Мұсылмандарға қоюға тыйым салынған есімдер
Дінімізде балаға бірқатар есімді қоюға тыйым салынған.
Құл деген мағынаны білдіретін "абд" сөзін Алланың есімі мен сипаттарынан басқа атауларға тіркеу арқылы жасалынған есімдерге тыйым салынады. Мысалы, Абдулузза – "Уззаның құлы", Абдулқағба – "Қағбаның құлы", Абдуннәби – "Пайғамбардың құлы", Абдуррасул – "елшінің құлы" тағы басқа.
Алланың елшісі "Динардың құлы оңбасын, дирхемнің құлы оңбасын, өкшенің құлы оңбасын, матаның құлы оңбасын" — деген.
Сонымен бірге, Алла Тағаланың көркем есімдерін сол қалпында балаға қоюға болмайды. Мысалы, Алла, ар-Рахман, әл-Халиқ, ас-Самад, ар-Разиқ, әл-Ахад, әл-Бәрии, Раббы деген сияқты.
Жын-шайтандардың, кәпірлердің, дінсіздердің көсемдерінің аттары, дінсіз идеологияға байланысты есімдерді қоймаған дұрыс. Ібіліс, Ифрит, Перғауын, һаман, Жалұт, Әжүж, Мәжүж, Цезарь, Ленин, Сталин, Маркс, Тельман, Энгельс, Дарвин, Коммуна, Партия тағы басқалары.
Сондай-ақ "Патшалардың патшасы", "Әкімдердің әкімі", "Сұлтандардың сұлтаны" деген мағыналарды білдіретін есімдер. Әбу Һурайрадан жеткен риуаятта Пайғамбар (с.ғ.с.) "Алланың алдында есімдердің ең нашасы "Патшалардың патшасы", — деген.
Әбу Һурайрадан жеткен хадисте Алланың елшісі "Қиямет күні Алланың ашуын тудыратын, ең нақұрыс адам "Билік-мүліктің патшасы" деп аталатын адам. Бүкіл билік тек Аллаға ғана тән", — деген, деп жазады kazislam.kz.