АЯҚ-ҚОЛДЫҢ ТҮГІН ЖҰЛУҒА БОЛА МА?

АЯҚ-ҚОЛДЫҢ ТҮГІН ЖҰЛУҒА БОЛА МА?

Ислам діні тазалыққа ерекше мән береді. Соның ішінде адамның денесіндегі түктерді алу - тазалық болып саналады. Адамның денесіндегі түктердіүшкебөліп қарастыруға болады:

 

1. Шариғат алуға тыйым салған түктер. Мысалы: қасты жұлу және т.б. Ибн Масғудтан жеткен риуаятта:

 

لَعَنَ اللَّهُ الوَاشِمَاتِ وَالْمُسْتَوْشِمَاتِ، وَالنَّامِصَاتِ وَالْمُتَنَمِّصَاتِ، وَالْمُتَفَلِّجَاتِ لِلْحُسْنِ المُغَيِّرَاتِ خَلْقَ اللهِ

 

«Алла Тағала денеге сурет салушыны, сурет салғызғанды, қас терушіні, қас тергізгенді, әдемі көріну мақсатында тістерінің арасын ашқандарды, Алланың жаратылысын өзгерткендерді лағнеттеді»[1], - деген.

 

2. Алуды талап еткен түктер. Мысалы, қолтық пен әуреттің түктері. Әнас ибн Малик:

 

وُقِّتَ لنا في قصِّ الشَّارِبِ، وتقليمِ الأظفارِ، ونتْفِ الإبْط، وحَلْقِ العانةِ: أنْ لا تُترَكَ أكثرَ مِن أربعينَ

 

«Бізге мұртты қысқартуды, тырнақ алуды, қолтық және әурет түктерін жұлуды қырық күннен асырмауға бұйырылды»[2], – деген.

 

3. Үкімі айтылмаған түктер. Мысалы, адамның қолы мен аяғының түктері. Бұл түктерді алу немесе сол күйінде қалдыру жайында ешқандай дәлел келмеген. Сондықтан бұл ерікті амалдың қатарына жатады.

 

«Әл-Маусуғату әл-Фиқһия» атты кітапта: «Жұмһур ғалымдары әйел кісіге қол, аяқ, арқасы және қарнының түктерін алуға рұқсат дейді. Ал Мәлики мәзһабында бұл амал уәжіп саналады. Өйткені аяқ-қолдың түгін алмай тастап қою әйелдің көркін бұзады»[3], – деп келген.

 

Қорытындылай келе, шариғатта аяқ-қолдың түктерін алуға тыйым  салынбаған. Егер ер кісінің аяқ-қолының түгін алу денесіне зиян келтірмесе әрі әйелдерге ұқсау мақсаты болмаса оған - рұқсат. Аләйел кісіге ерікті амал болып саналады.

 

 

Такеев Еркебұлан Ермекұлы

Сәтбаев қаласы, Б.Балқыбайұлы мешітінің наиб имамы

 

Ihsan.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста