ДҮНИЕНІҢ БҮЛІГІНЕН ҚҰТҚАРАТЫН АЛТЫ НӘРСЕ

ДҮНИЕНІҢ БҮЛІГІНЕН ҚҰТҚАРАТЫН АЛТЫ НӘРСЕ

Хәтим Асам алты нәрсені былай деп түсіндіріп беріпті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі mazhab.kz-ке сілтеме жасап.

Хәтим Асамның, ұстазы Әбу Әли Шәқиқ ибн Ибраһиммен болған әңгімесі.

 

Әбу Әли Шәқиқ бұрынғы шәкірті Хәтим Асамға:

 

- Қанша жылдан бері маған келіп жүрсің? – деп сұрайды.

 

- Отыз жыл болды, ұстаз, - дейді Асам.

 

- Осы отыз жыл ішінде не түйдің?

 

- Отыз жыл ішінде алты нәрсені түйдім, сол алты нәрсені іске асырған адамның дүниенің бүлігінен аман қалу мүмкіндігі мол.

 

- Айтшы, қандай-қандай нәрселер? Мүмкін амал етіп, мен де дүниенің бүлігінен аман болармын, - дейді Шәқиқ. Сонда Хәтим Асам алты нәрсені былай деп түсіндіріп беріпті:

 

- БІРІНШІСІ – Алла Тағаланың: «Жер бетіндегі әрбір тірі заттың қорегін Алла Тағала қамтамасыз етеді»[1], - деген сөзіне қарап, өзімді де тірі заттың бірі екенімді көрдім. Менікі болған маған ұласады. Алла Тағала пілдің алып денесіне қарамастан, оны ризықтандыруда. Кішкентай деп шіркейді де ұмытпайды. Сондықтан, ісімді Аллаға тапсырып, құлшылыққа көбірек ден қойдым. Құлшылықтан өзгесіне аса мән бере бермеймін, - депті.

 

- Жақсы. Екіншісі қандай? – дегенде, Хәтим Асам екіншісін былай деп түсіндіріпті:

 

- ЕКІНШІСІ – Алла Тағаланың: «Шынында мүмін-мұсылмандар туыс»[2] деген сөзін оқыдым да, бүкіл мүміндердің маған бауыр екендігін және туыс туысқа мейірбан болуы керек екендігін ұқтым. Және де, адамдар арасындағы дұшпандықтың басты себебі «хәсәд», яғни, көреалмаушылық, күндестік екендігін түсіндім. Мұны түсінгеннен кейін өзіммен жұмыс жасап, жүрегімнен күндестікті, қызғаншақтықты (хәсәдты) шығарып тастадым. Жүрегімнен хәсәдты шығарып тастағаннан кейін жүрегім сондай бір халге келді – егер шығыстағы бір мүмін қайғыланса, мен қоса қайғыланатын болдым, құдды қайғы менің басыма төнгендей, егер батыстағы бір мүмінге жақсылық болса, құдды маған жақсылық болғандай қоса қуанатын жағдайға жеттім, - деп екіншісін айтыпты.

 

- Жақсы. Үшіншісі қандай?

 

- ҮШІНШІСІ – әрбір адамның досы (немесе сүйіктісі) барын көрдім. Досына достығын іс жүзінде көрсетуі керек. Менің досым - Аллаға деген бойсұнушылық екендігін ұқтым. Одан өзге достардың бәрі уақыты келгенде менен арақатынастарын үзеді. Бір тек Аллаға деген итағат қана менімен бірге болады. Ол қабірде де менімен бірге, махшарда да, сырат көпірінде де. Соны ұққанымнан кейін барлық достан (немесе сүйіктілерімнен) арақатынасымды үздім де, Аллаға деген бойсұнушылықты өзіме дос деп білдім.

 

- Жақсы. Төртіншісі қандай?

 

- ТӨРТІНШІСІ – әрбір адамның жауы барын түсіндім. Дұшпан дұшпандығын жасамай қоймайды, сондықтан да, одан сақтанған дұрыс. Шайтан мен күпірлік дұшпанын ойлап қарасам, кәпірдің дұшпандығы шайтанның дұшпандығынан жеңілерек екен. Өйткені ол менімен соғысып, мені өлтірсе, мен шейіт боламын, ал соғыс майданында мен, оны өлтірсем, сауап аламын. Ал шайтанның дұшпандығы - қаттірек. Өйткені мен оны көре алмаймын, ол мені көреді. Ол мені де өзімен бірге дозақтық етуді көксейді. Осыны ұққаннан кейін өзгенің дұшпандығын қойып, өмір бойы шайтанның дұшпандығымен күресуге бел будым.

 

- Жақсы. Бесіншісі қандай?

 

- БЕСІНШІСІ, ойлап қарасам, барлық адамның паналайтын баспанасы болады екен. Баспана болуы үшін, оны тұрғызу керек. Менің соңғы мекенім қабір екендігін түсіндім. Соны тұрғызуға көштім.

 

- Жақсы. АЛТЫНШЫСЫ қандай?

 

- Әрбір адамның оны талап қылатын бірі барын көрдім. Мені талап қылатын – өлім періштесі екенін ұқтым. Ол маған қашан келерін білмеймін. Сондықтан да, құдды болашақ жарының үйіне баруға дайындалған қалыңдық секілді, мен де өлім періштесінің келуіне әзірлік жасаудамын. Өйткені, өлім періштесі (Әзірейіл періште) жанымды алуға келгенде, одан кідіре тұруын сұрай алмайтыным анық, - деп сөзін аяқтаған екен. Сонда ұстазы оған: "Егер осы айтқандарыңмен амал етер болсақ, сен де, мен де құтылатын едік" депті.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста