Алла үшін не қидық?

Алла үшін не қидық?

Құдай жолы деп құрбандыққа мал шалдық. Дегенмен, әртүрлі ойлар адамды мазалайды. Мәселен, ұялуым керек екенін жақсы білсем де, біртүрлі қажетінше ұяла алмайтынымды ойланамын. Демек, ұялудың өзі бір нығмет һәм игілік деген сөз. Өз-өзімнен:

– Алла тағаланың разылығын іздеу жолында қиған нәрсем бар ма? Мәселен, өзім құқылы болған нәрсемнен бас тартуым немесе сол жолда жанқиярлық секілді ерен ерлігім бар ма өзі? – деп сұраймын. Осы жолда шен-шекпенімді қидым ба, жоқ әлде қымбат тауарларымды қидым ба? Немесе, істеп жүрген жұмысымнан айырылдым ба? Әлде, абыройымнан айырылдым ба? Жоқ, бұлардың ешқайсысы да болған жоқ. Дегенмен, мұндай нәрселерден айырылу да толыққанды жанқиярлық саналмас еді. Өйткені, мұндай қиыншылықтардан кейін Алла тағала одан да жақсысын нәсіп етіп, берекесін береді. Қанекей, қаласаңыз өзімізге қойылатын сұрақтың дәрежесін бір сатыға көтеріп көрейікші:
– Олай болса, осы жолда қайта орнына келмейтін ағзаларымды, дене мүшелерімді қия алдым ба?
Ең бастысы, менің аяқ-қолым, көз-құлағым барлығы орнында. Ешқайсысын әлі Алланың жолында пида етпедім. Алайда, кейбір жандарды көріп жүрміз, олар мал-дүниесін, лауазымын, тіпті, дене мүшелерін де дін жолында пида еткен. Сөйте тұра, Жаратушыға еш шағымданбайды. Тіпті, шағым айтып, мұңын шағу да ойларына келмейді. Осы орайда қарт тарихқа ой жүгіртіп көрейік.
Тарихта жалған пайғамбарлардың шыққаны белгілі. Сондай жалған пайғамбардың біріне қарсы ұйымдастырылған Ямама шайқасында әкелі-балалы екі адамның көрсеткен ерен ерліктерін еске түсірейік. Әкесі Туфейл өмірін қиып, шәһид болады. Ал, ұлы Амр болса, оң қолынан түгелімен айырылады. Ұлы Жаратушының жолында әке өмірінен, бала қолынан айырылады. Бірақ, Амр еш қапаланбайды. Тіпті, «неге әкем секілді ыстық құмның үстінде шәһид болмадым» деп қынжылды. Сөйтіп:
– Демек, әкеммен бірге жәннатқа кіру нәсіп болмағаны да, – деп қиналды.
Амр ибн Туфейл бірде мұсылмандардың әміршісі хазірет Омардың (р.а.) мәжілісінде отырады. Содан бір уақытта алдарына ас келеді. Елдің барлығы асқа қол созғанда Амр дастарханға жақындамастан ұзақтау отырады. Бірақ, қанша айтқанынан қайтпай отырып алса да, Омар (р.а.) оған:
– Сенің дастарханға жақындамай отырғаныңның себебін түсінгендеймін. Оң қолың жоқ, ал сол қолыңмен жемейсің. Сол себепті асқа қарамайсың, солай ма? – деп жақындай түсіп, сөзін ары қарай жалғап:
– Мына нәрсені жақсылап біліп алғайсың. Арамызда сенен басқа бір ағзасы өзінен бұрын жәннатқа кеткен адам жоқ. Ал, сен отырмаған дастарханға біз әлбетте лайық емеспіз. Сенімен дастарханның басына бір отыруымыз біз үшін үлкен мәртебе. Кел, арамызға қосыл! Бізді бір ағзасы өзінен бұрын жәннатқа кеткен жанмен бірге отырып ас ішу құрметіне бөле. Мына біздер, ең болмаса, осыны көңілімізге медет тұтайық, – деді де, қолын жайып:
– Уа, біздің Раббымыз! Біз Сенің жолыңда ешбір ағзамызды пида ете алмадық, алайда, пида еткен бір бауырымызбен бірге бір дастархан басында отырдық. Соның құрметіне бізді кешіргейсің! – деп дұға жасайды.
Иә, Құдайдың разылығына жету үшін төрт нәрсені тәрк ету керектігі айтылады. Діни шығармаларда дүниені тәрк етудің өлшемі былайша түсіндіріледі: «дүниеге қатысты істерден келетін пайданы жақсы көрмеу және жоғалтқан дүниеге қайғырмау». Яғни, дүниені тәрк етуге қол жеткізген адам жер жүзі оның иелігінде болса да, оның жүрегін оншалықты қуаныш кернемейді. Қайта сол нығметке шүкір етумен қатар, «уа, Алла тағалам! Ие болған бұл мүліктер маңызды емес, өйткені, мен үшін Сен және Сенің разылығың маңызды» дейді. Бүтін дүниені жоғалтса да, жүзінен ешқандай да қайғының табы білінбейді.
Дүниені тәрк ету мәселесінде ең керемет мысалдар-дың бірі – хазірет Әйюб (ғ.с.) пайғамбардың басынан кешкен хәлі. Хазірет Әйюбтің сабыры мен тәуекелін тек оның ауруға душар болғандағы жағдайына ғана емес, тұтас өмірінде тап болған сынақтарына ой жүгірту арқылы көз жеткізуге болады. Алла тағала оны әртүрлі жағдайлармен сынады.
Әйюбтің (ғ.с.) бірде қойларына қасқыр шабады, бірде еккен егінін жел ұшырып кетіп, оны естіген Әйюб Құдай тағалаға еш шағым қылмастан терең сабырда болады және өзіне-өзі былай дейтін: «Еш қайғырма! Бұл дәулетті Раббым берді, енді оны кері алды. Оларды маған беріп, пайдаландырғаны үшін және де дер кезінде аманатын өзіне алған Раббыма сансыз мақтау-мадақтар болсын…».
Басқа бір күні жер сілкінісінен соң, балаларының мерт болғанын естіген хазірет Әйюб (ғ.с.) балаларына деген махаббаттан көзіне жас толса да, Ұлы Жаратушының алдында терең сабыр, үлкен тәуекел және шексіз бойұсынушылық танытады да, тағы былай дейді: «Маған аманат етіп балалар беріп, сосын оны кері алған Алла тағалаға сансыз мақтаулар болсын».
Әрбір сынақтан соң шайтан хазірет Әйюбтің (ғ.с.) жанына келіп, «сен құлшылық етудесің, өзіңді толық осы жолға арнағансың, алайда, Алла тағала балаларыңды алды, дәулетіңді жоқ етті. Онымен қоймай ауруың да күн өткен сайын күшеюде. Соған қарамастан әлі де құлшылық ете бермекпісің?», – деп, қанша азғыруға тырысқанымен дегеніне жете алмады. Хазірет Әйюб (ғ.с.) барлық сынақтарға сабыр сақтады. Бар қиыншылықтарды шын пейілмен қабылдап, «Алла тағалаға мақтаулар болсын, Өзі бергенін Өзі алды», – дейтін. Оған қоса «Оның бергін нәрселері аманат, мен аманатты арқалаушымын. Ол мені аманат жүгінен босатты», – деп терең ойға берілетін.
Міне, адам дүние істерінде иелік еткен нәрселерін осындай өлшеммен қабылдауы керек. Ол дүние-мүліктің кейбірін немесе барлығын жоғалтып алған жағдайда оның көңіл-күйіне еш әсер етпесе, онда ол адам дүниені шын мағынада тәрк еткен болып саналады.
Дүниені тәрк ету ешқашан дүние жимау немесе дүниеге иелік етпеу керек деген сөз емес. Бұлай болғанда адамдар ортақ іске жұмылмас еді әрі артық дүние табуға, байлық жиюға ұмтылмас еді. Керісінше, мүмін көп еңбек ететін, көп ақша табатын адам болуға тиіс. Алайда, тапқан-таянғанын тек қарақан басына жұмсамауы керек. Мұсылманның, тіпті, Қарұн байдай бай болуға құқығы бар. Құдай тағаланың рұқсат шеңберіндегі бүкіл ләззат атаулыдан қалағанынша пайдалануына әбден болады әрі дінімізде де мұндайға тыйым жоқ. Яғни, байлық жыюда тұрған дәнеңе жоқ. Негізгі мәселе мынада: Алла тағала берген дүние-мүлікті мүміннің тек қарақан басына ғана жұмсап, басқаға көмек беруден тартынуы. Соның нәтижесінде ізгі іске талпынысы азайып, ұяты кеміп, дүниеқұмарлыққа салына түспек. Құдай одан сақтасын.

www.islam-orkeniet.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста