Журналист: Мен Сәкенді құрметтемеймін, сол үшін де ол маған құрметсіз

Журналист: Мен Сәкенді құрметтемеймін, сол үшін де ол маған құрметсіз

Журналист Аружан Дүйсенбай сот кезінде болған қызықты жайттарды айта келе, Сәкен Майғазиевпен татуласуға еш құлықсыз екенін, әрдайым өз ұстанымында қалатынын айтты.

Айта кетейік, "Музарт" тобының серісі бұл қызметке 2020 жылдың желтоқсан айында тағайындалған. Биыл наурыз айында мемлекеттік сатып алу порталындағы ресми деректерді негізге алған белсенділер әнші Сәкен Майғазиев басқаратын Шымкент қалалық мәдениет үйінің Наурызға арналған іс-шараларға 595 млн теңге қаржы бөлгенін анықтаған. Сол кезде бұл оқиға қоғамда үлкен шу тудырған еді.

 Өткен айда Сәкен Майғазиев өзін "жемқор" деп атаған белсенді Аружан Дүйсебаеваны сотқа берген еді. Алайда тамыз айының басында арызды қайтып алғанын хабарлады. 

Ал журналист Аружан Дүйсенбай желіде сот кезінде болған қызықты жайттарды жазды. 

“Майғазиев Алматыға келіпті шет елден және сотқа өзі қатысты. Сот барысында екі тарапқада өз құқықтары түсіндірілді. "Татуласуға мүмкіндік бар ма?" деп сұрады сот. Алдымен Майғазиевтің пікірін білу маған өте қызық болды. Ол "Қазақтың әп-әдемі, сүйкімді қызысың ғой, мұндай тірлік саған жараспайды қарындасым. Сені 70% ақтап алуға тырыстым, біреу дайындап беріп соны айтқан шығар деп, менің талабым бойынша әлеуметтік желі арқылы кешірім сұрап, видеоларды өшіру керек" деп сайрай кетті. "595 млн тг Шымкентке бөлінген қаржының 1% да құрамайды, байдың асын кедей қызғанады" деп мақалдатты. Және өз сөзінде Жанболат Мамайды сауатсыз деп, өзі туралы айтқан блогерлермен журналистерді БАЛГЕР деп баса айта өтті”, – деп жазды журналист. 

Айтуынша, бұл қаражат бір адамның емес, халықтың  салыққа төлеп отырған ақшасы деп күйінді.

“Мен ешқандай татуласпайтынымды соңына дейін баратынымды айтып, өз ұстанымымда қалдым. Сол 1% ақшаға қаншама отбасыға үй алып беруге болатын еді ғой, қаншама адамға жәрдем беруге болатын еді ғой, қаншама мүмкіндігі шектеулі адамдарға емделуіне беруге болатын еді ғой, қаншама... Айта берсең кете береді. Байдың ақшасы қалтасынан шықса дым демес едім ғой, ол халықтың төлеп отырған салығынан бөлінген қаржы емес пе?

Сот өз сөзінде "шешімнің қандай болатынын іштей біліп тұрмын, оны кейін айтамын" демесі бар ма? Демек ,сот шешімі дайын болғаны.
Майғазиевтің қорғаушылары Сот біткенше әлеуметтік желілерде ақпарат таратпауын, журналистердің соның ішінде "Азаттықтың" қатыспауын талап етті. Сот онысын қанағаттандырмады.

Назарбаевқа қарсы болмасақ болды біздің дегеніміз болады деп ойлады-ау шамасы. Иә мен Сәкенді құрметтемеймін, сол үшінде маған ол "ҚҰРМЕТСІЗ". Менің пікірім өзгермейді”, – деп жазды ол. 

Бүгін Сәкен Майғазиев Шымкент қалалық мәдениет үйінің директоры қызметінен өз еркімен босатылды. Бұл туралы қалалық мәдениет басқармасы хабарлады.

stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста