"Коронавирус Құдайдың жерге жіберген жазасы ма": Ресейлік имам жауап берді
Тележүргізуші Динара Сатжан Instagram желісінде Ресейдегі Мәскеу мемориалдық мешітінің имамы Шамиль Аляутдиновпен тікелей эфир жүргізіп, коронавирусты Құдайдың жазасы деп жүргендерге жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Динара Сәтжан ресейлік имамнан вакцинаға қарсы адамдар коронавирусты Құдайдың жазасы деп сипаттап жүр, яғни қарсы тұра алмаймыз деп айтады. Бұған не дейсіз” деп сұрады.
Оның айтуынша, Құранда және хадистерде "өзіңізді өз қолыңызбен өлімге тастамаңыз" деп айтылған. Яғни, қандай да бір қауіптен сақтана білу керек.
“Хадистерде: "емделіңіз" делінген. Біз емделуге, зиянды дүниеге қарсы тұруға міндеттіміз. Қандай жағдай болмасын, Құран мен хадисте адамға әрекет тән, бірақ ол әрекет қирататын болмауы керек. Құранда анық айтылған: "Игі істе бір-бірлеріңе көмектесіңдер, бірақ күнә мен қастықта емес", - дейді. Біздің қазір басымыздан өткеріп жатқан жағдай жаза емес, сынақ", - деді ресейлік имам.
Аляутдинов жаратушы өмір мен өлімді адамдардың қайсысы жақсылыққа бейім екенін сынау үшін жаратқанын айтады.
"Яғни, біз әрекет етуіміз керек. Тіпті жануардың өзі қауіп төнсе, шамасы келгенше жауап береді. Ал біз жасампаздықпен әрекет етуіміз керек. Дұрыс түсіндіру керек. Ислам бойынша хадистерде алдағы күн туралы жаман белгілер жоқ деп нақты айтылған", - деді Шамиль Аляутдинов.
Сондай-ақ, имаммен ислам іліміндегі вакцинация тақырыбы талқыланды.
"Арамызда антиваксерлер жүр, ішінде дәрігер де бар. Үнемі адамдар арасында күмән сеуіп жүреді. Исламда жалған ақпарат тарату күнә ме", - деп сұрады Динара Сәтжан.
"Жала жабу – исламда ең зиянды қасиеттердің бірі. Хадисте өтірікші адамның діни сенім иесі бола алатыны айтылған. 6 аяттың 49 сүресін бойынша, сізге репутациясы түсініксіз, күнәһар адам келсе және қандай да бір жағдайға, адамдарға деген көзқарасыңызды жағымсыз жаққа өзгерте алатын мәлімет берсе, бұл жағдайды ашып, мәнін түсінуіңіз керек. Яғни, мән-жайды айқындау керек. Егер асығыс қорытынды жасасаңыз, біреуге зиян келтіріп, соңында өкініп қалуыңыз мүмкін", - деп түсіндірді имам.
Имамның айтуынша, исламда кез-келген жағдайда қандай-да бір түрде өтірік айтуға жол берілмеуі керек және ол күнә болып саналады.
"Құранда адам білім алып, бірақ оны қолданбаса, яғни, миын іске қоспаса, пайдалы білімді зерттемесе, ол есекке ұқсайды деп айтылады. Қазіргі таңда түрлі пікірлер бар. Соның бәрін оқыңыз, қорытынды жасаңыз. Бірақ біреуді қорлаудың және кемсітудің қажеті жоқ. Бұл төмен деңгейге түсу", - деді Шамиль Аляутдинов.