Адамға қиыншылық Алланы еске алу үшін келеді

Адамға қиыншылық Алланы еске алу үшін келеді

Адам болған соң, неше түрлі қиындықтарға тап келеміз. Әркімнің басында әртүрлі проблемалар кездесіп жатады. Қиналамыз, қайғырамыз, мұңайамыз. Одан шығудың жолын таппай кейде дал боламыз. Осы адамға не үшін қиындық келеді екен? Ислам дінінде бұған қатысты не айтылған?
Хадистерде былай делінген: «Кімде кім тағдырына разылық танытып, қиындыққа сабыр етсе, ал қуанышқа кенелгенде шүкір ететін болса, онда ол бұл дүние мен о дүниенің рахатына бөленеді». Алла тағала сабыр еткен адамды жақсы көреді.
Адам баласы Алланың нәсіп еткен тағдырына разы болуы керек. Кез келген қиындықтарға, жабысқан дерттерге сабыр ету ләзім. Сабыр ету деген сөз, басқа түскен қиындықты әркімге айтып шағымданбау, жыланбау дегенді білдіреді. Басқа іс түскенде айқай-шу көтеріп, (Соншалықты қиналатындай мен не істедім деу), әркімге қиыншылығын айтып жылану арқылы Раббысына шағымданған адам – нығметтерден құр қалады, азапқа лайық болады. Бұл өмірден тартқан қиындықтары үшін сауап алмай, қайта керісінше, күнәға батады. Ал бұл ретте басқа түскен қиындыққа сабыр етіп, Алладан медет сұрағандарға сауап беріледі және қиындықтан шығудың жолын сұрап, Алладан шын жәрдем тілесе, құдыреті күшті Жаратушы ие оның дұғасын қабыл ететіні сөзсіз. Хадисте: «Алланы жақсы көргендер қиындыққа душар болады, сабыр еткендері марапатқа кенеліп, шағымданып, жылағандар жазаға қауышады», - делінген. «Адамдарға басындағы қиындығын айтқан адам сабыр еткен болып саналмайды» деген де хадис бар. «Қайғысын жасырған адамның күнәсі кешіріледі».
Шағымданбау ниетімен айтуға рұқсат етілгенімен, оның өзі жақсы емес. Қиындықты кетіре алатын адамға айтуға болады. Мәселен дәрігерге ауруын айту күнә емес. Бірақ әркімге ауруын айтып, жылана беруге болмайды.
Иманға кенелгендер дүниеде бірнеше күн дерт, қиындыққа тап болмағанда жаннат ләззаттарының қадірін түсіне алмас еді және мәңгілік ниғметтердің қадірін білмес еді. Аштық шекпеген адам тамақтың ләззатын түсіне алмайтыны секілді, қиналмаған адам да рахаттықтың қадірін біле алмайды.
Қиыншылық болмаса адамдар аза бастайды, құтыра бастайды. Ал басына іс түссе, «Иә, Алла, өзің құтқара көр» деп дұға етіп, жалбарына бастайды. Хазреті Сәйфәддини Фаруқи: «Егер Алла тағала құлдарына ешқандай дерт, қиыншылық бермегенде немесе өте аз бергенде адамдар оған ғибадат етуден және Оны зікір етуден ғапыл болар еді... Егер жақсылап ойланатын болсақ, дерт пен қиындықтың өзі адамға берілетін нығмет, Аллаға жақындататын спебеп» деген.
Алла тағала мейірім еткен құлдарына дерт, қиыншылық жіберу арқылы оның жасаған кемшіліктерін кешіреді. Өйткені адамда барлық істің үнемі жақсы болуы Алланы ұмытуға, Оған қарсы шығуға, харам іс істеуге итермелейді.Сондықтан хадисте: «Мұсылмандарда мына үш нәрсенің бірі болады: кедейшілік, ауру және абыройсыздық» деп білдірілген.
Мұса (с.ғ.с) заманында өмір сүрген Перғауын адамдардың өзіне табынуын қалауына 400 жыл өмір сүруі және осы мерзім ішінде бірде-бір рет басының ауырмауы, ыстығының (температурасы) көтерілмеуі себепші болған. Бір рет басы ауырғанда мұндай әдепсіздік ойына да келмес еді. Сондықтан дін ұлылары: «Мұсылманға қырық күн ішінде міндетті түрде бір реніш, ауру, қорқыныш немесе мал-мүлкіне зиян келеді» деген.
Дерт пен қиындық - күнәларға кәффарат болып табылады. Яғни күнәлардың кешіріміне себепші болады. Құран кәрімде былай делінген: «Сендерге келген әр бақытсыздық, өз қолдарыңмен істеп, тапқан күнәларыңның кесірінен. Солай бола тұра Алла көпшілігін кешіреді, бақытсыздыққа ұшыратпайды». Демек, жасаған күнәларымыздың бір бөлігіне жаза ретінде келеңсіздік, бақытсыздық келеді. Осылайша ақыретке қалдырмай, күнәміздің жазасын осы дүниеде тартамыз, ал бұл дүниедегі жаза ақыреттегіден жеңіл. Мұса (с.ғ.с) Тури Сина тауына бара жатқанында жолда алдынан үмметінен бір адам шығады. Үсті басы жара, өзі сырқатты халде еді. Әлгі адам Мұса (с.ғ.с-ға): «Алла тағалаға айтшы, маған мейірімімен мәміле етсін, халімді көріп тұрсың ғой» деп өтінеді. Оның аянышты жағдайынан қатты әсерленген Мұса (с.ғ.с) Тури Сина тауына келгенде «Иә, Раббым, пәлен құлың, сенен мейіріміңді тілеуде» дейді. Алла тағала: «Ей, Мұса, мен оған онсыз да мейірім етудемін, менің мейірімім оны осы халге келтірді» дейді. Мұны Ислам ғалымдары былай түсіндіреді: Алла тағала «барлық амалдарыңның қайтарымын беремін» деген. Ал бұл адамның күнәлары көп еді, дүниеде қиындық бермесе мұның қайтарымы ахиретке қалады. Ал ахиреттің азабы өте ауыр болады. Ол жақта өтеуі өте қиын болады. Алайда мейірім етілгендіктен күнәларының жазасы дүниеде осы ауруларымен жойылады. Сондай-ақ науқастанғандықтан ол құлы да тұрақты түрде «Алла, Алла» деп дұғасын тоқтатпайды. Осылайша мейірімге қауышады.
islamdini.kz сайтынан алынған

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста