Мәдинаның әдебі

Мәдинаның әдебі

Таяуда бір ғалым уағызында мына оқиғаны айтты: «Бір жігіт Мәдинаға умраға барғысы келіп, анасынан рұқсат сұрайды. Анасы: «Егер, маған Мәдинада дәретке бармаймын деп уәде берсең ғана, рұқсат беремін», – депті.

 

Әлгі жігіт Пайғамбарымыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) қаласында екі-үш күн қалады. Осы күндер ішінде, оны жерлес адамдар қонаққа шақырады. Тамақ пісіріп, мол дастархан жайып, қонақ етеді.

 

Бірақ әлгі жігіт дастарханға қолын да созбайды. Сонда ас иелері: «Бауырым, неге ас алмайсың? Әлде асымыз ұнамады ма?» – деп сұрайды.

 

Жігіт:

 

– Жоқ, ағалар. Қате түсінбеңіздер. Мен анама бұл қалада түзге отырмаймын деп уәде берген едім. Ал егер қазір ас алсам, не су ішсем, түзге барғым келеді. Сіздерге мың да бір алғыс», – деп жауап беріпті.

 

Расында, мұндай тақуалық амалды екінің бірі жасай алмайды. Сондай-ақ, шариғат та оны талап етпейді. Бірақ, Пайғамбарымызға (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) және оның қаласына деген құрмет әрбір мұсылманда болуы керек.

 

Құран Кәрімде: «Әй мүміндер! Дауыстарыңды Пайғамбардың дауысының үстіне көтермеңдер. Өзара бір–біріңе дауыстағандай Пайғамбарға дабырлап сөйлеспеңдер. Амалдарың жойылып, аңғармай қаласыңдар», – деп бұйырылған. (Хужурат: 2)

 

Яғни, бұл аяттың түсуіне сол кезеңдегі оқиғалар себеп болса да, оның үкімі жалғасады.

 

Сондықтан Мәдина қаласында қонақ үйде, көшеде, дүкенде, көлікте жүргенде және әсіресе Пайғамбарымыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) мешітінде дауыс көтеріп, әдепсіз мінез-құлық көрсетуге болмайды.

 

Себебі, қазіргі кезде кейбір умрашылар мешіттің ішінде, Расулулланың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) қабірі жанында, ұялы телефондары арқылы тікелей эфирге қосылып, дауыстап сәлем айтып, видео, фотоға түсуге асығады.

 

Ал негізінде сәлемді дауыстап айтпасақ та, Расулалла (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) естиді. Өйткені, хадисте: «Қай жерде болсаңдар да, маған салауат айтыңдар. Расымен, айтқан салауаттарың маған жетеді», – деп келген. (Бұхари)

 

Сондықтан осындай әдепсіз амалдардан сақ болуымыз қажет, – деп айтқандай, Алла баршамызға шариғатқа сәйкес зиярат жасауға жазсын!

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста