Күн батқаннан кейін Құран оқыса бола ма?
Исламда Құран күндіз немесе кеш мезгілінде оқылуы тиіс деп уақыт шектелмейді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Kazislam.kz-ке сілтеме жасап.
Әбу Умама «Алла елшісінің (с.ғ.с.):
«Құран оқыңдар, өйткені Құран қиямет күні (Құран) оқығандарға шапағатшы болады», – деп айтқанын естідім», – деген (Мүслим).
Исламда Құран күндіз немесе кеш мезгілінде оқылуы тиіс деп уақыт шектелмейді. Адам қалаған уақытында Құран оқи алады.
Мысалы, күн батқаннан кейін оқылатын шам намазы немесе құптан намаздарында Құран аяттары оқылады.
Сағд ибн Әбу Уаққас (Алла оған разы болсын):
«Кім Құранды күндіз тәмамдаса, оған періштелер кеш батқанша салауат айтады. Кім Құранды кешке тәмамдаса, оған періштелер таң атқанша салауат айтады», – деп айтқан.
Риуаятқа сәйкес, Құран кеш мезгілінде де оқылады деген сөз.
Бастысы Құран оқушы кеш мезгілінде Құранды дауыстап оқитын болса, демалып жатқан үй иелеріне немесе қасындағы достарына дем алуларына кедергі жасамауды естен шығармауы тиіс.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz