Емі дауа Ершат

Ықылым заманда тәуіптерден шипа іздеген халқымыз бүгінде ХХІ ғасырдың игіліктеріне, оның ішінде әуелгі байлығы саналатын денсаулығын күтуде медицинаның жаңа заманғы құрылғылары мен кәсіби мамандар көмегіне жүгінетін болған. Ғалымдар медицинада кәсіби, әсіресе, шетелден білім алып, тәжірибе жинақтаған мамандар тапшылығы байқалатынын алға тартады. Десек те, айырықша емдеу тәсілдерін меңгеруімен ерекшеленетін, жедел сұхбатымыздың бүгінгі қонағы Ершат АХМЕТБЕКҰЛЫ бұл пікірдің жаңсақтау екеніне дәлел бола алатын сияқты. Жоғары санатты маманмен өткізген шағын әңгімені назарларыңызға ұсынып отырмыз.

- Хирургиялық урология саласының көпші­лік біле бермейтін қырлары көп шығар. Сіз не­гізі қандай ауруларды емдейсіз?

- Клиникалық урология және андрологиямен ай­налысқаныма жиырма екі жыл болды. Хирур­гия­лық урология саласындағы жазылуы қиын, күрделі жә­не созылмалы ауруларды емдеу мен анықтауда үлкен тәжірибе жинақтағаным рас. Өмірде түрлі жағ­дайлар болады. Бүгінге дейін бүйректі алмастыру, қуықты кесу, қуықты ауыстырып салу, ота жасау, бүйрек обырын радикалды емдеу, простат обырын то­лық емдеу, бүйрек безінің әртүрлі ісігін кесу, қуық жолындағы мүйізденген тастарды алатын ота, жы­ныс мүшелерінің пластикасын реттеу және қайта қал­пына келтіру, урологиялық жүйедегі ісіктер мен тас­тарды (бүйрек обыры, қуық обыры, еркектік без обы­ры) инвазиялық әдісті қолдана отырып, хирур­гиялық жолмен емдеу сынды көптеген күрделі оталарды жасауға машықтандық қой.

- Ал осылардың ішінде өзіңізді ең көп тә­жі­ри­бе жинақтау тұрғысынан алғанда қай сала­ның мықты маманымын деп есептейсіз?

- Жоғарыда аталған ауруларды емдеудегі тәжі­ри­беге ден қойсақ, мен үшін бөле-жарып қарау қиын. Себебі, осы саладағы кез келген ауруды ем­деу­ге әбден маманданғанмын. Десек те, жиі кез­десетін аурулардың қатарына еркектік без ауруларын, сондай-ақ, жыныс мүшесінің қалыптан ауыт­­қыған түрін қайта қалпына келтіру мен пластикасын емдеуді жатқызуға болады. Мысалы, несеп, қуық тесіктері, несеп жолы, қынап, жасырын жыныс мүшесі, жыныс мүшесінің сколиозы, қысқа жыныс мүшесін қалпына келтіру оталары бізде аса сәтті өтеді. Сонымен қатар, жыныс мүшесінің про­тезін салу отасын жасап, жыныс мүшелерінің күре та­­мырларын қалпына келтіру де еш қиындық туғыз­байды. Бедеулікті және өзге де микрогра­фикалық хирургиялық ауруларды да емдейміз. Арнайы ота­ның көмегімен еркектік бездің қалыптан тыс ор­наласуының зарарсыз түрін емдеп, простатэк­томия­ны толық жазуға қабілетіміз жетеді.

- Сізді Қытайда білім алған деп естіп жатамыз, жалпы өзіңіз туралы айтып өтсеңіз.

- 1989 жылы Қытайдағы Синьцзян медици­на­лық университетін тәмамдадым. Сол жылдың шілде айын­да Синьцзян медициналық университеті жанын­дағы №1 клиникалық аурухананың хирур­гиялық уро­логия бөліміне жұмысқа орналасып, еңбек жо­лым­ды бастадым. Осы емхананың Хирур­гиялық урология бөлімінің бас дәрігері болдым. Сол жерде 22 жыл қызмет атқардым. Қытай меди­ци­на­лық ассоциациясы жанындағы Синьцзян уро­ло­гия­лық хиругиясы ассоциациясының және Синьцзян андрологиялық ассоциациясының мүшесімін.  Елге оралғаннан кейін Алматы қаласында А.Н. Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығында 4 жыл жоғары санатты уролог дәрігер болып еңбек еттім.  Қазір «Шығыс медицинасы» атты жеке емханамды ашып, дәрігерлік жолымды жалғастырып жатырмын. 

Айнұр БАЛАУБАЕВА.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста