НАМАЗ ОҚЫҒАННЫҢ ҚОЛ ЖЕТКІЗГЕН ЖЕТІСТІКТЕРІ

НАМАЗ ОҚЫҒАННЫҢ ҚОЛ ЖЕТКІЗГЕН ЖЕТІСТІКТЕРІ

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Құл (намаз үшін) тәкбір алғанда, бұл тәкбір (сауабы) көк пен жер арасындағы барлық нәрсені толтырады». (Суюти, «әл-Жәмиғ ус-Сағир»)

Дұрыс, іші мен сырты таза және тәртібіне сай намаз оқығанның бейнамаз күйі мен намаз оқып жүргендегі күйін салыстырсаң намаз оқығандағы мінезінің жақсарғанын байқайсың. Анкабут сүресінің «... Әлбетте (нағыз) намаз арсыздық пен мүнкәрдан (ақыл мен дінге жат нәрселерден) тыяды...» - деген мағынадағы 45-аяты осы ақиқатты айтып жатыр.

Намаз оқыған кісінің өмірде ең азы төрт жетістігі бар:

- Біріншісі тазалық,

- Екіншісі жүректің жақсаруы,

- Үшіншісі уақытының тәртібі,

- Төртіншісі қоғамның дұрысталуы.

Намаздың ұлы пайдаларын есептеу мүмкін емес.

Бірақ төменгі пайдалары – тәкәппарлықты тастау, бауырластыққа ұмтылу, Алла разылығы үшін іс жасауға үйрену.

Сондықтан намазда мүмкіндігінше әдемі әрі таза киім киіп, менмендікке себеп болған бұл күйінің қаншама айыпқа толы екендігін ойлап, жүзін яғни маңдайы мен мұрнын жерге қойып, иман еткен Алланың құзырында жүрегіндегі тәкәппарлық пен өзімшілдікті жойып, қайта-қайта сәждеге бару өте маңызды негіз.

Намазда, әсіресе сәжденің тәкәппарлыққа қарсы әсерінен тәкәппарлар көбіне намаздың сәждесіне қарсы шығады. Сондай әдемі киіммен маңдайын Алла ризасы үшін жерге қою олардың тамырында кезіп жүрген менмендігіне қатты тиеді. Аят кәрімде (мағынасы): «...Және намаз шәксіз ауыр іс. Бірақ Хақтан қорыққандарға жеңіл» (Бақара сүресі, 45-аят) делінген.

Олар әдемі киім мен маңдайдың Алланың сыйы екенін қайдан ұқсын. Уақыт келгенде ол майлы маңдайлар топыраққа араласады. Сондықтан ол топыраққа, ол жерлерге топырақ және жер болғандығы үшін емес Жаратушысы Алла Тағаланың жоғарылық және ұлылығына сәжде жасап өзімшілдік пен тәкәппарлықтан арылып, Алланың құлдарымен бауырлас өмір сүру үшін олардың арасына кірудің ұлы міндет екенін ұмытпау керек.

mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста