Жүсіпбек Аймауытовтың еңселі ескерткіші бой көтерді

Бүгін облыс орталығындағы Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрының алдында қоғам қайраткері, жазушы, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, драматург, ағартушы-ғалым, жерлесіміз, Алаш ардақтысы Жүсіпбек Аймауытовтың еңселң ескерткіші ашылды, деп хабарлайды тілшісі.
Қазақ елін қуантқан салтанатты шараға Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Асқар Бөрібаев, Жүсіпбек Аймауытовтың немересі Римма Аймауытова, сондай-ақ еліміздің зиялы қауым өкілдері қатысты. Ертістің Павлодар өңірінің жұртшылығының қуанышына ортақтасқан Қанат Алдабергенұлы:
- Қазақ әдебиетінің 20 ғасырдың басында дүниеге келген әр туындысы қоғамның қозғаушы күші іспеттес. Алаш жұртының бетке ұстар зиялылары халқымыздың ғасыр көшінен қалмай, жан-жақты дамуына сүбелі үліс қосты. Жүсіпбек Аймауытов сынды алаштықтар ұлт болашағы үшін саяси күреске шықты. Ұлттық мақтанышымыз ірі тарихи тұлғалар мен талантты жандардың шоғырындағы Жүсіпбек бабамыздың бейнесі жарқырап тұр. Қасиетті Баянауылда дүниеге келген атамыз жастайынан ілім-білім жинап, қыр балаларын оқытты, көзін ашты, өмір сабақтарын үйретті. Аймауытовтың асыл мұрасы мен рухани қазынасы сарқылмас ұлттық құндылықтарымыз екені сөзсіз. Кешегі кеңестік идеология мен солақай саясаттың құрбаны болған бабамыздың бс мұрасы ел егемендігінің арқасында ортамызға оралды. Есімі мен ісі ардақталды. Рухының асқақтығын паш ететін шаралар қолға алынды. Биыл 80 жыл бойы белгісіз болған зираты Мәскеудегі қорымнан табылды. Оған облысымыздан арнайы делегация барып, рухына тәу етті. Бұл игі істер жалғасын таба бермек. Келесі жылы Жүсіпбек атамыздың есімімен аталған театрда күрделі жөндеу жұмыстары басталады. Бұл ескерткішті елдігіміз бен бірлігіміздің жарқын белгісі деп білемін, - деді ағынан жарылып, демеушілер қауымына алғысын жеткізді.
Жарқын сәтте жерлестерімен қауышқан Ж. Аймауытовтың немересі Римма Аймауытова көз жасын жасыра алмай, облыс басшылығына ризашылығын білдірді.
- Жүсіпбек Аймауытовтай тау тұлғалы атамның барын 33 жасымда білдім. Әкем Бектұр атам мен апам туралы сұрағанда жауап қайтарудан қашқақтағаны көз алдымда. Бұны кейін түсіндім... Ескерткіштің ашылу туралы естігенде, ерекше толқыдым. Айтар алғысым шексіз. Көп жылдар бойы Ресейде тұрдық. Кейін әкем Бектұр Қазақстанға шақырылды. Біз отбасымызбен туған топыраққа оралдық. Мен Қазақстанның азаматтығын алдым. Қазақ жерінде өмір сүрап жатқанымды мақтаныш етемін, - дейді ол.
Мүсіннің ұзындығы 3,6 метр, мүсін бейнесі қоладан құйылған, гранит постаментінің ұзындығы - 3,9 метр. Ескерткіштің жалпы ұзындығы 7,6 метрді құрайды. Ескеркіш авторы Астана қаласының мүсіншісі Тоқтар Ермеков ескерткішті жасау бойынша екі ай еңбек еткенін айтады.
- Бұл ескерткіш арқылы Жүсіпбек бабамыздың тау тұлғасын әр қазаққа танытуды көздедім. Ескерткіш композициясы жазушының сенімді, тік тұрған мүсінін бейнелейді. Әсіресе киімдері костюмі мен пальтосы қазақ халқының ұлы перзентінің өмір сүрген уақытына сай бейнесін аша түскен. Мақсатыма жеттім деп ойлаймын, - дейді ол.
Шара С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде өткен «Аймауытов оқулары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға ұласты. Бүгін сонымен қатар Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрында ҚР Халық әртісі, режиссер-драматург Ерсайын Төлеубайдың «Ар алдаспаны - Аймауытов» атты пьеса сахналанады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста