Бесіктегі баланы аластау шариғатта бар ма?

Бесіктегі баланы аластау шариғатта бар ма?

Әссәләмуғалейкум! Осы бесіктегі баланы сіріңке жағып, немесе адыраспан тұтатып т.б. заттармен аластау бар дейді. Осы рас па? Шариғатта бар ма?
Алла разы болсын! Азамат.
Уағалейкум әссәләм уа рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Аластау сөзінің түпкі мәні «алас», яғни, «от» деген мағынаны білдіреді.

Аластау - оттың киелi қасиетiне сенуден пайда болған. Аластау қазақтар арасында көне дәуірден келе жатқан анимистік* және тотемдік* наным-сенімге негізделді. Аталмыш рәсімді ежелден орныққан отқа табыну жосынынан бастау алады деуге болады. Аластау – адамдарды бәле-жаладан, көз тиюден, сұқтан сақтайды деген мақсатта әртүрлі әрекеттер арқылы, оттың көмегімен атқарылады. От тұтатып онымен бесікті, босағаны, тағы басқа жерлерді аралата «алас, алас, ауру-сырқаудан алас, тіл мен көзден алас» деген сияқты магиялық сөздер айтатын[1].

Ендеше, сіріңке жағып бесіктегі баланы аластау ырымы - Ислам діні келмей тұрып, қазақ даласында белен алған отқа табыну немесе отты киелі санау нанымынан бастау алады десек қателеспеспіз. Қазіргі таңда аталмыш рәсім ішін-ара кездесетіні болмаса, жалпы алғанда, халық арасында көп таралмаған.

*«Анимистика» немесе «анимизм (лат. anima, animus — «жан» және «рух») – барлық заттың рухы бар, жаны бар (киесі бар) дегенді білдіреді. «Тотемизм» - рулық қоғамдағы адамдар тобынын шығу тегін жануарларға, өсімдіктерге немесе табиғат құбылыстарына байланыстыру негізінде қалыптасқан сенімдер мен әдет-ғұрып, салт-сананың күрделі жүйесі[2].

Шариғи тұрғыда:

Шариғатта бесіктегі баланы сіріңкемен немесе адыраспанмен аластау деген рәсім жоқ. Оның орнына, ішінде Құран аяттары жазылған тұмарды тағуға болады. Өйткені, сахаба Абдулла бин Амр Пайғамбардан үйренген дұғаны сәбилерге тұмар етіп тағып, ересек балдарға жаттататыны хадис кітаптарында айтылады[3].

 islam.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста