Алматыда орталық мешітте күн сайын 500 адамға ауызашар беріліп жатыр – фото

Алматыда орталық мешітте күн сайын 500 адамға ауызашар беріліп жатыр – фото

Рамазан айы басталғалы Алматының орталық мешітінде күн сайын жүздеген адамға дастархан жайылып жатыр. Ораза айында жайылған дастарханнан дәм татуға жиналған жамағаттың арасында қариялар мен жастар, студенттер мен балалар, тіпті шетелдіктер де бар. Sputnik Қазақстан тілшісі "Рамазан шатырындағы" дайындық пен ауызашардың қалай өтетінін көріп қайтты.
Бұған дейін қаланың бас имамы Төлеби Оспан Алматы орталық мешітінде "Рамазан шатыры" құрылып, күнделікті 500 кісіге ауызашар дастарханы жайылатынын айтты. Сондай-ақ қала мешіттерінде де ауызашар беріледі.
"Рамазан шатырында" дастархан жаюға дайындық кешкі бес жарым шамасында басталады. Мешіт маңына қала тұрғындары да кешкі сағат алтыдан бастап жиналады.

Халық жиналып жатқан уақытта "Рамазан шатырының" маңына су себіліп, қызметкерлер қызу жұмыс істейді. Ал ауызашар дастарханында Алматы орталық мешітінің бес қызметкері мен он шақты ерікті қыз қызмет етіп жүр. Олардың арасында мешітте құран үйрену курсына қатысып жүрген қыздар да бар.

Алматы орталық мешітінің наиб имамы Қасым Әшімовтің айтуынша, бұл шара Ораза айында жыл сайын өтеді.
"Рамазан шатыры" – Алматы қаласы орталық мешітінің жыл сайын Рамазан айында ұйымдастырып жүрген, дәстүрге айналған шарасы. Бұл шатырдың астында бір мезетте 500-ге жуық адам ауыз ашады. Бұл жерде ас-судан бөлек, білікті ұстаздар уағыз айтады. Имамдар келген жамағатқа сұрақтар қойып, діни біліміне қатысты ойындар ұйымдастырады. Арасында спорттық сайыстар да өтеді. Мақал-мәтел жарысы да бар. Соның бәрі шатырдың астындағы 40 минутта өтеді", - дейді Қасым Әшімов.

Мешіт қызметкерлері мен еріктілер дастархан жайып жатыр. Олардың арасында мешіттегі ұстаздардан сабақ алып жүрген бойжеткендер де бар.
"Хадисте "Ораза ұстаған адамның аузын аштырса, сол ораза ұстаған адамның сауабындай сауап алады" делінген. Соған сүйене отырып, сауапқа асыққан адамдар ниет етеді. Арасында мешіт ауласынан өтіп бара жатып қызығатын кісілер де бар. Кей кезде бір кісі екі не үш күн қатарынан дастархан жаяды, кейде 3-4 кісі бірігіп ауызашар береді", - дейді ол.

Ауызашар уақыты жақындаған кезде қыз-келіншектер дастарханға ыстық дәмді қоюға асығады. Күні бойы ниет етіп ораза ұстаған азаматтар да шатыр маңына жақындайды.

Жалпы алғанда жиырмаға жуық адам дастархан жаяды. Қыздар бір қатарға тұрып, палауды дастарханға қойып жатыр

Жиналған қауым ас ішіп болған соң бірден дастарханнан тұрып кетпейді. Үлкендер мен балаларға бөлек-бөлек сұрақтар қойылып, сыйлықтар беріледі.

Құптан намазының уақыты кіргенше ұлттық аспаптарда музыка шырқалады.

Айта кетері, биыл рамазан айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталады. Ал 2 мамыр – Ораза айт күні. Осы жылы ораза 30 күнге созылады.

27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – қасиетті Қадір түні. Пітір садақа мөлшері 500 теңге болып белгіленді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста