Қуық түбі безі (простата) ауруынан сақтанудың және емделудің жолдары

Қуық түбі безі (простата) ауруынан сақтанудың және емделудің жолдары

Қуық түбі безі ауыруы ерлерде жиі кездесетін ауру. Бұл аурулардың пайда болу мөлшері 65 пайыздан асып, қазір ерлердің денсаулығына орасан зиянын тигізетін сырқатқа айналды. Сондықтан, қайткенде қуық түбі безін сақтап және қуық түбі безі ауруының алдын алуға болатындығына ер адамдардың ерекше көңіл бөлгені жөн.

Көптеген созылмалы қуық түбі безі ауруына шалдыққандар, қимыл-қозғалыс жасау ауруды асқындырып немесе жыныс мүшелерінің рөліне зиянын тигізеді деп ойлайды. Іс жүзінде олай емес, лайықты түрде қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасау дененің қарсылық қуатын арттырып, қан айналамын жақсартып, қуық түбі безі  сұйықтығын бөліп шығаруымен бірге, қуық түбі безінің қабынуын басады және созылмалы  қуық түбі безі қабынуының клиникалық ауру белгілерін бәсендетеді. Сонымен қатар дене шынықтырумен айналысса, ол дәрі-дәрмектің қуық түбі безіне сіңуін тездетіп, дәрінің әсерін жоғарылатады және бұл дерттің қайталауын азайтады.

Қуық түбі безін қорғау үшін дене шынықтырумен шұғылданған өте пайдалы. Науқас өзінің жасына, дене қуатына, қызығушылығына қарай отырып, жаяу жүру, тез жүру, ақырын жүгіру сияқты  қимыл-қозғалыстарды талдап, құрсақ, шат және білек бұлшық етін қимылдату арқылы қуық түбі безінің қан айналамы мен лимфаның айналысына ықпал етеді. Әсіресе, ақырын жүгіру, суда жүзу сияқты үйлесімді спорт түрлерін таңдаған тиімді. Қарттар мен орта жастағылар қуық түбі безі ауруына шалдыққан жағдайда күнделікті 30-40 минуттай тез жүру әрекеттін жасағаны дұрыс. Бұл ауруға шалдыққан науқастарға  жүгіруге, атқа мінуге, машина жарысы немесе тағы да басқа күш түсіретін қимылдармен айналысуға болмайды. Өйткені ол қуық түбі безінің сұйықтық бөліп шығаруына кедергі жасап, сол жерге қан толып, сулы ісіктің пайда болуы сияқты жағдайларды тудырады. Ондай сәтте ауру одан ары асқына түседі.

Осы ретте бұл ауырудың пайда болуына әсер ететін басты себептерді атап өткен артық болмас.

Біріншіден, ұзақ уақыт қозғалмай отыру. Қиымыл қозғалысы аз, ұзақ уақыт отыратын адамдарда қуық түбі безі ұлпалары қанталап, кіші дәретке отырған кезде несеп жолы шаншып ауырсыну пайда бола бастайды. Асқына келе кіші дәретке отыру қиындап несепке қан аралас шығады. Оған жол бермес үшін кеңседе қызмет істейтіндер әр күні жұмыс арасында бір немесе екі сағат қимыл-қозғалыс жасап тұрса, қан айналымын жақсартып, қуық түбі безіне қан толуды бәсендетеді.

Екіншіден, кіші дәретке уақытында отырмау. Кіші дәретке уақытында отырмаса қуық білеуленіп, қуық бұлшық етінің серпімділігі әлсірейді, тіпті, қуық тұтылып, несепті сыртқа шағару қиынға соғады. Сондықтан, кіші дәретке уақтында отыру керек.

Үшіншіден, ашты, тітіркендіретін азық түліктерді тұтынбау керек. Мысалы, сарымсақ, шикі у сарымсақ, қызыл бұрыш, қара бұрыш сияқты ашты азық түліктер қан тамырды кеңейтіп, дене мүшелеріне қан толуына ықпал етуі мүмкін. Бұл жағдай қуық түбі безі ауруына шалдыққындардың дертін асқындыра түседі.

Қуық түбі безі ауруына шалдыққындар асқабақ, қызанақ, алма сияқты пайдалы жемістерді үнемі тұтынып тұруы керек. Әсіресе, қызынақтың құрамында тамаша антитұтықтырғыш (антиоксидант) ликопин бар. Ол адамның иммунитетін көтеріп, қуық безін қорғап, қуық түбі безі ауруының жазылуына септігін тигізеді.

 

Ершат АХМЕТБЕКҰЛЫ,

жоғары білікті уролог дәрігер,

«Шығыс медицинасы» емханасының басшысы.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста