Балаңыздың еңбегін бағалап жүрсіз бе?

Балаңыздың еңбегін бағалап жүрсіз бе?

 Адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі – біреудің еңбегін бағалау, оның тындырған ісіне мән беру, көңіл аудару. Өзіңіз үшін ғана маңызды нәрселерді «байқағыш келетіндігіңізді» еш ойлап көрдіңіз бе? Осы себепті, оны басқа біреу «байқап қалса болды» ол бізге үлкен құрмет еткенмен тең болары сөзсіз. Өйткені, ол бізге маңыздылығымызды қабылдап тұрғандығын ұқтыруда. Ал, бұл жағдай болса біздің көңіл-күйіміздің бірден көтерілуіне себеп болады. 
Балалардан да бұны байқау қиын емес. Әр бала сырттан бақыласаңыз, өзінің қылықтарымен «Мен қадірлімін. Маған қараңдар! Маған көңіл аударыңдар!» дейтіндей. Тіпті, қарап отырсаңыз, олардың көп қолданылатын сөздері «Шеше, қарашы?! Әке, қарашы?!» емес пе?
Бірақ, балалардың көңілді өздеріне қаратуы әртүрлі жолдармен болып жатады. Тамақ жемей қою, басын қабырғаға соғу, бір нәрселерді сындыру, бауырын ұру, мектепте бір нәрсені бүлдіру секілді т.б.
Бала емес-ау, үйленген жұбайлардың өзі осы өзіне мән берілмеушіліктен аразданып жатады. Көптеген күйеулер әйелдерінің жаңа жасатқан шаш сән үлгісі мен жаңа сатып алған киімдерін байқамай қап олардың не үшін ренжіп жүргендігін білмей дал болады. Немесе сонша дайындалып, барын салып қонақ күткенде, келген  қонақтар рахмет те айтпастан ішіп- жеп со күйі кете барса, әрине, сонша еңбек сарп еткенде әйел өзін ешкімнің елеп- ескермегеніне ренжитіні даусыз.
Әйел мен еркек арасында бір-бірімен ұрсысқан кезде «Не істесек те осы саған жақпадық қой» деген сөздің көп айтылуы-ақ, тақырыбымызға бірден-бір дәлел бола алады. Олай болса, адам еңбегін бағалау, оған көңіл аудару, реті келсе бір жылы лебіз білдірудің күнделікті тұрмыстағы мәні зор. Осылай істеу арқылы жұбайыңызбен де араңыз жақсы болады, шынайы адал дос та табасыз, балаңызға да қалағаныңыздай тәрбие бере аласыз.
  
«Адамдарға бағасын сездіре алатын мүмкіндік туып жатса, міндетті түрде, қапы қалмаңыз».    
 Ж. Х. Броун
  
«Адамдарды бағалай білген жағдайда ғана сіз оларды басқара аласыз».  
  Джим Дорнан
 
Ғылыми зерттеуші Бенжамин Блум Чикаго университетінің бір топ оқытушы ассистенттерімен әлемдік 120 рекордсменге 5 жыл бойы зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Бұл рекордсмендер жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлардың арасында небір суда жүзгіштер, теннисшілер, мүсіншілер әлемге танымал ғылымның әр саласынан ғалымдар болған.
Зерттеудің нәтижесі де өте таңғаларлық. Әр саланың шыңына жеткіндер, әрине, анадан туа салғанда бәрі бірдей-ақ болған. Бұлардың басқалардан ерекшелігі – кішкене кезінде бойларынан бірдеңеге деген қабілеттерінің бар екендігін ертерек байқаған әрі сол қабілетті ашуға жағдай жасаған ата-аналарында.
Мысалы: Математика пәнінен сабақ беретін әкесі баласының есепті тез шығарғанын көріп, оған сыйлық бере жүріп, оны есепті шемішкеше шағуға әбден үйретіпті. Немесе, әннен сабақ беретін шешесі қызының күйсандыққа қызығып жақындағанын көріп, оның өнерге деген бейімін байқаған. Сөйтіп, ерте жастан оны пианино үйірмесіне қатыстырған. Жанашырлық танытқан ата-аналары балаларына жеке ұстаз да тауып беріпті. Жеңілсе меселін қайтарып, «Балам, сен бұл тірлікті қой! Бұдан ештеңе шықпайды» демей, қайта «Жығылғанды жер көтереді», «Ештеңе етпейді, бұл жолы болмаса, келесі жолы болар» деп қолдау бергендер. Жалпы зерттеу нәтижесінде бір сөзбен айтқанда, ата-аналардың еткен еңбегі ұшан-теңіз екен.
Бұл ата-аналардың барлығы да балалары жарыста жеңсе бірге қуанып, жеңілсе бірге мұңайғандар, жеңілген кезде де балаға сүйеу болғандар. Баланың жарысқа қатыса жүріп, көп нәрсені көкейге түюінің өзі үлкен жеңіс. Ал жеңілудің өзі сол іске көбірек жұмылып, әлі де жұмыс істей түсу керектігін ұқтырмай ма?! Алайда, белгілі бір жерге жеткен соң көп нәрсенің тікелей баланың өзіне қатысты болары да шындық. Кейбір ата-аналар балалары көп нәрсеге қабілетті, алайда еңбектенуді қаламайды деп біледі. Суперстарлар бұған керісінше таңдау жасаған. Не мектеп бағдарламасымен бірге қосымша шараларды жүргізу немесе «не болса соған уақыт өткізу» еді. Жастық шақтың қабілетін пайдалана отырып, аптасына 25 сағат жұмсаған уақыттан да  асып кеткен.  Бұл сізге көп көрініп отырған болар, алайда бүгінгі күнгі бір баланың теледидарға бөлер уақты бұдан бірнеше есе көп. 
Бала қабілетін ерте жастан байқай білу, дарынын ашу, қолдан келгенше жағдай туғызу нәтижесінде рекордсмендер сондай ұлы жетістіктерге жеткен екен. Бұл үлкен жетістікке жетудің астарындағы сырлардың бір қыры ғана. Ендеше, баланың өзіне тән талпыныстары мен еңбегін бағалауға мән беру керек.

Бердібек Мәсенов,
islam.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста