Дін мен дәстүр: Аманатқа қиянат жасау ауыр күнә

Дін мен дәстүр: Аманатқа қиянат жасау ауыр күнә

Соңғы кезде елімізде дәстүр мен дінді бөліп қарайтын жастар тым көбейіп барады. Дәстүрді исламнан бөліп қарауды кейбір ағымдар әдейі теріс пиғылмен насихаттап отырса, ал енді бір жастар білместікпен солардың сөзіне сеніп, ата-баба дәстүріне қарсы шығуда. Осы ретте дін мен дәстүр сабақтастығын, салт-сана мен діни танымның бір арнада тоғысатындығын дәлел-дәйектер арқылы дәлелдеудің орайы туды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажаұлының бастамасымен «Дін мен дәстүр» атты кітап жарыққа шықты. Бұл құнды дүние сан ғасырлардан бері қалыптасқан дәстүрлі діни танымымызды түрлі ағымдардың теріс насихатынан, жаңсақ жорамалдарынан қорғауға арналған. Қалай десек те, қазір біз ортамызға от ала келген ағымдар мен дәстүрге қарсы шығушыларға сол дәстүрлі мұсылманшылығымыз арқылы ғана қарсы тұра аламыз. Дінімізге, дәстүрімізге берік бола алсақ қана елдігімізді сақтап, дербестігімізге ие болып қала аламыз. Сондықтан біз бүгіннен бастап, оқырмандарымызға діни басқарманың «Дін мен дәстүр» кітабынан үзінділер беріп отыруды жөн санадық. Мұқият оқып, ой қосып, пікір білдіріңіздер, ойлы оқырман!

Қазақ салт-дәстүрлерінің дені шариғатқа қайшы келмейді. Бірақ қазіргі қоғамымызда мұсылманшылыққа жат кейбір әдетке айналған күнәлі істер кездеседі. Солардың бірнешеуіне тоқталайық.
Аманатқа қиянат

Тапсырылған аманатқа қиянат қылу күнә. Жалпы, аманатқа отбасы алдындағы жауапкершілік, қоғам алдындағы жауапкершілік және тағы басқа да толып жатқан міндеттер жатады. Сол сияқты адамдар арасындағы бір-біріне сеніп тапсырылған нәрселер де аманат саналады. Қазіргі кезде аманатқа қиянат қылу көп таралған күнәлардың бірі.
Алла Тағала былай дейді: «Уа, иман келтіргендер! Келісімдеріңде (уағдаларыңда) тұрыңдар!»
Әнес сахабадан (р.а.) жеткен риуаятта Алла Елшісі (с.а.с.): «Аманатты сақтай алмайтынның иманы жоқ, сертте тұрмайтынның діні жоқ», – деген.

Әйелдің еркекке ұқсауы
Ерте заманда адамдық қасиеттен айрылмаған кез келген қоғамда әйелдің еркекке еліктеуі, не еркектің әйелге еліктеуі мүлде қабыл алынбайтын шектен шыққан күнә саналатын. Алайда қазірде Батыстық сән мен салтанатқа еліктеген кейбір әйелдер ерлерге тән киімдерді киіп, ерлерше жүріп-тұратын болды. Сондай-ақ, кейінгі кездері Лұт қауымының ізбасарлары да бой көрсете бастады. Мұның барлығы Құдай Тағаланың қаһарына ұшырататын қылықтар.
Ибн Аббас (р.а.) жеткізген риуаятта Алла Елшісі (с.а.с.): «Алла әйелдерге ұқсап еліктейтін ерлерге, ерлерге ұқсап еліктейтін әйелдерге лағынет айтты», – деген.

Әйелдердің ашық-шашық киіну
Қазақ салтында әйел де, ер де жұрт алдында киімсіз, не жартылай денесін көрсетіп жүрмеген. Алайда қазіргі заманымызда әйел затының кіндігін, омырауы мен денесінің әурет жерлерін ашып жүруі, көшеде шашын жайып жүруі үйреншікті жайтқа айналды. Керісінше, әуретін жауып, мұсылманша киініп жүретін иманды қыз-келіншектерге кінә артылып, күстана етілетін болды.
Мұсылман шариғаты әйелдердің әуреттерін жаппай, ашық-шашық жүруіне тыйым салады. Ондай әйелдер Пайғамбар (с.а.с.) заманында мүлде болмаған. Сондықтан олар жайлы уахи арқылы ғана біліп, олардың тозақтықтар екендігін ескертіп өткен.
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың Елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Тозақтықтардың екі түрін көргенім жоқ (олар ақырзаман жақындағанда болады). Бірі – қолдарында сиырдың құйрығындай қамшылары бар, соларымен адамдарды ұратын топ. Екіншісі – жартылай жалаңаш киінген, қылымсып, мүләйімсіген, бастары түйенің өркешіндей қисайған әйелдер тобы. Олар жұмаққа кірмейді, исін де сезбейді. Жұмақтың исі олардан тым қашықта болады».

Болашақты болжау
Әлі орын алмаған, қашан болатыны белгісіз істер ғайып хабарларына жатады. Олардың қалай болатындығы жайлы сәуегейлік жасап, бал ашу мұсылман танымына керағар келетін теріс әрекет. Қасиетті Құран аяттары мен хадистерде ғайып істер жайлы болжам жасаудың үлкен күнә екендігі ескертілген.
Алла Тағала былай дейді: «(Уа, Мұхаммед) Алладан өзге көктер мен жердегілердің ешбірі ғайыпты білмейді. Олар өздерінің қашан тірілетіндерін де сезбейді деп айт».
Абдулла ибн Масғұдтан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың Елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім балгерге не бақсыға барып, оның айтқанын растаса, ол Мұхаммедке түсірілгенге (Ислам дініне) күпірлік келтіреді», – деп ескерткен.
Әнес ибн Мәліктен (р.а.) жеткен риуаятта Алла Елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Аурудан қашу да, құстың ұшуына қарап бал ашу да болмайды. Маған фәәл ұнайды». Сахабалар: «Фәл деген не?» – деп сұрағанда, Пайғамбар (с.а.с.): «Ол – жақсы сөз», – деп жауап берген.
Ғайып істерді болжауға жұлдыз-жорамалдар да жатады. Бүгінгі күні мына жұлдыздың ықпалы күшті болып, мынадай жұлдыз астында туылғандардың жолы болады, аналардікі болмайды деген сияқты сандырақтар исі мұсылманның сеніміне селкеу түсіретін күнәлі істер.
Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша Алланың Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Сендер Раббыларыңның не дегенін естідіңдер ме? Ол былай дейді: «Мен құлдарыма қандай да бір нығмет сыйламайын, олардың бір бөлігі оны теріске шығарады. Олар: «Жұлдыздар, жұлдыздар арқылы ғана болды», – деседі».

Ата-бабасымен, тегімен мақтану
Қазірде ешқандай ғылыми, тарихи дәлелі болмаса да, ата-бабасының батыр, ұлы тұлға болғандығын айтып мақтанатын жандардың қарасы көбейді. Сосын сол бабасының жерленген жерін тауып алып, орнына зәулім кесене салу, биік ескерткіш тұрғызу сәнге айналды. Бұл қоғамды жік-жікке, ру-руға бөлуге апаратын теріс құбылыс. Асыл дініміз – Ислам да мұндай келеңсіздіктерді мүлде қолдамайды. Пайғамбар (с.а.с.) үмбетіне күнәға апаратын осындай қылықтардан аса сақ болуға шақырған.
Әбу Мәлік әл-Ашғариден (р.а.) жеткен риуаятта Алланың Елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Үмбетімнің арасындағы төрт нәрсе надандық дәуірінің ісі, бірақ оларды тастамайды: ата-бабамен мақтану, біреудің тегіне тиісу, жұлдыздармен жаңбыр шақыру (соған байланысты деп сену) және дауыс шығарып жоқтау».
Әрбір тайпа, ру өзінің ата-бабасымен мақтанып, өзгеге шекірейе қарайтын болса, қоғам бұзылады. Ата-бабамыз мұндайда «жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін» деп ескерткен. Ендеше бүтін халықты тоз-тоз ететін трайбализмнің салдарынан сақтанайық. Алла Елшісінің (с.а.с.) өсиеттерін орындайық.
Жубейр ибн Мутғим (р.а.) жеткізген риуаятта Алланың Елшісі (с.а.с.): «Ұлтшылдыққа, рушылдыққа шақырған адам бізден емес. Ұлтшылдық, рушылдық үшін шайқасқан адам бізден емес. Ұлтшылдық, рушылдық үшін өліп кеткен адам бізден емес», – деп ескерткен.

Әділетсіздік
«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» дейді ата-бабаларымыз. Туғаны қылмыс қылса, оны кешіріп, ал басқа біреу ағаттық жасаса, абақтыға тоғыту әділетсіздік. Ислам діні қара қылды қақ жаратын әділеттілікке шақырады. Үкім еткенде заң алдында барлық адамға тең қарауды әділдіктің басты шарты етіп бекіткен. Алланың Елшісі (с.а.с.) қандай жағдайда болмасын, әділдікті сақтаған әрі үмбетін ар алдында адал болуға үндеген.
Айша анамыздың (р.а.) айтуынша, Құрайыш тайпасының көсемдерін текті әулет – махзумия руының ұрлық жасап қойған бір әйелінің жайы көп ойландырыпты. Бұл істің салдарынан қорыққан олар әйелді жазадан құтқарудың жолын іздеп: «Ол туралы Алланың Елшісіне кім айтып барады?» – деп кеңеседі. Сонда біреулері: «Ол туралы батылдықпен айта алатын
біреу болса, ол – Алла Елшісінің (с.а.с.) сүйіктісі Усәма ибн Зәйд»
, – деп соны арашашы етуге келіседі. Келісім бойынша Усәма (р.а.) әлгі әйелдің мәселесі туралы Алла Елшісіне (с.а.с.) айтады. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): «Уа, Усәма! Алла Тағаланың жазасына арашашы болғың келе ме?!» – деп қатты ашуланады. Сосын адамдарды мешітке жинап, алып былай деп жар салады: «Ақиқатында, сендерден бұрынғы үмбеттер егер олардың арасында текті адам ұрлық қылса, оны қоя салатын, ал егер бір әлсіз адам ұрлық қылса, оны жазалайтын. Олар сондай істері үшін жойылып кетті. Алланың атымен ант етемін, егер, тіпті, менің қызым – Мұхаммедтің қызы Фатима бір ұрлық қылса, оның да қолы кесіледі!».
Адамзаттың ардақтысы (с.а.с.) қоғамдағы әділдік қағидасын осылай айқындап берген. Өзі де өзгелерге үлгі болған.

«Дін мен дәстүр»
кітабынан алынды

(Жалғасы бар.  Басы: —> 16.01.2015,  15.01.2015,  14.01.2015,  13.01.2015, 12.01.2015).

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста