Ажалдан қашып, өмірді ұзарту мүмкін бе?

Ажалдан қашып, өмірді ұзарту мүмкін бе?

Ажал сөзі – «уақыт, мезет» және «алдын ала белгіленген уақыт» деген мағыналарды білдіреді. Шариғаттағы терминде – адам баласы және басқа жан иелері үшін белгіленген өмірдің бітуіне, яғни, өлім уақытына айтылады.
Әрбір адамның өзіндік ажалы бар. Алла Тағала әрбір адамға белгілі бір уақытқа дейін өмір сыйлаған. Ажал деп осы белгіленген уақыттың бітуін айтамыз. Құранда:
(نَحْنُ قَدَّرْنَا بَيْنَكُمُ الْمَوْتَ...)
«Араларыңда өлімді біз белгілеп, тағайындадық...» – делінеді.
Әр пенде Ұлы Жаратушымыз тарапынан алдын ала тағайындалып, белгіленген ажалынан бір мезет бұрын яки кейін қалмай, дәл уақытында өліммен қауышады. «Мунафиқун» сүресінде былай делінеді:
(وَلَن يُؤَخِّرَ اللَّهُ نَفْساً إِذَا جَاء أَجَلُهَا)
«Ажалы келіп жеткен ешбір адамды Алла Тағала (ажалынан) мүлде кешіктірмейді».
Ажалдың уақыты ешбір себеппен өзгермейді. Пайғамбарымыздың «Туысқандармен жақсы қарым-қатынаста болу – өмірді ұзартады» мағынасындағы хадисіне Ислам ғұламалары екі түрлі түсінік береді.
1. Ғұмыры мол сауап, қайырлы амалдармен берекеттеніп, аз уақытта бейне бір көп уақыт өмір сүргендей болады.
2. Алла Тағала мұндай құлдарының жақсылық жасайтынын алдын ала әзали ілімімен білгендігі үшін ол құлының өмірін әу баста ұзақ етіп тағдырына жазған.
Сұрақ: Әрбір адамның ажалы алдын ала тағдырында белгіленген. Ал, енді осы ажалы жеткен адамды өлтіргеннің күнәсі не? Бәрібір сол уақытта өлетін еді ғой.
Тағдыр себеп пен оның нәтижесіне біртұтас қарайды. Яғни, Алланың әзәли ілімінде әр адамның ажалы мен ажалына себеп болар іс-қимылдың қай уақытта, қай жерде жүзеге асатыны алдын ала белгілі болғандықтан тағдырға солай жазылған. Өлген адамның өлім уақыты ғана емес, онымен бірге оның өліміне себеп болатын іс-әрекет те алдын ала білінгендіктен, себеп-нәтиже тағдырға бірге жазылған. Өлген адамды ол адам өлтірмегенде, оның өлімі немен жүзеге асатыны бізге беймәлім. Мысалы, жол апатынан болды дейік. Онда оның тағдырына ажалы «жол апатынан болады» деп жазылар еді.
Демек, оны өлтірген адам өз қалауымен өлтіргендіктен ақыретте жауапқа тартылады.
 

Қайрат ЖОЛДЫБАЙҰЛЫ,
muslim.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста