Несібеңнің мол болуын қаласаң, ағайынмен тату бол!

Несібеңнің мол болуын қаласаң, ағайынмен тату бол!

Қазақ халқы туыстық байланысты ерекше бағалайтын ел. Тіпті, туыстық қарым-қатынасты дәл қазақтай сақтайтын ел әлемде кемде-кем. Халқымыздың болмысын басқалардан ерекшелейтін бірден-бір қасиеті осы туыстық байланыс деуге де болады. «Ағайын тату болса ат көп, абысын тату болса ас көп» деп ағайын арасындағы татулықтың сақталуын қоғам бірлігінің басты алғышарты деп қараған.
«Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің, ағайынның қадірін жалалы болғанда білерсің» деп туыстық қатынастың басқа іс түскенде танылатындығын түсінген.
«Ай көрмесең туысың жат, жыл көрмесең жолдасың жат», «Мал қонысын іздейді, ер жігіт туысын іздейді» деп туыстық қатынасты қандай жағдайда да үзіп алмауға, оны қайта жалғап, жандандыруға шақырған.
«Ағайынның азары болса да, безері болмас» деп туыс жаман болса да безінуге болмайтындығын ескерткен.
Туыстық байланысты осылай қадірлеудің бір негізі шариғатта жатыр. Асыл дініміз адамдар арасындағы туыстық қатынастың берік болуын қолдайды, ағайыннан ажырамауға шақырады. Сөзіміз дәлелді болу үшін төменде туыстық байланысқа бекем болуға шақыратын хадистердің бір парасын бердік.
Алланың Елшісі (с.а.с.) бір хадисінде: «Алла үшін ең сүйікті іс – Аллаға иман келтіру, сосын туыстық байланысты сақтау, сосын жақсылыққа үндеп, жамандықтан тыю. Алла үшін ең жаман іс – Аллаға серік қосу, сосын туыстық байланысты үзу», – деген.
Әнес ибн Мәліктен (р.а.) жеткен риуаятта Алла Елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім ырзық-несібесінің молаюын немесе ғұмырының ұзақ болуын қаласа, туыстық байланысын жалғасын», − дейді.
Пайғамбар (с.а.с.) Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта былай дейді: «Шежірелеріңнен туыстық қатынастарыңды жалғайтын нәрселерді үйреніңдер. Шындығында, туыстық қатынасты жалғау әулетке сүйіспеншілік, малға өсім, ғұмырға ұзақтық әкеледі».
Сәһл ибн Мұғаз ибн Әнестен жеткен риуаятта Алла Елшісі (с.а.с.): «Артықшылықтардың ең биігі – қатыспай қойғанмен қатысу, бермегенге беру, өзіңді балағаттағанды кешіру», − дейді.
Абдулла ибн Сәләмнан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың Елшісі (с.а.с.): «Уа, адамдар! Араларыңдан сәлемді таратыңдар, бір-біріңді тамақтандырыңдар, туыстық қатынасты жалғаңдар және адамдар ұйықтап жатқанда намаз оқыңдар! Сонда жұмаққа аман-есен кіресіңдер!» – деген.
Пайғамбар (с.а.с.) тағы бір хадисінде былай дейді: «Міскінге берілген садақа бір садақа, ал туыстық қатынасы бар мұқтажға берген садақа екі садақа: садақа және туыстық қатынас (сауабы)», – деген.
Әбу Аййубтан (р.а.) жеткен риуаятта бір кісі Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: «Мені жұмаққа кіргізетін іс туралы айтшы», – дегенде Пайғамбар (с.а.с.): «Ол – Аллаға еш серік қоспай құлшылық етуің, намаз оқуың, зекет беруің және туыстық байланысты жалғастыруың», – деген.
Алланың Елшісі (с.а.с.) бір хадисінде былай дейді: «Кімде-кім өмірінің ұзаруын, ризығының кеңеюін қаласа, ата-анасына ізгілік жасап, туыстық қатынасын жалғасын».
Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір хадисінде: «Үш адам жәннатқа кірмейді. Олар: арақ ішуші, туыстық байланысты үзуші және сиқырға сенуші», – дейді.
Әнестен (р.а.) жеткен риуаятта Алла Елшісі (с.а.с.): «Бауырыңа ол зұлым болса да, зұлымдыққа ұшыраса да көмек бер», − дейді. Бір кісі: «Уа, Расулалла! Егер қиянат көрсе, көмек берермін. Ал ол зұлым болса қалай көмек беремін?» − деп сұрайды. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): «Оны зұлымдықтан тоқтатасың. Оған көмек етуің солай болады», − деп жауап береді.
muslim.kz
(Түпнұсқадағы тақырыбы: Ағайынның қадірі...)

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста