Намазда екі сәжденің бірін ұмытып кеткен адам не істейді?

Намазда екі сәжденің бірін ұмытып кеткен адам не істейді?

Сәжде - намаздың ішкі парыздарының бірі болып табылады. Ол – екі сәждеден тұрады. Екі сәжденің екеуін де орындау -парыз[1].

Ендігі жерде, сәжденің бірін ұмытып кеткен жағдайда:

1) Оны жасамағаны рүкуға барғанда есіне түссе, лезде сәждеге барып, әлгі жасамаған бір сәждесін жасайды да, артынша тұрып рүкүғын қайта орындайды. Намаз соңында сәһу сәждесін істейді.

2) Ал, сәждеге барғанда есіне түссе, сәждеден бас көтереді де: «Аллаһу әкбар» деп алдынғы ұмытып кеткен бір сәждесін орындау үшін қайта сәждеге барады. Және артынша одан бұрын жасаған екі сәждесін кайталап жасайды. Намаз соңында сәһу сәждесі керек.

3) Соңғы отырыста «аттахияту» дұғасын оқып жатып есіне түскен адам, сол жерде «Аллаһу әкбәр» деп сәждеге барып ұмытқан бір сәждесін орындайды. Одан соң, аттахияту дұғасын қайтадан оқып, сәһу сәжде жасайды. Кейін қайта «аттахиятуды», «салауат-раббананы» оқып намазын тәмәмдайды.

4) Екі жаққа сәлем бергеннен кейін еске түскен жағдайда, намаз бұзатын артық әрекеттерге бармастан (мысалы, күліп, сөйлеп, дәретін бұзып т.б.), сол отырған күйі бір рет сәжде жасайды. Артынша, қайта аттахиятуды оқып, сәһу сәжде жасалып, әдеттегідей намазды тәмамдайды.

Ескерту:

Сәжденің бірін ұмытқан кісі оны орындауды дәл еске түскен мезетте емес (мысалы, рүкуғда), намаздың соңына да қалдыруына болады[2].

islam.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста