Нәпсі мен шайтанның азғыруынан қайтып құтылуға болады?

Нәпсі мен шайтанның азғыруынан қайтып құтылуға болады?

Сұрақ: Адамның көкейінде туындайтын ойлар төрт түрлі болатынын естідім: Алладан, Оның періштелерінен, шайтаннан және өз нәпсімізден. Осы жайында толығырақ айтып берсеңіз. Қандай да бір ойдың кімнен келгенін қалай білеміз?

Жауап: Әссәләмуғалейкум уә рахматуллахи уә бәракәтух!
Жалпы айтқанда, адамның басына келетін ойлар төрт түрге бөлінеді:
1. Нұр (фираса) мен Құдайдан келетін түсінік (ильхам) сияқты Алла Тағаланың өз құлдарының жүректеріне салатын ойлар.
2. Періштелерден келетін ойлар (ильхам әл-маляика).
3. Шайтанның уәсуәсі (уәсуәса әш-шайтан).
4. Нәпсіден туындайтын ойлар (уәсуәса ән-нафс).

Фираса – адамның жүрегінде пайда болып, қалған нәрсенің бәрін сәулесімен бүркеп алатын ой пішініндегі нұр. Адам оның көмегімен ақиқатты жалғаннан, руханиды дүнияуидан, шыншыл адамды өтірікшіден ажырата алады. Мұндай ойларды басқа ойлардан бірден айыруға болады, өйткені, оларға кереғар ой болмайды (1).
Ал, періштеден болатын ой мен шайтанның уәсуәсіне келер болсақ, адамның жүрегінде екі үй болады деген дәстүр бар. Оның бірін періште мекен етсе, екіншісін шайтан мекендейді. Періште адамды игі амал жасауға шақырса, шайтан жамандық жасауға итермелейді. Адам Алланы есіне алғанда шайтан кері шегінеді, бірақ, басқа нәрселерге алаңдап кеткенде, шайтан оның қасына барып, күнә жасауға ой салады (2), (3), (4)
Шайтанның уәсуәсі мен нәпсінің уәсуәсінің арасында онша байқала бермейтін айырмашылық бар. Адамды жамандыққа және айналасындағылармен ұрысып-керісуге итермелейтін ойлар әдетте шайтаннан болады. Ондай ойлардан арылудың амалы – Алла Тағаланы еске алып, «Әғузу билләһи минәш шайтани р-роджим» деген сөздерді айтып, Алладан пана тілеу болып табылады. (5), (6).
Жоғарыда айтылғандардан белгілі болғандай, адам Алладан пана тілегенде жамандық жасау жөніндегі ой жоғалса, демек, оның шайтаннан болғаны. Өйткені, оны «әл-ханнас», яғни, «Алланың аты аталғанда кері шегінуші» деп атайды.
Әбу-Хазим (Алла оған рақым етсін) былай деген:
اللَّهُمَّ فَاطِرَ السَّمَوَاتِ وَالأَرْضِ عَالِمَ الغَيْبِ وَالشَّهَادَةِ لاَ إِلَهَ إِلاَّ أَنْتَ رَبَّ كُلِّ شَيْءٍ وَمَلِيكَهُ، أَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ نَفْسِي، وَمِنْ شَرِّ الشَّيْطَانِ وَشِرْكِهِ، وَأَنْ أَقْتَرِفَ عَلَى نَفْسِي سُوءًا أَوْ أَجُرَّهُ إِلَى مُسْلِمٍ

«Өзіңіз қаламайтын [зұлым амалдар] шайтаннан, сол себепті, (олардан) қашып, Алладан пана тілеңіз, ал, өзіңізге ұнайтын [жаман істер] нәпсіден, сол себепті, нәпсіңізге (сол жамандықты жасауға) тыйым салыңыз». [7]
Бұдан шығатын қорытынды, нәпсі белгілі бір нәрселерге бейім болғандықтан, егер адамның бір күнәні қайталап жасай бергісі келетін болса, әдетте ондай ойлар нәпсіден болады. Алайда, егер адамның басына әр түрлі күнә жасау туралы ой келетін болса, ол шайтаннан. Өйткені, ол ең алдымен адамды күнә жасауға итермелегісі келеді, сондықтан, сол адамның қандай күнәні жасауға дайын екенін түсінбейінше, әр түрлі күнәні ойына сала береді.
Сондай-ақ, адам кейбір күнәларды ізгі және сауапты амал деп ойлауы үшін шайтан оларды адамға жақсы ғып көрсетеді. [8] [9]
Адам еріксіз ойына келген нәрселерді жүзеге асырмайынша немесе айтпайынша, олар жаман немесе күнә болып саналмайды. [10]. Ондай ойларға көңіл аудармау керек.
Нәпсі мен шайтанның азғыруынан сақтану үшін күн сайын таңертең және кешкілік төмендегі дұғаны айтып жүрген дұрыс (11):
اللَّهُمَّ فَاطِرَ السَّمَوَاتِ وَالأَرْضِ عَالِمَ الغَيْبِ وَالشَّهَادَةِ لاَ إِلَهَ إِلاَّ أَنْتَ رَبَّ كُلِّ شَيْءٍ وَمَلِيكَهُ، أَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ نَفْسِي، وَمِنْ شَرِّ الشَّيْطَانِ وَشِرْكِهِ، وَأَنْ أَقْتَرِفَ عَلَى نَفْسِي سُوءًا أَوْ أَجُرَّهُ إِلَى مُسْلِمٍ
«Я, Алла, көк пен жерді Жаратушы, жасырын мен жарияны білуші, Сенен өзге құлшылыққа лайық құдай жоқ, бүкіл жаратылыстың Раббысы және Иесі. Мен өзімнің нәпсімнің жамандығынан және де шайтанның зұлымдығы мен оның серік қосуынан қашып, Өзіңнен пана тілеймін (менің өзіме немесе басқа мұсылман адамға зиянын тигізетін нәпсімнің зұлымдығынан қашып, Сенен пана тілеймін).

Сухайл ибн АрифДарул Ифтаа студенті,

Чикаго, АҚШ Мүфти Ибрагим Десаи тексеріп, мақұлдаған
taglym.kz
(Тақырыбы өзгертілген)

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста