АТА-АНА БАЛАНЫ ҮЙЛЕНДІРУГЕ МІНДЕТТІ МЕ?

АТА-АНА БАЛАНЫ ҮЙЛЕНДІРУГЕ МІНДЕТТІ МЕ?

Үйлендіру ата-ананың борышы. Ондаған жылдар бойы құдайсыздар билік құрған материалистік идеологияның ықпалында келген қазақ қоғамында мұсылмандық таным-нанымға, әдет-ғұрыпқа мүлде сәйкес келмейтін керағар, керітартпа әдеттер пайда болды. Солардың бірі – өмірлік жар таңдау атты маңызды мәселенің ешбір тәжірибесіз, балаң да албырт жігіттер мен ештеңеден хабарсыз қыздардың өздеріне қалдырып, осы жауапкершілікті ата-аналардың мүлде сезінбеуі деуге болады деп жазады asyldin.kz тілшісі.

 

Бұл мәселеде ата-аналардың басым бөлігі: «Жастар өздері білер, өздері шешер», немесе «өзі ұнатқанын алсын, ұнатқанына шықсын» деген пікірді ұстанады. Мұның арты кейбір кездері орны толмас өкініш тудырып жататыны жасырын емес. Ал, шынтуайтына келсек, шариғат заңы бойынша ұлына лайықты келін, қызына лайықты жар тауып беріп үйлендіру, тұрмыс құрғызу – ата-ананың пер-зент алдындағы борыштарының бірі.

 

Имам Байһақидың сахабалар Әбу Сағид әл-Худри мен Ибн Аббастан (Алла ол екеуіне разы болсын) жеткізген бір риуаятында Алланың Елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Кімнің баласы туылса, оған жақсы ат қойсын, жақсы тәрбие берсін, балиғат жасына жеткенде үйлендірсін. Егер балиғат жасына жеткенінде оны үйлендірмей, ол күнәға ұрынып қалса, оның күнәсі әкесіне жазылады», - деген. Пайғамбар (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) басқа бір хадисінде былай дейді: «Балалардың әке-шешесіндегі ақысы үшеу:

 

1. Туылғаннан кейін жақсы есім беру.

 

2. Балиғат жасына келгенде Алланың Кітабын үйрету.

 

3. Үйлену шағына жеткеннен кейін үйлендіру».

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста