Дене қызуы көтерілсе, міндетті түрде емханаға хабарласу қажет – бас дәрігер

Мобильді топтар шақырту бойынша үйге барады, күн сайын науқастардың сатурациясын өлшеп, аудио және видео арқылы кеңес береді
Алматыда жедел респираторлық аурудың белгілері байқалған және коронавирус жұқтыруы мүмкін науқастарға мамандарды үйге шақыру арқылы медициналық көмек көрсетіледі. Ол үшін арнайы мобильді топтар құрылған. Бұл туралы онлайн-брифингте Алматы қаласы №32 қалалық емханасының бас дәрігері Артур Қажыбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, мобильді топтар шақырту бойынша үйге барады, науқастарға аудио және видео арқылы кеңес береді. Сонымен қатар биологиялық материалдардың үлгісін алады.

"Егер науқаста ЖРВИ белгілері пайда болса, яғни, дене қызуы, жөтел болса, ол міндетті түрде емханаға хабарласуы қажет. Тіркеу бөліміне қоңырау түссе, олар міндетті түрде мобильді топқа қосады. Олар да телефон арқылы қоңырау шалған азаматтың жағдайын бағалайды. Содан кейін науқасты барып тексереді, көмек көрсетеді", - деді дәрігер.
Мобильді топ науқастан ПЦР тест алады. Содан кейін азамат 14 күн дәрігерлердің бақылауында болады. Екі апта өткен соң екінші рет коронавирусқа қарсы тексеріледі.

Мобильді топ қалай жұмыс істейді
Мамандар күнделікті бір рет қоңырау шалады, дене қызуы, жөтел, ентігу, әлсіздік бар-жоғын біледі. Күн сайын үйіне барып сатурацияны өлшейді, қажет болған жағдайда видео арқылы кеңес береді.

"Науқасты ауруханаға жатқызу барысында ентігудің пайда болуы, дене қызуының көтерілуі ескеріледі. Сонымен қатар науқастың қант диабетімен есепте тұруы, артериялық гипертензия, семіздіктің болуы, жасы маңызды саналады. Науқастың жасы 65-тен асқан болса, жағдайы нашарлап кетпеуі үшін ол дереу ауруханаға жеткізіледі", - деді ол.

Егер мамандарды шақырған науқаста коронавирус белгілері болмаса, бақылау 14 күнге жалғасады. Егер COVID-19 белгісі болса, науқас дереу ауруханаға жатқызылады.  

sputnik.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста