Иманды сақтап қалу үшін не істеу керек?

Иманды сақтап қалу үшін не істеу керек?

Қияметке жақындаған сайын әлемді қараңғылық қаптай береді. Ал қараңғылық артқан сайын адамдардың қақтығысы да артады, бірі екіншісімен, ол үшінші біреуімен қақтығысады. Ортаны қарайтып нұрды қашыратын нәрсе харамдардың, бидғаттардың және күпіршіліктің қараңғылығы. Имам Раббани хазреттері ғасырлар бұрын өз заманы туралы «Бидғаттардың көбейгені соншалық дүние қарайды» деген. Ол кезде бидғаттар барлық жерді қарайтқан еді. Ақыр заманда болса күпірдің қараңғылығы барлық жерді қарайтады.
«Ақыр замандағы үмметім әмірлердің онда бірін орындаса құтылады» хадис шәрифіндегі «онда бірі» деуден мақсат – иманды сақтап, дұрыс, тура иманмен өлу. Мұны игере алған адам құтылады, өйткені ақыр заманда ең үлкен пәлекет – имансыз өлу. Имансыз өлген адам мәңгі жаһаннамға кетеді. Бұл заманда харам мен халалдың араласып кеткені соншалық, көп адам харамдарды білмейді. Харам болған нәрсенің бірін жеңіл көрген, яғни менсінбеген адам иманын жоғалтады.
Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Ақыр заманда өмір сүретін үмметімнің ең үлкені дерті – иманын сақтап және оны құтқарып қала алу болмақ. Ең үлкен пәлекеті болса – иманын жоғалту» деп бұйырған. Ғибадаттар бізді құтқармайды, бірақ, иманды сақтап қалуға көмекші болғаны үшін өте құнды болып саналады. Бұл мынаған ұқсайды: Мысалы, үрейлі бір дауыл, жел болып жатыр. Бұл желден шырағдамның шырағын сөндірмей сақтап қалу үшін бір-біріне кигізіп 20-30 дана шыны қою керек. Шырағдам ашықта қалса дереу өшіп қалады. Сондықтан, ақыр заманда көп ғибадат жасау керек. Иманды сақтап қалу үшін ықыласты болу керек. Бұрынғы замандарда иманды сақтап қалу қазіргідей қиын емес еді, өйткені ол уақыттарда қазіргідей дауылдар жоқ еді. Сыртына шыны қоймаса да шырағдамның шырағы жанып тұра беретін. Барлық жерде тыныштық еді. Шырағдамдар сөнбей жанып тұратын, сонымен қатар шырағдамдардың саны да көп еді. Қазіргі таңда нұр қалмағаннан кейін күпірлер мен харамдар қалыпты нәрсеге айналды. Міне, осы жағдай өте қауіпті. Өте жаман күндер келеді, заман уақыт өткен сайын жаман бола береді.
Кәпір болып өлудің қасында күнәхар болып өлудің өзі – үлкен бақытқа айналды. Күнәхар адам ерте болсын, кеш болсын әйтеуір құтылады. «Үлкен күнәлары болғандарға шапағат етемін» және «Иманмен өл, қалғанына араласпа» деген хадис шәрифтерге мойынсұнып иманды сақтап қалуға тырысу керек. Бұл, Әһли сүннет ақидасында болу және харамдардан тыйылып ғибадаттарды орындаумен іске асады. Иманымызды сақтауымыз үшін пайғамбарымыздың алейһиссалам білдіргеніндей «Аллаһуммә инни әузу бикә мин ән-ушрикә бикә шәй-ән уә әнә аләму уә әстағфиру-кә ли ма ла-аләму иннәкә әнтә алламулғуйуб» дұғасын таңертең және кешке оқу керек. Бұл «Аллаһым біле тұра шірк жасаудан саған сыйынамын. Білмей жасап қойған болсам мені кешір. Сен барлық нәрсені білушісің» деген мағынада. «Ла илаһә иллаллаһ, Мухаммадун расулуллаһ» деп иманды жиі-жиі жаңартып тұру керек. Күпірге себеп болатын сөз және істерден аулақ болып, иманды сақтауға тырысу керек. Алла тағала барлығымызды күпір пәлекетінен сақтасын, иман саламатын берсін!

ahlisunnet.kz
(Тақырыбы өзгертілген)

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста