Исламға келушілердің жолын бөгеп тұрған кімдер?

Исламға келушілердің жолын бөгеп тұрған кімдер?

Исламға келушілердің жолын бөгеп тұрған ең басты нәрсе жалған ақпараттардың ағыны. Шегені тамға ұрған сайын күшейетіні сияқты адам қолымен жасалған кедергілер, жалған ақпараттар еш қандай күште ақиқи ислам дінін бөгей алмайды. Себебі бірге бірді қосса екі болатыны сияқты ақиқат біреу. Сол ақиқатқа келуге кедергі болып отырған факторларды төменде сараптаймыз.
Біздің көзіміз сау әрі өткір көретіндігі пайда бермейді, егерде күн қараңғы болса. Себебі, Күннің нұры, Айдың жарығы арқылы төңіректі көріп, жарық дүниенің барлығынан ләззат алып, өмір сүреміз. Сол сияқты біз өзіміздегі ақыл мен сана арқылы еш нәрсені сезіп біле алмаймыз. Құран мен сүннет арқылы ғана ақыл мен санамыз жарықтанып, Алланың ақиқатын көре аламыз. Ол болмаса біз тас қараңғыдағы адасқан адам сияқтымыз. Демек ілім ол – нұр. Ғылым – рухани жарық. Білімнің мақсаты пендені байлық пен мансапқа жеткізу емес, керісінше иманы саламат кәміл адамиятқа көтеру. Себебі рухани сәуле сіңген кеудеде қараңғылық тұрақтамайды. Ғылымның басталуы надандықты қашыру болса, ақырғы сипаты кірсіз жүрекке айналу. Демек, сол ғылымды түсінген адам өзіне де, халыққа да опа жасайды. Олардың басын қатырмайды....
Сөзіміздің әлқисасы ретінде бүгінде ислам дінінің жаһанданудың зарлы дауысын қақ жарып, адам баласына арналаған үміт пен бақыттың жалауын желбіретіп, тоқтаусыз ұшқыр ағысымен алға тартып келе жатқанын көзіміз көрді. Ең бір маңыздылығы исламнан басқа таухидқа шақыратын бір дін бар ма? Жоқ... Бұл күнде христиандық діннен тек сәулет ескерткіші, юдаизмнан сионизмның қалпағын кигені болмаса басқа ештеме қалмады... Ислам кез-келген қарсылықтарға төтеп бере алатын әрі тоқтаусыз даму үстіндегі болашақтың діні екенін көрсетті... Себебі Алланың алдында қабыл болатын дін ислам болғандығында!..
Исламнан сырт бақыт іздеген адам ешқашан бақыт таба алмайды. Сол бақыт пен шексіз нығметтерге жеткізетін ислам дініне келетіндер туралы пікірлеп(ой жүгіртіп) көрейік. Біздің қоғам 20 ғасырда ашық құдай жоқ деп қарсы шыққан, шектен шыққан Ленин мен Маркстың ғасырға жуық илеуінен иі қанып шыққан халық болатын. Соның кесірінен айықпас ауыр дертке шалдыққан қауым. Бұл қауымды көрегендікпен емдеу керек. Оған бірден анти вакцина емес, дене қуатын көтеретін табиғи өніммен емдеу керек. Ауырудың жазылуына біз асықпай, сол адамға көркем түрде насихат беріп, шынайы мейірімділік көрсетуіміз маңызды. Тіс ауырып келген адамға неге ауырасың деп жақтан бір салып құлатпаймыз ғой, сол сияқты біздің бүгінгі қоғамда уағызды қатты әрі қара байыр жолмен жүргізетін адамдар өте көп...Даналықпен жүргізетін кісілердің қатары саусақпен санарлық... Хикметпен орнына қоя алмағандықтан дертті емдегені былай тұрсын, одан армен асқындыруда... Шектен шығып, өзін құдаймын деп жариялаған Перғауынмен сөйлесетін кезде Алла тағала Мұсаға көркем түрде сөйлес деп хабар береді. Адам айтқысыз зұлымдыққа барған Ферғауын туралы, бүкіл әлемнің раббысы солай айтқанда, басқа адаммен қалай сөйлесу керек екенін айтудың қажеті бола қоймас...
Ғасырға жуық құдай жоқ деген коммунистік жүйе мен атеистік қоғамның кесірінен бүкіл қауым есінен айырылды. Таза мөлдір ілім лайланды. Мыңдаған жылдар бойы жалғасып келе жатқан ислам дінінің бұлағынан ішуден тежеді. Мыңдаған парасат көкжиегінде жүрген даналар сөзі жойылып, құранға қарсы шықты. Құлдық пен тексіздікке насихаттаған кремль мінбері рухани сананы талқандап, дегеніне жетті. Осындай алмағайып кезеңнің абақтысынан 21 ғасырдың қарсаңында босаған халық, тәуелсіздікке ақыры жетті. Рухани жақтан адам баласында болмаған шөлге ұшыраған халық, жылтырағанның бәрін су екен деп іше берді. Жарқырағанның бәрін дін деп қабылдай берді. Бұл тақырыпты кейінірек қарастыратын боламыз... Дәл осындай кезде басқа діндерді айтпағанда ислам дініне кедергі болып отырған жайлар аз емес...Ол дінге келушілердің саяздығынан болса, енді бірі даналықсыз қатып қалған топтардың кері бақпалығынан.
Осы ой ағысында Исламға алғаш келетін екі түрлі топтың елеулі жақтарын айта кеткім келеді. Бұл шынында біздің өмір сүріп отырған ортада белең алып келе жатқан ауыр мәселе. Біріншісі, ілімсіз жастар біреулердің уағызымен еріп келушілер. Алла тағаланың «ілімсіз еш нәрсенің соңына түспеңдер» деген аяты бар. Олай болса олардың бәрінің жүрегінде иманның дәнегі бар болғанымен пайда бермейді... Үйткені ілім – Нұр! Туралыққа бастайтын жарық... Білмеген у ішеді дегендей, олар Сопылық па, Такбир ме, Таблиқ па, Гүленші ме, Нұршы ма, Сұлаймәншы ма? Білмейді. Көзсіз ере береді. Ислам діні осы екен деп қабылдай береді... Олардың бәрі құран мен сүннеттеміз деп, өзіне шақырады. Демек, ақлы сүнна жамағаты бойынша Аллаға шақырмай өзіне шақырса бұл адасушылыққа немесе сектаға жатады. Қаншама жолдар бар, соның ішінде бір ғана жол Аллаға бастап барады деген пайғамбарымызға жеткен хабарлар бар...
Сол жастарда ілім болмағаннан кейін түрлі ағаттықтарға жол береді. Тісі шықпаған балаға сүйек мүжіткен сияқты оның былайғы өміріне қатер төндіреді. Машина білмейтін адамға рөлді берсе қатерлі бағыттарға ұрады. Жастық өмір өткір қылыш сияқты жақсылыққа пайдалансаң жақсы, жамандыққа пайдалансаң үрейлі істерге айналады. Оларға тәрбие ілімі сүннет бойынша берілмегендіктен қаталдықтың ұшқыны байқала бастайды. Құрандағы 114 сүренің 113 сүресіндегі «Аса рахымды әрі мейірімді Алланың атымен» деген ұлы сөздің астарына үңілмейді. Дін деген қатып қалған заң, уағызды біреуге ұрсып айту екен деп түсінеді. Шынайы ғалымдарды жамандап, өзін көрсеткен.
Күн бізге жарық пен жылу бергені үшін – Күн!.. Болмаса күннен мыңдаған есе үлкен жұлдыздар бар. Біз үшін оның маңызы шамалы. Демек, біз туралық пен жарыққа мұқтажбыз. Басында айтқанымыздай екінші топ, исламның мейірім екенін түсінбей қатты кеткендер... Олардың беті бері қарауы қиын... Себебі тек өзінің бағытын ең тура жол деп түсініп, уақыт пен ортаға тән даналық керек екенін ойланбай өз сөзі мен ұстанымына қатып қалатындары. Оларға қанша айт, құраннан дәлел келтір мойындамайды... Аяттардың кері тәпсірін қабылдайды. Қаттылықты тамақ ішу сияқты кіші нәрседен бастайды... Дін туралы сауатын ашпай жатып, оның сыртындағы бірдемелерге жабысып қалады. Сүйтіп, діннің басын аяғына қайырып айтады. Дінге келмеген адамға екі әйел алу туралы насихат айтып, болмайтын бірдеңелер туралы талас тудырады. Киім туралы айтады, сүннетке бекем боламыз деп көбінде қарсы келіп қалады. Мейрімділіктің орнына қаталдық үстемдік құра бастайды. Әйтеуір діннің өзіндік сипатынан айырып, қасаң қағидаларға жамағатты байлайды...
Пайғамбар (с.а.у) алғашқы 13 жылын көп әйел алу туралы, тамақ ішу туралы, бас киім кию туралы шақырды ма? Ал, біздегілер ше? Ілім мен хикмет болмағандықтан исламның өркендеуіне кері ықпал етіп келеді. Оларды бір сөзбен айтқанда исламға ауыр зияны тиіп тұр. Біздің дәуірді пайғамбарымыз тұсындағы діннің алғашқы кезеңі болмасада соған жақын деуге болады. Себебі ғасырға жуық «құдай жоқ» деп адамдарды улап, рухани кедейлік пен қараңғылыққа апарды... Сондықтан бізде де бір ғана Аллаға иман келтіру туралы айтуымыз маңызды. Таухидты айтып тақылда ма, шерікті айтып шиқылда ма деп жүргендер алдымен түсінуі керек. Пайғамбарымыздың (с.а.у) айтқанындай құлшылыққа лайықты бір ғана Алладан басқа еш бір құдайдың жоқ екенін терең жанымен сезінуі керек. Әрқандай нәрсе бірден басталады. Бірді бүкіл саннан алып тастаса миллиард болса да бәрі бір қате шығады. Себебі бүкіл жаратылыстың есебі бір ғана Аллаға тәуелді болып тұр... Сондықтан таухид өмірдің мазмұны, мағынасы. Ислам деген бір Алладан басқа құлшылық қылуға лайық еш тәңірдің жоқтығына иман келтіру. Мұны білмеген адамның қанша сұрапыл білімі болса да бәрі бір – Нөлге тең. Жәбірейіл періштенің Пайғамбарға (с.а.у) келуі соның дәлелі. Аллаға серік қосудан артық зұлымдық жоқтығын пайғамбарымызға жеткен көптеген хабарлар мен құран аяттарынан белгілі.
Сөзімізді қорыта айтқанда, ойымызды сараптағанда, екі тұрлы топтардың исламдағы өте ағат жағдайлары туралы айттық. Жастар жөнінен бірінші исламнан ілім үйренуі әрі бұл жолда сабырлылық пен асықпау керек екенін түсіну. Тісі шықпаған балаға қатты сүйекті бермеуіміз сияқты, машинаны білетін адам жүргізу керек екенін білу. Бірінші басқыштан бесінші басқышқа секіретін болсақ белімізді сындырамыз. Сондықтан асықпауымыз керек. Ал, екінші топтағы кісілер жастары үлкен-кіші аралас болып, бұл кісілерге ем қонудан кетіңкірегендер. Даналықтың жоқтығынан тәкаппарлыққа ұрынғандар. Исламның мән – мағынасын түсінбегендер. Бұлар шынында исламның өркендеуіне ауыр кесірін тигізіп отырғандар. Пайғамбардың с.а.у-дың ұлы сүннеттерінің жұмсақтық пен мейірімділік екенін түсінбегендер.
Түйіндеп айтқанда, елімізде исламға еркіндік беріп өркендеуіне мүмкіндік берілді. Осы мүмкіндік кезінде жоғарыдағы исламға ауыр, ауыртпалық келтіріп отырған істердің бағытын пікірледік. Ендігі мәселе исламды өзіндік жүйемен жаңа сапамен дамуы үшін бағдар шамды дұрыстау. Исламның дамуын әр түрлі уағызшылар мен имамдарға артып қоймай мемлекеттік құзырлы орындар арқылы дін сабағын оқытатын 3 айлық, 6 айлық курстар ашылуы керек. Бұған көпте қаржы кетпейді. Осы бағытта мемлекет бойынша аудан, облыс, қаладан бастау алса өте орынды болар еді. Демек, діндегі келіспеушіліктер бірте-бірте орнына келер еді.
Ғасырға жуық дерттенген халықтың халы белгілі... Батпандап кірген дерт, мысқалдап шығады дейді қазақ. Ислами ағарту жұмыстары айықтырады бәрінен. Көрден төрге, шыңыраудан шыңға сүйрейді. Иман –кедейлік пен қараңғылықтың талқанын шығарып жоқ етіп, нұрлы болашаққа бастайды. Емдеу жағында рухани вакцина натурал болуы керек. Сырқаттың қалпына келуіне асықпауымыз тиіс. Біз шыбынның ұшып өтуінен де Алланың ғылымын сезінуіміз керек!... Алла тура жол берсін!
Abai.kz сайтынан алынған

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста