Жүрсін Ерман: Мамырда айтысқа ораламын

Жүрсін Ерман: Мамырда айтысқа ораламын

Жақында белгілі ақын Жүрсін Ерман Швейцарияның Женева қаласында ем қабылдап, елге оралды. Халық та айтыс аламанының ақтаңгеріне айналған тұлғаның тілеуін тілеп, ниеттес болғанын көрдік. Не десек те, қиын күндер артта қалғандай. Осыған орай Жүрсін Ерманға хабарласып, жағдайын білген едік деп жазды Айқын басылымы .

– Алдағы уақытта халықпен қайта қа­уы­шуға дайынсыз ба? 

– Дайын болмайтындай маған не бо­лыпты. Дайынмын! Алла қаласа, ма­мыр айының аяғында халықпен қайта қауышамын. 

– Сіздің ауырып қалғаныңызды есті­генде бүкіл халықтың қабырғасы қайысты. Себебі айтыс десе, Жүрсін Ерманның есімі бірінші ойға оралады. Соңғы өткен ай­тыстарды тыңдай алдыңыз ба? 

– Бәрін тыңдап жүрмін деп айта алмаймын. Бірен-саран youtube арналарға шыққанын қараймын. 

– Айтыс әлемінде ізіңізді жалғайтын шәкірт тәрбиелей алдыңыз ба? 

– Шәкірттерім көп. 70-80 ақын бар. Солардың көбі – шәкіртім. Қазір Аманжол Әлтаев менің орныма айтыс жүргізіп жүр. Шұғайып Сезімхан сияқты айтыскерлер де бар. 

– Ауырып жатқан кезде не туралы кө­бірек ойладыңыз? 

– Ақын не ойламайды дейсің. Әрнәр­сені ойлайсың. «Осымен бәрі бітті ме?» дейсің. Істеп жатқан жұмысыңды ойлайсың. Менікі айлық алып істейтін жұмыс емес қой. Қоғамдық жұмыс. Ма­мыр айының аяғында Ұлытау облысында бұрыннан келе жатқан «Ұлытау күні» фестивалі аясында айтыс болады. Соған еліміздің ең тәуір ақындары қатысады. Алла қаласа, сол айтысты өткіземін деп отырмын. 

– Басыңызға қиындық түскен кезде қасыңыздан достарыңыз табылды ма? 

– Табылды. Қаңтар айында 40 күн Швейцарияда ем алып келдім. Сол кезде көп жігіт көмек көрсетті. Швейцарияға бару оңай емес қой. Мемлекет басшы­сы­нан бастап, еміме ақша бөлді. Дос­тарым, кәсіпкер Құсайын Омаров, Дулат Тастекеев деген жігіттер арнайы ақша қарастырды. Ескі досым Өмірзақ Сәр­сенов те қасымнан табылды. Асанәлі Әшімов мен ауруханада жатқанда ішке кіре алмай, қала әкімдігіне шығып жүріп ауруханаға кіріпті. Ес-түссіз жатқанымды көріп жылап кетіпті. Соның бәрі рухани көмек қой. 

– Шетелде ем алып жатқан кезде қа­сыңызда Бақытжамал жеңгеміздің бол­ғанын білеміз. Желіде өлең арнаған видео­ңыз таралып та кетті. 

– Иә, Бақытжамалға ризамын. Елу жылдан бері қасымда келе жатыр. Швейцарияға да бірге барды. Ол ғана емес, 3 қызым да бірге барды. Бәрі қас-қабағыма қарап, жағдайымды жасады. Сондықтан ризамын. 

– Қазір жар таңдаудан қателесетін жас­тар көп қой. Отбасы құрған жастардың 40 пайызы ажырасып кетеді екен. Ендеше, жар таңдауда жастарға қандай кеңес бересіз? 

– Өмірлік серік болатын жарын мен­дей болып таңдасын (күлді). Бақыт­жамалдың да өз тағдыры болды. Бір кезде Қазақстанның белді дикторы еді. Менің жұмысым ауысқан кезде бәрін тастап, менімен бірге Астанаға кетті. Өз карьерасын құрбан етті. Сондықтан жастарға айтарым, осындай сенімді, ойыңнан шығатын, қамқор болатын жар таңдау керек. 

– Қазір үйде отырсаңыз да, қоғамдағы өз­герістерді бақылап жүрсіз бе? 

– Мен әлеуметтік желідегі жаңалық­тарды жібермей оқимын. Инстаграм, фейсбук, телеграмм арналарды қарай­мын. Қаңтар оқиғасы болғанда мен Жез­қазғанда жаттым. Сонда мені «Ама­нат» партиясы іздеп барып, халыққа үн­деу жазып алды. Сол кезде мен: «Қазақстан ұлы өзгерістердің алдында тұр» деп сөйледім. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа сеніп, айналасына топтасуымыз керек екенін айттым. Сол пікіріме бүгінде көзім жетті. Жаңа өзгерістерді барлығымыз көріп жүрміз. Қазіргі Қазақстан – өзгерген Қазақстан. Саяси реформалар, демок­ратиялық жаңғырулар жолында жасалып жатқан қадамдарды халық енді-енді түсініп келе жатыр. Үлкен өзгерістердің алдында тұрмыз. Жемқорлықпен күрес жолындағы атқарылып жатқан істер де көңілімнен шығады. Жақында Парла­мент сайлауы өтті. Билікке жаңа адамдар келді. Басқасын айтпағанда, айтыс ордасынан шыққан екі ақын Аманжол Әлтаев пен Ринат Зайытов та Мәжіліске барды. Пікірлерін ашық айтып жүр. Өзгеріс деген осы емес пе? Бәрі бір күнде орындалмайды. Шыдам мен төзім керек. 

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан 

К.ҚАРҚЫН

aikyn.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста