Альберт Эйнштейн "Құран" оқыған ба?

Альберт Эйнштейн "Құран" оқыған ба?

1905 жылы Альберд Эйнштейннің бастауымен, басқа да ғалымдардың нәтижелі жұмыстары арқасында ашылған арнаулы салыстырмалылық теориясы (АСТ) бойынша, жарық жылдамдығына сай шапшаңдықпен қозғалу кезінде уақыттың баяулау эффектісі (сағат тілі жүрісінің бәсеңдеуі) VII ғасырда түскен Құран аяттарында белгілі болуы ғажайып жаңалық емес пе ?
Құран - Аллаһ сөзі. (ғылыми негізделген дәлел)
«Құран тек күллі жаһан халқы үшін ақыл-кеңес.Бір кезден соң оның шындығын білетіндерің даусыз.» Сад сүресі 87-88 аяттар.
Құран аяттарын дәлелдеу, мұсылмандарға мақсат емес.
Ал,Құран аяттарын ұлықтау, бізге міндет.
Ассалаумағалейкүм, қадырлі мұсылман бауырлар! Абай атамыздың:
Алланың өзі де рас, сөзі де рас,
Рас сөз ешуақытта жалған болмас,
Көп кітап келді Алладан, оның төрті,
Алланы танытуға сөзі айырылмас, - деген сөздерінен, Құран аяттарының ашылған, ашылмаған ғылыми мәліметтерге толы екендігін атап өткен жөн. 610 жылы шамасында Мұхаммед пайғамбар ғалейһи- с-сәләм, Алла Тағаланың сөзін алғаш естіген. Аллаһ (cубханаһу уа Тағала) періштелер арқылы Аллаһ сөздерін 23 жыл бойы жеткізіп тұрған. Құран-Аллаһтың сөзі. Аллаһтың әлемде теңі болмағанындай Аллаһтың сөзі-Құранмен, ешбір пенденің сөзі теңесе алмайды. Ол шүбәсіз “Құран-анық шындық”,- делінген “Ал-хаққа”- сүресінің 51 аятында. Міне, осы аяттың өзі көзі ашық, көкірегі ояу мұсылмандарға кәміл сенім тудырады.
Дегенмен, кейбір басқа дін өкілдерінің күмәні әлі де сейілмеген. Сондықтан, Құран-Аллаһ сөзі екенінің ғылыми дәлелі ретінде төмендегі жайды кең көлемде қарастыру артық болмауы тиіс. Сырттай, үстірт қарағанда, бұл тақырыптың дінге еш қатысы жоқ тәрізді болғанымен, терең зерттеу барысында тікелей “Құран” аяттарына байланысты екендігін көруге болады.

ХХ ғасырдың данышпаны.
Бұл құбылыс физика пәнінің орта мектеп деңгейінде де, жоғарғы техникалық оқу орындарының бағдарламаларында да қарастырылады. Мақала жалпы көпшілік оқырмандарға арналғандықтан, жеңілдік тудыру үшін, аздаған түсінік бере кетуді жөн көрдім. Бүкіл әлем ғалымдарын дүр сілкіндірген жаңалық, ХХ ғасыр басында А.Эйнштейннің басқаруымен “Арнаулы салыстырмалылық теориясының” ашылуы болды. 1905 жылы пайда болған осы теорияның негізіне А.Эйнштейн экспериментальды фактілер қорытындысынан туындаған постулаттарды алған.
Постулат-1: Барлық инерциалды қозғалыстағы санақ жүйелерінде механикалық, оптикалық және электромагниттік құбылыстар бірдей өтеді.

Постулат-2: Вакуумдағы жарық (фотон) жылдамдығы жарық көзінің қозғалыс жылдамдығына тәуелді болмай, барлық инерциалдық жүйелерде бірдей болады және мәні С=300000 км/с, яғни, жарық жылдамдығы не жарық көзінің қозғалысына, не бақылаушының қозғалыс жылдамдығына тәуелсіз. Дененің кеңістіктегі орнын, басқа кез келген қозғалмайтын дене арқылы анықтауға болады. Бұл денені санақ денесі деп атаймыз.Санақ денесі және онымен байланысқан координаталар (х,y,z) жүйесі, уақыт өзгеруін өлшейтін құрал (сағат-t) санақ жүйесін (СЖ) құрайды.Жуық шамамен (жердің өз осі бойынша айналуын есепке алмасақ) жерге байланысты санақ жүйесін инерциалды санақ жүйесі деп қарастыруға болады.Координата басы О жер ортасында орналасады.
OZ-осі жердің айналу осі бойымен, ал ОХ және ОY осьтері экваториалық жазықтықтарда бір - біріне тік бұрыш жасай орналасады.Қарапайым жағдайларда координаталардың басын (О) санақ денесінің кез келген жеріне орналастыруға болады. Мысалы: автотұрақ, әуежай, тұрғын үй,ға-рышқа ұшыру орталығы т.б. Ал, қозғалыстағы денелермен байланысты алынған санақ жүйелерін, қозғалыстағы санақ жүйесі (қозғалыстағы автокөлік, ұшақ, ғарыш кемесі, сияқты қозғалушы денелермен байланысты) ретінде алуға болады. Қозғалыс осы санақ жүйесінің басы, 0-нүктесінен басталады деп есептеледі де, кез келген сәттегі орны көрсетілген координаталар (x,y,z) арқылы, уақытқа тәуелді анықталады. Жарық жылдамдығы, “С”-шекті жылдамдық. Арнаулы салыстырмалылық теориясы жарық жылдамдығының мәні кез келген өзара әсерлесудің шекті мәні болатындығын көрсетеді. Бұл жылдамдық кез келген денелердің қозғалыс жылдамдығының шегі болып табылады. Салыстырмалылық теориясының негізгі қорытындыларының бірі Лоренц түрлендірулерін қолдану арқылы әр түрлі санақ жүйелерінде уақыт өтуі де әр түрлі болатынын көрсету. Қозғалыстағы санақ жүйесінде уақыт өтуі (сағат тілі жүрісінің), қозғалыссыз тұрған санақ жүйесінде уақыт өтуінен (сағат тілінің жүрісінен) баяу болатынын көрсетеді.Арнаулы салыстырмалылық теориясына сай уақыт өтуінің баяулауы тек жарық жылдамдығына жақын шапшаңдықпен қозғалған жағдайда ғана байқалады да, белгілі теңдеу арқылы анықталады (теңдеу кез келген физика пәнінің анықтамаларында бар). Уақыт өтуі қайрылмайтын құбылыс. Уақытты кері қайтару мүмкін емес.Оны төмендегі “егіздер парадоксы”,-деп аталған жағдайдан байқауға болады.Жер бетінен ұшырылған, жылдамдығы жарық жылдамдығына пара-пар, зымыранмен ғарышқа саяхат жасаған егіздердің біреуі, жерге қайтып оралғанда, өзінің жерде қалған сыңарының қартайғанын байқап, қайран қалады. Мұндағы ұшу көрсеткіштерін есептеп шығаруға болады. Жерден ұшырылған зымыранның жылдамдығы мен жарық жылдамдығының қатынасы v/c=0,99 тең болсын,- делік. Зымыран 50 жылдан кейін (жердегі уақыт бойынша)қайтып оралса, А.Эйнштейннің салыстырмалылық теориясы бойынша, зымырандағы санақ жүйесінде, өткен уақыт 1 жыл ғана болады.Егер ғарышкердің ұшар алдындағы жасы 25-те болса, жер бетінде (үйінде) қалған жаңа туған сәбиі,кездесу кезінде 50 жасқа толып, 26 жасар әкесін қарсы алады.
Мұндай жас айырмашылықтары зымырандағы (қозғалыстағы) санақ жүйесіндегі уақыт өтуі, жерге байланысты (қозғалмайтын) санақ жүйесіндегі уақыт өтуінен өзгеше екенін көрсетеді.Зымырандардағы уақыт өтуінің баяулауы тек қана сағат жүрісіне әсер етіп қоймай, барлық өзге де процестерге, яғни ғарышкерлердің биологиялық ритміне әсерін тигізеді. Сондықтан «егіздер парадоксы» тек қана алдамшы логикалық қарама қайшылық тудырады. Сонымен қатар, «егіздер парадоксында» олардың арасындағы толық симметриялық құбылыс байқалмайды. Бұл жағдайда уақыттың баяулауы тек қозғалыстағы жолаушыда болатындығын, құбылыстың біруақтылық салыстырмалылық принципіне байланысты екендігін ұғуымызға болады. Уақыттың баяулауын, ағайындылардың әрқайсысы тұрғысынан арнаулы салыстырмалылық теорясы (АСТ) бойынша элементар түрде де және талдау арқылы инерциалды емес жүйеде де есептеп шығаруға болады. Қай жолмен шығарылса да есеп нәтижелері бірдей болады да, жолаушының жасының үйде қалған егізінен жас болатынын көрсетеді. Элементар бөлшектердің өмір сүру уақытын ұзартуға және макроскопиялық сағаттардың жүрісін баяулатуға арналған көптеген эксперименттер, әрқашан өте үлкен жылдамдықтарда жүргізіледі. Мұндай шаралар АСТ дұрыстығын дәлелдейді.

Дін мен ғылым арасындағы байланыс.
Ең ғажайып таңғаларлық жай, осы физикалық құбылыс, VII ғасырда түскен “Құран” аяттарында сипатталған. Құранның кез келген аяттарын түсіну жолында ол аяттың басқа аяттармен байланысты екендігін және с.ғ.с. Мұхаммед пайғамбарымыздың Сүннеттерімен бірге қарастыруымыз қажет.
”Негізінде Аллаhтың қасындағы 1 күн, сендер санайтын 1000 жылмен тең” «Хаж» сүресі, 47аят (22-47), деп жазылса, “Көкке (Аллаға) 50000 жылда жететін жолға періштелер мен Рух (Жәбірәйіл) 1-ақ күнде ұшып барады”, «Мағариж» сүресі, 4 аят(70-4), деп жазылғанын ескерсек, аяттардағы уақыт айырмашылығы салыстырмалылық теориясымен сәйкес келетінін көруге болады. Атап айтқанда, қарастырылған сүрелер аяттарының (22-47), (70-4) және “егіздер парадоксы” есептеулеріндегі қозғалыстағы жүйедегі уақыт өтуінің баяулауы қозғалыссыз жүйедегі уақыт өтуіне қарағанда 50 есе өзгеретінін көрсетеді. (50000:1000=50:1). Сонымен біз қарастыратын жүйе жарық жылдамдығына жақын ( V=300000 км/с жуық),жылдамдықпен қозғалса, ол жүйеде уақыт 50 есе баяулайды, яғни періштелер мен Рух (Жәбірәйіл) ұшып өткен 1 күн біз орналасқан жердегі уақыт санауы бойынша 50000 мың жылға тең болады, ал Аллаһтың қасындағы уақыт өлшемі бойынша 50 күнге тең деп, болжауымызға болады. Қорыта айтқанда, XX-шы ғасырда әлемді дүр сілкіндірген, А.Эйнштейннің салыстырмалылық теориясы VII-ші ғасырда тусірілген, Жаратушы бір Аллаһтың сөзі-Құранда тайға таңба басқандай айқын жазылған. ”Мағариж” сүресінің 4-ші аяты мен ”Хаж” сүресінің 47-ші аятының арасындағы уақыт өзгерісінің үйлесімділігі мынандай болжам жасауға мүмкіндік береді;
1. «Мағариж» сүресінің 4 аятының жасырын мағынасын түсіндіруге, яғни періштелер мен Рух (Жәбірәйіл) көкке көтерілгендегі уақыт өтуі Аллаһ қасындағы уақыт өтуінен 50 есе баяу болатындығын, атап айтқанда, ұшу кезіндегі олардың 1 күні, Аллаһ қасында өтетін 50 күнге тең.
2.Періштелер мен Рух қозғалыстары кезіндегі уақыттың баялау эффектісінің орын алуы, олардың жылдамдықтарының жарық жылдамдығымен шамалас болуын анықтайды. Сүйікті пайғамбарымыз с.ғ.с. Мұхаммед өз хадисінде «періштелер нұрдан жасалғанын» айтады.
3.Анықталған уақыттың баяулау ЭФФЕКТісі А. Эйнштейннің Арнаулы Салыстырмалылық Теориясының дұрыстығын көрсетеді.
4. Фотон-жансыз жарық бөлшегі. Аллаһ тағаланың жаратқаны. Қасиеті: жансыз, тіршілік көзі, вакуумда ең шапшаң жылдамдықпен қозғалады. Жылдамдығы С=300000 км/с шамалас. Тыныштық (қозғалыссыз) күйде массаға ие болмайды, яғни қозғалыссыз күйде ФОТОН өмір сүре алмайды (жоғалады), басқа күйге өтеді. Жарықтың электромагниттік те қасиеті бар.
5.Періште НҰРдан жаратылған. Аллаһ тағаланың жаратқаны. Қасиеті: тіршілік иесі, Аллаһ тағалаға ғибадат ету, бұйрықтарын орындау, Аллаһ пен пайғамбарлар арасындағы байланысшы, нәпсіден таза, ішіп жемейді, көзге көрінбейді, нәзік, арайлы, Аллаһ қалаған бейнені қабылдайды, жарық (Фотон) жылдамдығына сай жылдамдықпен қозғалады.

“Аллаһ тағаладан басқа ешкім жердегі, аспандағы ғайыпты білмейді”,- делінген “Нәміл” сүресінің 65 аятында. Осы аятты есте ұстай және қарастырылған ғылыми дерекке сүйене отырып, анықталған мәліметтер біздің тек болжамымыз екенін есте ұстауымыз абзал. Бар шындық Жалғыз Жаратушы хұзырында. Дегенмен, Құран аяттарының мағынасын түсіну үшін ақыл-ой елегінен өткізуге тиым салынбайды. “Ант болсын! Сендерге біз жағдайдың бәрі ескертілген бір кітап түсірдік. Сонда да түсінбейтіндерің қалай ?!”,-деп жазылған (Әнбие сүресі, 10 аят). Құран-барша әлемді жаратқан Жаратушының адам баласы, ғалам, жан-жануарлар, табиғат тылсымдары туралы сырларды бүкіл әлем жұртшылығына паш еткен шындық кітабы. Өйткені, Құран адамзат, әлем, табиғат жайлы таңқаларлық түрде мәлімет берген, ал олардың дұрыстығы уақыт өткен сайын, адам баласының ғылыми деңгейі өсуіне сай анықталуда, әрине, бұл да Рақымды, Мейірімді Жаратушымыздың қалауымен, қолдауымен болатыны белгілі. “(Құран білдірген шексіз ақиқаттар арнасы болған) Әр хабардың (және маңызды мәліметтердің) жүзеге асатын бір заманы (мен мекені) бар. Таяуда сендер де шындықты білерсіңдер,”-делінген, Әнғам сүресі, 67 аятында. Сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.с.) өз хадисінде: “ғылым жетілген сайын Ислам (Құран) адам затына ұғынықты бола түседі”,-деген, яғни хадис Құран аяттарындағы ақиқаттар мен мағлұматтардың шынайы деректер екенінің дәлелі ретінде ғылым жетістіктерінің алатын орнының маңыздылығын көрсетеді. Жазылған мақаламыз ғұлама ғалым, атамыз, Ибраһим (Абай) сөз-дерінен бастау алып еді, соңғы ойымды да сол сусындатқан теңсіз таза, тұңғиық бұлақ көзі, данышпан ғалымның 38 қара сөзінен алынған үзінділермен аяқтауды жөн көрдім: «Пайғамбарымыз саллала Аллаһу һалайһи уа сәлләмнің «ақыр заманда бір жылдық, бір күн болар» дегенде сахаба-и кәрәмләр (ізгі сахабалар) «бұл жылдық күнде намаз нешеу болар», деп сұрағанда: оның пәтуасын сол заманның ғалымдары білер деген сөзінен ғибратланып қарасаң, замана өзгеру бірлән қағидалар өзгерілмегін білдіргені мағлұм болады».

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста