AЛЛА TАҒАЛА ТӘУБЕ ЕТКЕНДІ КЕШЕДІ
قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: اَلْكَذِبُ يُسَوِّدُ الْوَجْهَ وَالنَّمِيمَةُ عَذَابُ الْقَبْرِ. (هب)
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Өтірік бетті қарайтады. Сөз тасу қабір азабы (себеп)». (Бәйхақи, Шуғаб ул-Иман)
Aлла Tағала айтады: “...Уа, мүміндер, (күнәларың үшін өкініш білдіріп,) бәрің бірауыздан Aллаға тәубе етіңдер. Сонда ғана (азаптан құтылып) мақсат-мұраттарыңа жетесіңдер”. (Нұр сүресі, аят 31)
Әзірет Әли (к.у.) айтқан: Расуллуллаһтың (с.a.у.) былай дегенін Әбу Бәкірден (р.а.) естідім: “Пенде қандай да бір күнә жасап, артынша дәрет алып, намаз оқып, күнәсын ойлап Алладан кешірім сұраса, сөз жоқ, оны кешу Аллаға хақ болады”. Өйткені Aлла Tағала айтқан:
“Ал енді кімде-кім жамандық жасаған соң немесе (күнәға батып) өз-өзіне қиянат жасағаннан кейін Aлладан кешірім тілесе, Aлланың өте кешірімді, (әсіресе тәубеге келіп Өзіне бет бұрған мүмін құлдарына) ерекше мейірімді екенін көреді” (Нисә сүресі, аят 110) (Mәктубат Имам Раббани, т. 2, х. 66)