Бес түр ас ақыретіңізге сауап береді

  • 20
Бес түр ас ақыретіңізге сауап береді

Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) сүннетімен жүрсек әр іске сауабы тиіп отырады. Ол әртүрлі құлшылық амалдарымен қатар ішіп-жейтін тағамға да ерекше мән беруді қажет етеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ihsan.kz-ке сілтеме жасап.

Себебі Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) тәнімізге пайдалы болатын тағамдарды пайдаланған. Олардың кейбірі Құранда да аталады. Төменде көрсетілген жеміс, тағам түрлерін хадистерімен негіздеп көрсетеміз. Хадиске сүйеніп пайдалансаңыз тәніңізге саулық, ақыретіңізге азық болады.

 

1. Құрма

 

Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) : «Таңсәрідегі ең алғашқы қолданған асы құрма болса, яғни адам ашқарынға 7 құрма жесе сол күні ол адам астан уланудан аман болып, оған түйіншектерге дем салушының дұғасы тимейді» деген. (Бухари, Муслим). Құрма жас жасушалармен, темір, дәрумендер мен минералдарға толы жеміс. Құрманың құр өзін жеу сүннет.

 

2. Бал

 

«Араның қарындарынан түрлі-түсті бал шығады. Онда адам баласы үшін шипа бар. Шыныда мұнда да ойлайтын қауым үшін әлбедетте ғибрат бар» (Нахл сүресі, 69-аят). Балдың медицинада ем ретінде қолданудың бірнеше жолдары көрсетілген. Ол асқазан жолдарынан бастап, күйік, жараларға да ем болады.

 

3. Қарбыз

 

«Алла елшісі (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) құрмамен бірге қарбыз жеген» деген хадис жеткен (Тирмизи). Мұсылмандар анасы Айша (оған Алла разы болсын): «Біздің Пайғамбар (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын)  қарбыз бен қауынды құрмамен бірге жейтін және бірінің құрғақтығын басқаның дымқылдылығымен теңестіреміз, бірінің суығын екіншінің ыстығымен теңестіреміз деп айтатын»,- дейді (Әбу Дауд, Тирмизи). Қарбыз бауыр жолын емдеуге таптырмас көкөніс. Асқазан, ішек құрттарын кетіреді. Әрі қауын, қарбыз, анарда жәннаттың суы бар делінеді.

 

4. Зәйтүн майы

 

Зәйтүн ағашы жөнінде Құранда айтылған. «Ол сондай Алла аспалы және аспасыз бақшаларды, құрма ағаштарын, түрлі жемісті, өсімдіктерді, зәйтүн және анарды бір-біріне ұқсаған, ұқсамаған түрде жаратқан. Әрбірі жеміс берген кезде, жемісінен жеңдер. Оны жиып алған күнде құшырын беріңдер» (Әнғам сүресі, 141-аят). Мұхаммед (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын): «Зәйтүн майын тағамға қосып жеңдер, әрі оны денелеріңе жағыңдар, өйткені ол өте пайдалы ағаш» деген. (Тирмизи, Ибн Маджа, Дарими).

 

5. Інжір

 

 Інжір туралы Құран Кәрімде аталып кетеді: «Інжірге және зәйтүнге серт!» («Тин» сүресі, 1-аят). Інжірдің пайдасы орасан зор. Ол өсіп келе жатқан сүйекке пайдалы және аз колориялы. Жүрекке шаттық береді. Шаншуды, ас қорыту мүшелерінің ауруларын кетіреді.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 204
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
  • 254
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Лучшие легальные букмекеры
1xbet
Бонус до 200 000 тенге
Winline
Бесплатная ставка до 20 000 тенге
Tennisi
Бесплатные 5 000 тенге
Fonbet
Бонус до 200 000 тенге
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста