«Алланың жолында» дегенді қалай түсінуге болады?
Әдетте бағзы адамдар «Алла жолында» деген сөзді бір мағынада, яғни «Алла үшін күрес», «жиһад» мағынасында ғана түсініп, қолданады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Kazislam.kz-ке сілтеме жасап.
Бір күні пайғамбар асхабымен бірге отырған кезде, жандарынан денелі, күш-қуаты көзге ұрып тұрған ер адам өтеді.
Отырғандардың бірі: «Уа, Алланың Елшісі! Шіркін, мына адам бойындағы күшін Алла жолында қолданғанда ғой!» – дейді.
Сонда пайғамбар (с.ғ.с.): «Егер ол адам отбасы үшін еңбек етсе, онда ол Алланың жолында. Егер қарт ата-анасының жәрдемшісі болып, олардың мұқтаждығын өтесе, ол да Алла жолында жүргені. Ал егер өз даңқы мен ізгілігі үшін еңбек қылса, ол да Алла жолында жүргені. Алайда, ол рия мен көзбояу үшін жүрсе, онда ол шайтанның жолында жүргені», – деп жауап береді (Табарани).
Осылайша пайғамбар айналасына және өзіне пайдасын тигізіп, көмектесу мақсатында жүрген адамың Алла жолында екенін түсіндіріп, адал еңбек етуге шақырған.