүрдім. Осы қазақ бауырымыз өмірден күдер үзбей, жазылып, есен-сау өміріне қайта оралса деп қана ойлайтынмын. Біраз күн өткен соң ол қайғысын ұмытқандай болып, мен жайлы да сұрап, басқа да атқарған жұмысы жайлы, ата-анасы, мақсаттары жайлы айта бастады. Мен оған қолымнан келгенше сөзбен көмек болсын деп, аяққа тұрасыз дейтінмін. Сөйтіп екеуміз екі аптадай агенпен сөйлестік. Оның өмірге деген көзқарасы жақсы жағынан өзгере бастады, жазылса жаңа өмір бастаймын дейтін. Аурумын деп қарап жатпай, қолдан шеберлік заттар жасайтын. Өзі ата-анасының жалғыз баласы екен, сондықтан тағы бауырларым болғанда деп қызығып отыратын. Мен де оған қасиетті Құран Кәрімде шипа бар, сүрелерді айтып жүріңіз деп кеңес айтатын едім. Оның да адамзатқа түскен асыл дініміз Исламға деген қызығушылығы оянып, намаз бастаймын деп, Құран сүрелерін жаттап жүрген болатын. Екі апта сөйлесіп жүргеннен кейін, бір күні аяқ асты ол: «Мен шаршап тұрмын, ұйықтаймын. Түнімен кино көріп едім»,- деп, агенттен шығып кетті. Содан кейін онымен сөйлеспедім. Күнде агентке кешке бір рет кіріп ол да қосылып тұр ма деп қарайтынмын. Сөйтіп бір ай өтті. Ол жоқ болып кетті. Мен де агентке кірмейтін болдым. Бір күні жұмыста отырып агентімді қосып қалсам, сол жігіттен хабарлама келіп тұр екен. Бірақ өзі онлайн емес еді. «Саған суық хабар айтпай-ақ қояйын, сен сұрама...» деп жазылып тұрды. Танымайтын, көрмеген адам болса да, ол маған жақын болып кеткендей еді. Хабарламаны оқып, ойыма не келіп, не кетпеді. Ертесі күні кірсем ол онлайн отыр екен. Өзім бірінші амандасып, жағдайын сұрап хабарлама жаздым. Сол кезде оқыған жауаптан үстіме біреу мұздай су құйып жібергендей еді. Агентте отырған оның туыс інісі екен. Інісі оның қайтыс болғандығын айтты. Аяқтары істемей, комаға түсіп, 5 сағаттай ес-түссіз жатыпты. Әкесі баласының жанының қиналғанын көтере алмайды деп, аппараттарды үздірткен көрінеді. Сөйтіп ол 26 жасында өмірден өтіп кете барды. Бір жас үміт, жас шыбық үзіліп түсті. «Неге әкесі күте тұрмады екен?», «Комаға түскен адам әйтеуір бір оянар еді ғой» деп ойлаймын. Бірақ, не десек те, маңдайына жазылған жасы сол ғой. Ажал келсе ешкім қашып құтыла алмайды емес пе?! Қасиетті Құран Кәрімде «Әрбір жан иесі өлімнің дәмін татады» деген аят бар ғой. Демек, қадірлі оқырман, осы оқиғадан көріп отырғандарыңыздай, біз бұл жалған дүниенің қызықтарына алданбай, ахиретімізді басты орынға қоюымыз керек. Кеше ғана алдағы күнге жоспар жасап, жастықпен желкілдеп жүрген бір пенде өмірден өтті. Оған да бір жылдың жүзі толғалы тұр. Онымен бірге тек істеген амалдары ғана кететінін ұмытпасақ екен. Намаз бастауға ниет етіп, қасиетті сүрелерді жаттай бастағанмен, оған үлгермеді. Басымызға таяқ болып тимейінше, ештеңенің байыбына бара бермейтініміз анық. Қартаймай тұрып жастықтық, ауру келмей тұрып денсаулықтың, өлім келмей тұрып уақыттың қадырын білсек екен. Құрметті оқырмандар, қадірлі ата-аналар! Сіздерге айтарым, балаларыңыз асыл дініміз Исламды танып, оған бет бұрса, намаз бастаймын десе, қарсылық көрсетпей, қолдау жасаңыздар. Ата-ананың басты жетістігі – артынан дұға ететін жақсы, иманды ұрпақ қалдыру емес пе?! Бұл оқиғаны көпшілікке сабақ болар деген үмітпен жазып отырмын. «Адам аласы ішінде, мал аласы сыртында» деп қазақта бекер айтпаған ғой. Сондықтан, дос таңдауда да абай болған жөн секілді. Дина, Алматы
Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста