Айт мерекесінде міндетті түрде жеті үйге айттау керек пе?
Негізі айт мейрамында кем дегенде жеті үйге кіріп, дәм ауыз тию керек дегенді естіп едім. Бұл қаншалықты рас?
Медет, Ақтау қаласы
Бұл туралы әркім әрқалай айтып жүр. Біреулер: «айт кезінде жеті үйге кіру керек» десе, енді біреулер: «қырық үйге немесе жетпіс үйге айттап кіру керек», – дегенді алға тартады. Бірақ дінімізде, шариғатымызда «нақты мұнша үйге айттау керек» деген міндет жоқ.
Жалпы отыз күнгі ораза мұсылмандарды тақуалыққа баулыса, айт күнгі қуаныш күйбең тіршіліктегі өкпе-назды ұмыттырып, мұсылмандардың бауырмалдығын күшейте түседі. Олай болса, отыз күнгі оразамен халқымыз тақуалыққа бой ұрып, тектілік тұғырына көтерілсін!
Ораза айт мерекесімен ұлтымыздың мерейі тасып, бірлігі мен тірлігі арта берсін деп тілейміз!
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу