Ажырасуды бастан кешірген жандарды адам санамау - надандық дәуірінен қалған
Біздің қоғамымызда ажырасқан адамдарды, әсіресе әйел кісілерді төмен санау белең алып бара жатқаны рас. Ең қиыны, ажырасып, өзіне лайық жанды тапқысы келген әйелге қайта тұрмыс құруы.
Ажырасуды бастан кешірген жандарды адам санамау - надандық дәуірінен қалған, ислам қағидаларына мүлдем қайшы келетін іс. Екінші некеге тұруды менсінбеушілік - Ислам дінімізге қатысы жоқ, халықтың дәстүрі.
Кейде ажырасуды бастан кешірген адам, өмірден алған сабағынан көп нәрсені үйреніп, жақсылыққа беттей бастайды.
Ардақты Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдерінің ішінде де ажырасқан, жесір әйелдер болғандығын білеміз. Алайда, арамызда өзін ондай жанмен бас қосуды төмен санайтындар бар екені ақиқат.
Бұл амал - сүннет, сүннетті жаңғырту керек.
Егер ер кісі толықтай қамтамасыз етуге шамасы келіп, ажырасқан немесе жесір әйелге үйленсе, ол кісіге үлкен сауап бар.
Ажырасқан, жалғыз басты аналар да өз теңін тауып, бақытты ғұмыр кешуге лайықты, тек оларға мүмкіндік берілсе болғаны.
{Мұхаммед ибн Адам әл Каусари}