БЕС ЖЕРДЕ АСЫҒУ СҮННЕТ
Асығу – бірдеңені мезгілінен тезірек болса екен деп тілеу. Адам табиғаты сабыр мен төзімі аз және көп нәрсені тезірек болса деп тілейтін сипатпен жаратылған. Расында асығыстық шайтанға тән мінез, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Мazhab.kz-ке сілте,ме жасап.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Дұға еттім, дұғам қабыл болмады деп асықпасаңдар, дұғаларың қабыл болады”. (Сүнән Әбу Дәуід)
Асығу – бірдеңені мезгілінен тезірек болса екен деп тілеу. Адам табиғаты сабыр мен төзімі аз және көп нәрсені тезірек болса деп тілейтін сипатпен жаратылған. Расында асығыстық шайтанға тән мінез.
Хатәм Әсам былай деген:
“Асығыстық шайтанға тән болғанмен, бес жерде асығу Пайғамбарымыздың (с.a.у.) сүннеті:
- Құдайы қонақ келгенде ас беруде.
- Біреу қайтыс болғанда, oны көмуде (жуып, кебіндеп, жаназа намазын оқып жерлеуге).
- Балиғатқа толған қыз баланы тұрмысқа беруде.
- Мезгілі толған қарызды қайтаруда.
- Күнә жасағанда тәубеге келуде”.