МҮМІННІҢ ЖАН ТАПСЫРУЫ

МҮМІННІҢ ЖАН ТАПСЫРУЫ

 Әрбір жан иесі өлімнің дәмін татушы екендігі ақиқат. Мұсылман пенде үшін мұсылман болған халде жан тапсыру мәңгілік бақытқа қауыштырады. Бұл туралы Құранда Алла Тағала:

«Әрбір жан иесі өлімнің дәмін татушы» (Әли Имран,185),

- деп ескертсе, тағы бір аятта:

«Мұсылман болған халіңде өл» (Әли Имран, 102), - деп бұйырады.

Пенденің өмірінің соңғы сәті Алла Тағалаға ұнамды болған, Алланың ашуынан алыстататын, күнәларынан тәубесімен тазарған халінде, ізгі амалдарға бет бұрған сәтінде болса, бұл мұсылман пенде үшін өмірін жақсы аяқтағандығына дәлел болмақ.

Сахл ибн Сағдтан жеткен хадисте Пайғамбарымыз ﷺ былай дейді: «Шындығында пенде тозақтықтардың амалын жасап келеді, бірақ ол жәннатқа кірушілерден еді. Ал тағы бір адам жәннаттықтарың амалын жасап жүріп, бірақ тозаққа кірушілерден болады. Шындығында амалдар ең соңғысымен байланысты». (Бұхари, 6117)

Абдулла ибн Масғұдтан жеткен хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Сендердің біреулерің жәннаттықтардың амалын жасап жүреді де, онымен жәннаттың арасы бір зирағ (өмірінің аяқталуына аз бір уақыттар қалғанда) оған тағдырындағы жазылғаны озып, тозақтықтардың бір амалын жасайды да, тозаққа кіреді. Ал енді біреулерің тозақтықтардың амалын жасап жүреді де, онымен тозақтың арасы бір зирағ (өмірінің аяқталуына аз бір уақыттар қалғанда) оған тағдырындағы жазылғаны озып, жәннаттықтардың бір амалын жасайды да, жәннатқа кіреді», - деген.

Мұсылман пенде Алланың ризашылығына қауыштыратын өліммен қауышуы үшін сана-сезімі Алла Тағаланы Ұлы Құдірет Иесі екендігін, кемелдік пен кешірімділіктің Иесі екендігін, барша кемшіліктерден Пәк ұлық сипаттармен сипатталатындығына нық сенімде болуымен бірге, исламның тірегі Алла Тағалаға жақындататын парыз амалдарға берік болып, сүйікті Пайғамбарымыздың ﷺ жолымен жүріп, Оның ﷺ сүннетіне бекемділік танытуы, Құран мен хадис қайтарған барлық жаман амалдардан аулақ болуы ләзім. Мұсылман пенденің жақсы өлім сәтімен қауышуын Алла Тағала Құранда былай деп сүйіншілейді:

«Шындығында Раббымыз Алла Тағала деп иман келтіріп, содан соң (амалдарында) берік болғандарға (өлім сәтінде періштелер түсіп) қорықпаңдар, қайғырмаңдар, Алланың сендерге уәде етілген жәннаты арқылы қуаанышқа бөленіңдер» (Фуссилат, 30).

Өлімнің жетуі кәпір мен мұнафиқ үшін орны толмас қайғы болса, мұсылман үшін жағымды, жақсы хабар. Өйткені шынайы Алланың құлдары бұл пәни дүниеден өткер шағында періштелердің жәннатпен сүйіншілеуімен бір қуанса, екінші қуанышы Раббысымен тезірек жолығуға ынтызар болады.

Убада ибн Самиттен жеткен хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Кімде-кім Алламен жолығуды жақсы көрсе, Алла да онымен жолығуды жақсы көреді. Ал кімде-кім Алламен жолығуды ұнатпаса, Алла да онымен жолығуды ұнатпайды», - дейді. Мұны естіген Пайғамбарымыздың ﷺ жұбайларының бірі немесе Айша анамыз: «Расында біз өлімді ұнатпаймыз ғой», - деді. Сонда Пайғамбарымыз ﷺ: «Олай емес, расында мүмін пендеге өлім жеткенде ол Алланың оған деген разылығымен және ардақтауымен сүйіншіленеді де, ол үшін оның алдында күтіп тұрған нәрселерден ең сүйіктісі Алламен жолығу болады. Сөйтіп ол пенде Алламен жолығуды қатты жақсы көреді. Ал шындығында кәпірге өлім таянғанда ол Алланың оған деген азабымен, жазасымен сүйіншіленеді де, ол үшін оның алдында күтіп тұрған нәрселерден ең жеккөрініштісі Алламен жолығу болады. Сөйтіп, ол Алламен жолығуды жек көреді де, Алла да онымен жолығуды ұнатпайды». (Бұхари, китабу Риқақ, 6142).

Иман келтірген пенде үшін өмірді жақсы аяқтаудың белгілері көп. Соның бірнешеуіне тоқталайық:

Өлім сәтінде тәухид сөзін, яғни кәлимаи-шәһәдаты («лә иләһә илаллаһ...») айтып қайтыс болуы. Муаз ибн Жәбәлдан жеткен хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Кімнің ең соңғы сөзі «Лә иләһә илаллаһ...» кәлимасы болса, ол адам жәннатқа кіреді», - деген. (Әбу Дәуіт, Хаким)

Сондай-ақ Пайғамбарымыз ﷺ Әбу Сағид әл-Худиден жеткен хадисте: «Өлім сәтінде жатқан пендеге «Лә иләһә илаллаһ» деп есіне салыңдар» деп бұйырған.

Жан тәсілім етіп жатқан адамның маңдайынан тер шығуы. Бұрайда ибн әл-Хасиб Пайғамбарымыздан ﷺ: «Мүмінніңөлімі – маңдайынан тердің шығуы», - деп айтқанын жеткізеді. (Имам Ахмад Муснады)

Жұманың түнінде немесе күнінде қайтыс болуы. Абдулла ибн Омардан жеткен хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Қайсыбір мұсылман жұманың түні немесе күнінде қайтыс болса, Алла оны қабір азабынан сақтайды», - деген. (Термизи, Жаназа кітабы, 1474)

Алла жолында жиһадта жараланып, соғыс майданында немесе алған жарақатынан еліне қайтқаннан кейін де қайтыс болуы. Алла тағала Құранда:

«Алла жолында өлгендерді өлді демеңдер. Бәлкім, олар тірі. Сендер сезбейсіңдер», - дейді. (Бақара, 154)

Пайғамбарымыз ﷺ Жәбир ибн Атиктен жеткен хадисте: «Алла жолында жан тапсырған адам - шаһид», - деген.

Оба ауруынан қайтыс болу. Әнәс ибн Мәликтен жеткен хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Оба ауруынан қаза тапқан адам – шәһид», - деген.

Іш ауруынан өлген адам. Әбу Һурайрадан (р.а) жеткен хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Іш ауруынан қайтыс болған адам – шәһид», - дегенін жекізеді.

Суға батып қайтыс болу. Әнәс ибн Мәликтен жеткен хадисте Пайғамбарымыз ﷺ былай дейді: «Оба ауруы, іш ауруы, суға батып өлген адам және бұзылған нәрсенің астында қалып өлген адам – шәһид».

Өртте қалып қайтыс болуы. Жәбир ибн Атиктен жеткен хадисте Пайғамбарымыз ﷺ:«Өрттен өлген адам - шәһид», - дегенін жекізеді. Туберкулез ауруынан қайтыс болған адам.

Шекараны қорғап тұрып қайтыс болған адам. Яғни бір елдің құрлықтағы не теңіздегі шекарасын қорғап тұрып қайтыс болуы. Пайғамбарымыз ﷺ былай деген: «Бір күн не бір түн шекараны қорғау бір ай оқылған нәпіл намаздан артық, егер сол хәлінде қаза болса, амалы тоқтамай жазылып тұрады, ризығының жетіп тұруымен бірге азаптан аман болады». (Имам Муслим)

Ізгі амал істеп жатқан кезде қайтыс болуы. Имам Ахмадтың Муснадында келген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Кімде-кім шын жүрегімен «Лә иләһә илаллаһ» деп айтса, оны түбі бір жәннатқа кіргізеді, кімде-кім садақа беретін болса, Алла тағала оны жәннатқа кіргізеді», - деген.

Әйел жүкті кезінде немесе босанып болған кезде нифас уақыттарының ішінде босануына байланысты қандай да бір себеппен қайтыс болса – шәһид болады. Убада ибн Самиттен жеткен хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Әйел адам босанғанына байланысты қайтыс болатын болса – шәһид», - деген. (Имам Ахмад Муснады)

Өзінің жанұясын, ар-ожданын, мал-мүлкін қорғап қайтыс болуы. Дінін қорғап қайтыс болуы. Сағид ибн Зәйдтен жеткен хадисте Пайғамбарымыз ﷺ:«Кімде-кім өзін, жанұясын, мал-мүлкін, дінін қорғау жолында қайтыс болса - шәһид», - деген.

Пайғамбарымызбен ﷺ қолына қылыш алып қаншама соғыстарда болған саңлақ сахабаларымызды Алла Тағала Құранда, Пайғамбарымыз ﷺ хадистерінде олардың жәннаттық екендігімен сүйіншілеуі көңілге күдік ұялатпайды. Әйтсе де, жоғарыда аталған белгілермен өлген адамдарды жәннаттық деп кесіп үкім бере алмаймыз. Ол Алланың қалауындағы ғайып істерден. Бірақ пенде иман келтіргеннен кейін маңызды болған нәрсе – амалдарында берік болу. Өйткені Пайғамбарымыз ﷺ мұсылман адамды иман келтіргеннен кейін амалдарына берік болуға бұйырған. Адам өзін күнәлі істерден алшақ ұстап, өлімді ұмыттыратын ұзақ дүниелік мақсаттар құрмай, Аллаға деген итағатқа берік болуы – Алладан қорыққандығының белгісі болмақ. Құранда Аллаһ тағала:

«Кім Алладан қорқатын болса, Алла тағала істерінде жеңілдік береді», - деген.

Алла тағаладан жүректерімізді харам нәрселерден алыстатып, жүрегімізді, тілімізді, дене мүшелерімізді Алла Тағаланың бұйрықтарында берік әрі ықыласты құлдарының қатарынан болуды, хадисте айтылғандай соңғы амалдарымызды Аллаға ұнамды болған амалдармен аяқтауды тілейміз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста