НАМАЗДАН КЕЙІНГІ ТӘСБИХТІҢ АБЗАЛДЫҒЫ

НАМАЗДАН КЕЙІНГІ ТӘСБИХТІҢ АБЗАЛДЫҒЫ

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «(Уа, Әбу Разин) зікір тобының мәжілісінен қалма. Жалғыз қалғаныңда шамаң келгенінше Алла Тағаланы тіліңмен зікір ет. Алла үшін жақсы көріп, Алла үшін жек көр!». (Бәйһақи, «Шуғаб ул-Иман»)

 Пайғамбарымызға (с.а.у.) (мұхажирлердің) пақырлары келіп:

 «(Уа, Расулалла!) мал-мүлкі барлар үлкен дәрежелерді, мәңгілік нығметті (мәңгілік нығметке жету бақытын) алып кетті. Біздің оқығанымыз сияқты намаз оқиды, біз сияқты ораза тұтады. Әрі олардың байлығы бар, сол арқылы қажылық жасап, ұмраға барып, жиһад қылады және садақа береді» деді. 

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деді:

 «Сендерге бір нәрсе үйретейін. Сендер оны жасаған кезде сендерден озғандарға жетіп аласыңдар. Сендерден қалып қойғандар еш жете алмайды. Осы топтың ішінде ең қайырлы сендер боласыңдар. Бірақ айнытпай (жаңағы байлар арасында сендерге үйреткенімді айнытпай) жасағандар емес (олар да ең қайырлы болады).

Әр парыз намаздан кейін отыз үш рет тәсбих (Субханаллаһ), тахмид (Әлхамду лилләһ) және тәкбір (Аллаһу әкбар) айтыңдар».

Пақырлар Пайғамбарымыздың (с.а.у.) үйреткенін жасап жүрді. Сөйтіп жасап жүргендерін байларға да үйретті. Байлар да дәл солай жасады. Сахабалардың пақырлары Пайғамбарымызға келіп жағдайды айтып:

 «Біздің мына бауырларымыз біздің жасағанымызды жасап, айтып жүр» дейді. Сонда Алла Расулі (с.а.у.):

«Бұл айтқандарың Алла Тағаланың сый-сияпаты. Қалаған құлына береді. Уа, пақырлар! Мұсылмандардың пақырлары байларынан ақырет күні бойынша жарты күн, яғни бес жүз жыл бұрын жұмаққа кіретіндігі сендерді қуантпай ма?» - деді.

 mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста