Жылы сөз айтудан қалып барамыз ба?

Жылы сөз айтудан қалып барамыз ба?

Таңның атысынан күннің батысына дейін тыным таппайтын халық күнделікті тірлігімен асығып-аптығып өмір сүреді. Әсіресе үлкен қалалардың тұрғындары үнемі бір нәрсеге үлгермей, көңілдері жай таппай жүргендіктен бе, халыққа қызмет көрсететін үлкен мекемелерде «сіркелері су көтермей» отыратын жұмысшыларға жиі тап болады. Барлығы демей-ақ қояйық, бірақ көпшілік мемлекеттік мекемелерде адаммен сөйлесу мәдениеті былай тұрсын, жөн сұрасаңыз, екі сөз айтуға ерініп, тіпті өзіңіздің жер-жебіріңізге жететіндер аз емес. Мұндайда еріксіз «адамдар неге бір-біріне мейірімсіз, адами қасиет, бір-бірімізге деген сыйластық, сыпайылықтың қалмағаны ма?» деген ойға қаласың.
«Адамның адамсыз күні жоқ» демекші, қажет болған соң, кейде дәрігерге, бала­ңыздың шаруасымен мектепке немесе балабақшаға, құжаттарыңызды туралау үшін тиісті орындарға баруға тура келеді. Байқасаңыз, жұмысшыларына жағдай жасалған, өз қызметтері үшін сізден қандай да бір ақы алатын банк немесе жекеменшік клиникалар, басқа да мекемелер есіктен кіре жағдайыңызды, бұйымтайыңызды сұрап, қолдарынан келгенше көңіліңізді табу­ға тырысады. Ал жалақысына риза емес, өзі қызмет ететін мекемедегі жұмыс істеу жүйесіне көңілі толмайтын немесе басшылыққа өкпесі қара қазандай қызмет­керлер өшін алдына келген қарапайым халықтың өкілінен алатын сияқты. Нарық заманында мәдениетті болу үшін де қалтаң қалың, карның тоқ болу керек пе сонда?! Міне, сондықтан көпшілігіміз пендешілікке салып, «алдына барғанда маған қырын қарамасыншы, мені басқалардан ерекшелеп, кезектен тыс жұмысымды бітіріп бер­сінші» деп қарапайым қызметкерден үлкен басшыға дейін тиын-тебенді тықпалап беріп, жемқорлықты өз қолымызбен жасап алған жайымыз бар.
Сандуғаш Сариева, Алматы қаласының тұрғыны:
– Жақында өзім тұратын аудан­ның емханасына жүктілік бойынша тіркеуге тұрмақ болып, дәрігерге барған едім. Емханадағы науқастарды тіркеу бөлімі мені дәрігердің қабылдауына кешкі 18.10 минутқа жазды. Уақыт бойынша дәрігерге кіргенім сол еді, өзімді тура қылмыскердей сезіндім. «Кешкі уақыт­қа неге жазыласыңдар, сен сияқтылар­дан шаршадық. Қанша қағаз толтыруы­мыз керек, енді сенімен түнге дейін оты­руым керек пе?» деп дүрсе қоя берген дәрігерге не айтарымды білмедім. Онымен қоймай, мені ешқандай тексеруден өткізбестен: «Екі балаң кішкентай екен, үшіншісін несіне көтердің, ағзаң әлсіз», – деген сөзі маған айыптаудай естілді. Ал мен осы дәрігермен сәбиімді дүниеге әкелгенше жиі кездесуіме тура келеді ғой. Бірінші күннен өзіме салқын қабақ танытқан дәрігер­мен тіл табыса алмайтынымызды сезіп, емхана меңгерушісіне басқа дәрігерге ауыстыруын өтініп, өтініш жаздым.
Міне, мұндай жағдайлар қазіргі біздің қоғамда жиі кездеседі. Иә, көпшілікпен жұ­мыс жасау, әр адамның тілін табу – те­мір­дей төзімділікті, сабырлылық пен сал­қын­қандылықты талап ететін күрделі іс. Бірақ күні кеше Гиппократқа ант берген ақ халатты дәрігер немесе келешек ұрпақты тәр­бие­леп отырған ұстаздар, халықтың өз құ­қы­ғын білуіне қызмет етіп отырған заң­гер­лер неге өз мамандығына адал болмас­қа? Әр­кім өз жұмысының ауырлығын айтып міндетситін болса, қиын емес маман­дық жоқ. «Сыйласқанның құлы бол» дейтін қазақ едік, бүгінде қызметіміз сәл өссе, өз­ге­лерге мұрын шүйіре қарайтын, жұмы­сымыз жайсыз, жағдайымыз төмен болса, оған да бас­қа біреуді кінәлайтын халге жет­тік. Өйткені әркім өз мамандығына деген сүйіспеншілікке табыс тұрғысынан қа­рай­ды.
Психолог мамандардың айтуынша, мәде­ниеттілікті ысырып қойып, адамдар­дың ашуға, дөрекілікке тез бой алдыруына материалдық жағдай, қызметтік мәртебе, дұрыс ұйымдаспаған ұжым, отбасындағы кикілжің кері әсерін тигізеді. Осындайдан адамдардың бір-біріне ауыр сөздер айтуы, қоғамдық ортада өзін ұстай алмауы туындайды. Бұл мәселеге заңгер мамандардың да айтар өзіндік уәждері бар.
Тимур Ақшалов, заңгер:
– Қазіргі таңда адамдардың өз құ­қы­ғын дұрыс білмеуінің салдарынан ең­бек кодексі жиі бұзылады. Сондықтан адамдар арасында бір-біріне шағым­дану көбейіп кетті. Көптеген мекемелер еңбек шартымен жұмыс істейтіндіктен, шартты қызметкердің емес, өздерінің мүддесіне қарай икемдеп жасайды. Сон­дықтан жұмысқа орналасарда әр­бір көзі ашық адам шартпен жақсылап танысқаны абзал. Сонда ол өзінің құқы­ғының бұзы­луы­на жол бермейді. Шартта жұмыс ережесі, тәртібі, кестесі, жа­ла­қы мөлшері, басқа да маңызды тұстар толықтай көрсе­тілуі керек. Сон­дай-ақ кез келген адам ай­та­лық, дәрі­герге, халыққа қызмет көр­сету орталық­тарына барғанда өзіне көрсе­тілуі тиіс қызметті, жеңілдіктерді сауатты түрде талап етіп, сонымен қатар өз міндетін де дұрыс атқарса, адамдардың ара­сын­дағы түсінбестік сейілер еді.
Адамдардың өмірдегі қарым-қаты­нас­тарының күрделі қайшы­лық­тары, қақты­ғыс­тары – өмірлік шындық. Сөз құдіретіне бас иіп, «үлкен­ге құрмет, кішіге ізет» көр­сете білуді өсиет еткен ата-бабаларымыз ұрпақ тәрбиесінде, ел басқару жүйесінде, елді сәулелендіру жолында, әрине, халық­тың сан ғасыр­лық тәжірибесінде қорыты­лып, екшелген сөйлеу мәдениетінің тағы­лым­дық-танымдық әрі тәрбиелік мәні ай­рық­ша екенін айтып өткен. «Сөзден тәтті нәр­се жоқ. Сөзден ащы нәрсе тағы жоқ. Сөз­ден жеңіл нәрсе жоқ. Сөз­ден ауыр нәр­се де жоқ. Сөзіңді тіліңе билетпе, ақы­лыңа билет. Ақыл­ды сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылға айт. Не сөйлейтініңді біл. Кімге сөйлей­ті­ніңді біл. Қай жерде сөйлейтініңді біл. Қай кезде сөйлейтініңді біл. Қалай сөй­лей­ті­ніңді біл. Оны білмесең, сара сөзің шала болады, арты жала болады, әкең қапа болады», – деген екен Бөлтірік шешен.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста