Байлықтың есігін ашатын 15 кілт

Байлықтың есігін ашатын 15 кілт

Адам баласы тек тура жолмен жүріп, иманы кәміл болған кезде ғана шынайы байлыққа қол жеткізеді. Сондай-ақ, кімде-кім төмендегі амалдарды орындаған жағдайда, Алла оның несібесін молайтып, тапқан табысының берекесін бермек.  

1. Алладан қорқу

Қорқу – Алла Тағаланың бұйрықтарына мойынұсыну, тыйым салған істерінен сақтану. Қасиетті Құран Кәрімде былай делінеді: «Кім Алладан қорықса, оған бір шығар жол пайда қылады. Және оған Алла, ойламаған жерден ризық береді...» [1] +

2. Намаз

Әбу Умама (р.а) Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) риуаят етеді: «Үш түрлі адам бар. Олардың бәрі – Алланың қорғауында. Көздері тірісінде Алла Тағала оларға жетерлік дәрежеде ризық-несібе береді. Өмірден озса, Алла Тағала оларды жәннатқа кіргізеді: 1. Кім үйіне кіре салып, сәлем берсе, ол – Алланың қорғауында; 2. Кім мешітке шықса, ол – Алланың қорғауында; 3. Кім Алла жолында жүрсе, ол – Алланың қорғауында». [2]
3. Истиғфар мен тәубе

Алла Тағала айтады: (Сондай-ақ оларға): «Раббыларыңнан жарылқау тілеңдер. Өйткені, Ол – өте жарылқаушы» дедім. «Ол сендерге аспаннан мол-мол жаңбыр жібереді». «Әрі өздеріңді малдар, балалармен қамдайды. Және сендер үшін бақшалар жасап, өзендер ағызады». [3] Сол себепті тәубе жасап, истиғфар айтудың маңызы зор.
4. Ұлы Жаратушыға деген сенім

Әбу Усайд Фазариден сұрады: «Не істеп тіршілік жасайсыз?». Ол кісі Алла Тағалаға тәкбір мен хамд айтып: «Тіпті, маймыл мен доңызды да ризықтандырған Алла Әбу Усайдтың несібесін қалайша бермесін?!», – деді.
5. Шүкір айту

Алла Тағала ескертеді: «Сол уақытта Раббыларың: «Егер шүкір етсеңдер, арттыра беремін. Ал, егер қарсы келсеңдер, азабым тым қатты», – деп жариялады». [4]
Имам Фахриддин Рази аталмыш аяттың тәпсірінде былай деп жазады: «Кім берілген нығметтер үшін Аллаға шүкір етсе, Алла Тағала оған өз нығметтерін одан да арттырып қояды. Бұл жағдайда пенде шүкіршілікті шынайы түрде жалғастыруы және шүкіршілік артынан нәсіп еткен нығметтерді түсіне отырып ой қорытуы қажет».
6. Байлықты дұға етіп сұрау

Бір күні Халид ибн Уәлид (р.а.) Алла Елшісіне (с.ғ.с) тұрмысындағы жетіспеушіліктен шағымданды. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айтты: «Екі қолыңды аспанға көтеріп, Алладан мол ризық сұра!». [5]
7. Кедейшіліктің келуінен пана тілеу

Алла Елшісі (с.ғ.с) таң атқанда және кешкісін мына дұғаны үш рет оқитын: «Уа, Алла, денемді, құлағымды және көзімді сау ете гөр! Өзіңнен басқа Тәңір жоқ! Уа, Алла, Сенен күпірлік пен кедейшіліктен пана тілеймін. Қабір азабынан сақтай гөр».[6]
8. «Субханаллаһ» сөзін көп айту

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айтты: «Нұх пайғамбар өлімінен бұрын баласына былай деді: «Мен саған бір өсиет айтамын, екі істі бұйырамын және екеуінен қайтарамын: «Лә иләһә иллаллаһ»-ты бұйырамын. Себебі, жеті аспан мен жеті жер бір алақанға, ал «Лә иләһә иллаллаһ» екінші алақанға қойылса, «Лә иләһә иллаллаһ»-тың тасы ауыр келеді. Саған «Субхәналлаһи уә бихамдиһи»-ді бұйырамын. Себебі, ол – дәнекерлеуші. Онымен махлуқаттар ризықтандырылады. Сені тәкаппарлық пен ширктен қайтарамын». [7]
9. Туыстық қатынасты арттыру

Алла Елшісі (с.ғ.с.) былай дейді: «Кімде-кімді несібесінің молаюы мен өміріне береке берілуі қуантса, туыстарымен қарым-қатынас жасасын». [8]
10. Өз жұмысыңды жоғары деңгейде орындау

Аталмыш фактор – ризық-несібенің молаюына алып келетін маңызды себептердің бірі. Өмірдің өзі күнделікті шаруасын кемеліне жеткізіп, жоғары деңгейде орындайтын адамдарды бірінші кезекке қойып тұр.
11. Аманатшылдық

Адамдар өз ісінде, саудасында аманатшыл кісі табуға тырысады. Оны басқалардан жоғары қояды. Соның үшін де Шуайбтың (ғ.с) қызы Мұсаның (ғ.с) күш-қуаты мен аманатшылдығын көріп әкесіне айтады: «Әкетайым! Оны жалдап ал! Расында, ол – жалдаған адамдардың қайырлысы да, сенімдісі». [9]
12. Көркем мінез

Бұл жасыруға келмейтін ақиқат. Кісінің көңілі көркем мінезді адамға ауады. Ал, мінезі нашар адамнан барлығы да қашады.
13. Әлсіздерге жақсылық жасау

Сағд ибн әбу Уаққас (р.а) өзін басқалардан абзал деп білетін. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Сендер араларыңдағы әлсіздеріңнің шарапатынан ғана жеңіске жетесіңдер және ризықтандырыласыңдар».
14. Алла жолында қайырымдылық жасау

Алла Тағала бұйырады: «Мұхаммед (с.ғ.с.): «Расында, Раббым, несібені құлдарынан кімге қаласа кеңітеді де оған өлшеп-тамап та береді. Тиісті орынға бір нәрсе жұмсасаңдар, сонда Алла тағы есесін береді. Ол ризық берушілердің ең жақсысы» де». [10]
Аталмыш аяттағы «тиісті орынға бір нәрсе жұмсаудағы» мақсат – кедейлерге қайырымдылық жасау.
15. Алланың берген нығметтеріне жақсы қарым-қатынаста болу

Айша (р.а.) анамыздан риуаят етіледі: «Бір күні Алла Елшісі (с.ғ.с) менің алдыма кірді. Сонда төгіліп жатқан нан ұсақтарына көзі түсіп, оларды дереу теріп алды. Артынша былай деді: «Ей, Айша, Алланың нығметтеріне жақсы қарым-қатынаста бол. Себебі, (нығметтерге немқұрайлы болған) отбасыларға нығметтердің қайта берілуі өте сирек». [11]
Жоғарыда айтылған амалдарды орындап тіршілік еткен пенде материалдық байлыққа жетіп қана қоймай, рухани кемелдікке ие болады. Бұл туралы Құранда да айтылып отыр. Сол себепті баршамызға екі дүние байлығына жеткізуші Алла Тағаланың әмірлеріне мойынсынып өмір сүруді нәсіп етсін!
[1] Таләқ сүресі, 2-3-аяттар
[2] Әбу Дәуіт
[3] Нұх сүресі, 10-12-аяттар
[4] Ибраһим сүресі, 7-аят
[5] Табарани
[6] Әбу Дәуіт
[7] Имам Ахмед
[8] Имам Бұхари
[9] Қасас сүресі, 26-аят
[10] Сәбә’ сүресі, 39-аят
[11] Ибн Мәжа

Қуат Ерғалиұлы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста