Дін туралы семинар өтті

Дін туралы семинар өтті

Бүгін Қарағанды облыстық Дін істері басқармасында дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелерін даярлау тақырыбында онлайн семинар өтті. Оған өңіріміздің барлық аудандары қатысты. Аталған шарада қандай өзекті мәселелер қозғалды?

 

Онлайн семинардың негізгі мақсаты: ақпаратты насихаттау топтарында қызмет ететін мамандарға қазіргі уақыттағы діни ахуалды түсіндіру және олардың сөйлеу мәдениетін жетілдіру болып табылады. Себебі, әлемге қауіп төндірген экстремизмнің төңірегінде біршама өзгерістер болып жатыр. Қоғамды жат ағымдардың залалынан сақтауда насихаттау топтарының алар рөлі маңызды -дейді спикерлер.

Кәкімжан МҰРАТЖАНҰЛЫ, заң ғылымдарының кандидаты, профессор /Алматы қ./:

- Бүгінгі біздің келіп отырған мәселеміз, жергілікті насихат топтарымен жұмыс істеу. Себебеі, олар қарапайым халықпен жұмыс жасайды. Өзгерістер көп. Олардың жақсы және жаман жағы да бар. Соларды түсіндіреміз. Заң жағы, дерадикализация жағы жан-жақты айтылатын болады. Семинар уақытында сол мәселелерді көтереміз.

Теологтар жат ағымдарға жамағатты тартудың басқа да құйтырқы тәсілдері пайда болды- дейді. Бүгінгі семинардың спикері Асқар Қалижанұлы дінді жамылғандардан келетін қауіптің алдын алу үшін, оларды толықтай зерттеу керектігін тілге тиек етті.

Асқар ҚАЛИЖАНҰЛЫ, теолог-исламтанушы:

- Біздің негізгі тақырыбымыз дерадикализация мен радикализация. Радикализацияның семантикалық, лингвистикалық, психологиялық теологиялық және діни әлеуметтік себептерін анықтаймыз. содан кейін сол радикализацияға қарсы тұру жолдарын әңгіме етеміз.

Радикалдық топтарға жамағат тартушылардың араторлық шеберлігі жоғарғы деңгейде. Сол себепті де, оң - солын енді танып келе жатқан жастар нық сеніммен көсіле сөйлегеннің соңында кетіп жатады. Бүгінгі семинарға келген Қазақстан республикасының Мәдениет қайраткері Мұрат Әбзелбаевтың айтуынша, оң ақпарат таратушылар да халық алдында сөйлеуді жеткілікті деңгейде меңгеру керек. Ол бүгін мамандарға сөйлеу мәдениеті жөнінде тереңірек әңгімеледі.

Мұрат ӘБЗЕЛБАЕВ, ҚР Мәдениет қайраткері:

-Қандай мамандық иесі болсын сөзбен жұмыс істей білу керек. Сондай сөзімен тыңдаушыға әсер ету керек. Мен бүгін сол мәселе бойынша әңгімелеймін.

Бүгінгі семинар карантинге байланысты онлай форматта өтті. Алматыдан келген жұмыс тобы, ақпарат және қоғамдық даму министірлігінің тапсыры аясында еліміздің барлық қалаларында осындай шаралар ұйымдастырады. Олардың іс-сапары Қарағанды шахарынан басталды.

#qogamgov , #cisc2020

Ерік НАРЫН 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста