Ананың қызына жазған хаты

Ананың қызына жазған хаты

Егер айтқан сөздеріме құлақ салып, үнемі жадыңда сақтасаң дүниеде тыныш, бақытты өмір сүретініңдей ахиретте де мәңгілік бақытқа қол жеткізесің. 
1) Қанағатшыл бол! Яғни жолдасың үйге алып келген азық-түлік, киім-кешек барлық нәрсені шын жүрекпен қабыл ал! Оған рахмет айтып, алғысыңды білдір! Өйткені, қанағат – көңілді тыныштыққа, бақытқа қауыштырады. 
2) Күйеуіңнің сөздерін мұқият тыңда және оның күнә болмаған әмірлеріне мойынсұн! 
3) Үйің, айналаң, барлық нәрсең әрдайым таза, жинақы болсын! 
4) Күйеуіңнің ұйықтайтын, тамақтанатын кездерін жақсы біл. Ол бұларды қай уақыттарда жасайтын болса, сен сол уақыттарда тамағын әзірлеп, төсегін салып қой. Өйткені, аштық пен ұйқысыздық адамды ашуландырады. 
5) Күйеуіңнің дүниесін көзіңнің қарашығындай сақта, ысырапшылдыққа жол берме. Істеген істеріңді, жақсылықтарыңды міндетсінбе! Жақсылыққа жасалған жақсылық тез ұмытылады, ал жаманшылыққа жасалған жақсылық ешқашан ұмытылмайды. 
6) Күйеуіңнің туған-туыстарына, жақындарына құрмет көрсет! Күйеуіңнің қателіктерін жалғыз кезінде өзіне жұмсақ тілмен айт! 
7) Күйеуіңнің сырларын ешкімге тіс жарып айтпа! Себебі, ерлі-зайыптылардың арасындағы сыр өздерімен бірге қабірге кетуі керек. 
8) Күйеуіңнің қайғысы мен қуанышына ортақ бол! Оған барлық жағынан да өмірлік жақсы жар бол! Өтірік – отбасын іштен шірітетін құрт секілді. 
9) Өз араларыңдағы мәселені өздерің шешіңдер! Оларды бізге және өзгелерге айтушы болма! Ешкімнің қолдауынан үміттенбе! 
10) Күйеуіңнің алуға қиналатын, шамасы жетпейтін нәрселерді алып беруін талап етпе! 
11) Әйелінің жақсы мінезді болуы – еріне жаннат ниғметі. Сен жолдасыңа жаннат ниғметі бол! Оған азап шектірме! 
12) Бұларды тек оның қалауларын және оның ризалығын алдыңғы қатарға қойғанда ғана орындай аласың. Үнемі алдыңғы қатарға өзіңді, өзіңнің қалауларыңды қойсаң, бұл насихаттың ешбірін орындай алмайсың. 
13) Бес уақыт намазыңды шарттарына сай оқымайтын болсаң, бұл саған да, күйеуіңе де, бала-шағаңа да пәлекет ретінде жеткілікті. Бес уақыт намаздың дұрыс болуы үшін ғұсыл және дәрет дұрыс болуы шарт. Бұлардың пайдасын көру үшін сенім (ақида) дұрыс болуы шарт. Дұрыс сенім - әһли сүннет уәл жамағат сенімі. Барлық нәрседен бұрын осыларды үйреніп, жүзеге асыру қажет. Осылар дұрыс болса, қалғандары уақыт өте келе түзеліп кетеді.  

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста