«Жұлдыздар отбасы» 100-ге жетті

«Жұлдыздар отбасы» 100-ге жетті

Осыдан сегіз жыл бұрын, дәлірек айтсақ, 2003 жыл­дың күз айында ақпарат айдынына өнер жұлдыз­дарының жеке өмірі жайлы олармен сұхбаттаса отырып жазатын «Жұлдыздар от­басы» газеті дүниеге келген еді. Алғашында 16 бет бо­лып шыққан газет 2007 жыл­дың мамыр айынан бас­тап айына екі рет шығатын 52 бет­тік түрлі-түсті жур­налға айналды.
Ә дегеннен-ақ ұжымы кеңейіп, таралымы 15 000-нан 70 000-ға дейін өскен «Жұлдыздар от­ба­сының» жуырда 100-інші саны шықты. Соған орай Жазушылар одағында салтанатты кеш өтті.
Басылымның ең бірінші санына кейіпкер болған белгілі әнші Ақбота Керімбековадан бастап, талай-талай журнал бетіне өз жан сы­рын жайып салған өнер жұлдыздары кон­церттің көркін қыздырса, Мұхтар Ша­ха­нов, Асанәлі Әшімов, Тұрсынбек Кәкішев сын­ды ұлтымыздың бәйтеректері өздерінің  жү­рек­жар­ды лебіздерін ортаға салды.
Қыдырәлі БОЛМАНОВ:
– Біз осы сахнада сан рет «Жұлдыздар от­басының» да, жаңадан ашылса да ады­мы кең «Аңыз адам» журналының да мерекелік кештеріне қатыстық, ал­да­ғы күндері де қатыса береміз. Өйткені ті­лектеспіз, ниеттеспіз. Осы қазір мен бір фабрикада өткен үлкен кездесуден ке­ле жатырмын, сонда сараптама жасап отырсақ, бүгінгі таңдағы қазақтың өзі шығаратын ұлттық дүниелері бүгінде біршама алға дамып жатқанға ұқсайды, соның бір көрсеткіші өзімізден шығатын кәмпиттер болатын болса, екінші көр­сеткіші – таза қазақ тілінде шы­ғатын, бүгінде тиражы бірнеше мың­ның үстіне шыққан осы «Жұлдыздар отбасы» журналы. Кеше ғана біз бұл жур­налды байқаған жоқпыз, осын­ша­лықты оқырманның жүрегін жаулап ала­ды-ау деп ойлаған жоқпыз. Сон­дық­тан осы ретте журнал қазақ тілінде шы­ға­тын басылымының ауқымы үлкейіп, оның да өсе алатынын дәлелдеп берді. Ен­деше, журналдың 100-інші нөмірі құтты бол­сын, өсе берсін, таралымы кеңи бер­сін. Ал, жалпы, біріміз газет шыға­ра­йық, біріміз кәмпит шығарайық, біріміз қуыр­шақ, біріміз қап шығарайық, бірақ өзі­міз шығарайық. Сонда ғана біз өз тіз­гі­ні­мізді, ұрпақ тәрбиесінің тізгінін өз қо­лы­мызға ала аламыз.
Асанәлі ӘШІМОВ, ҚР Халық әртісі:
– «Бір топ итті арыстан басқарса, бар­лығы арыстан болады, сол сияқты бір топ арыстанды ит басқарса, барлық арыстан ит болады» деген сөз бар. Бұл сөздің астарында тек ел басқаруға ғана қатысты мағына жатқан жоқ, отба­сын­дағы тәрбиеге де қатысы бар. Бә­ріміз де көп нәрсеге кінәліміз. Елімізге бел­гілі ақын-жазушы, өнер адам­да­ры­ның үйіндегі немере, шөберелерінің қа­з­ақ­ша білмеуі – айыптың айыбы. Бәрі де – тәрбиенің ісі, бүгін сондай бір тәр­бие­лік мәні жоғары кеш болып отыр. Ал­дымен «Жұлдыздар отбасы» шықты, ке­йін «Аңыз адам» қосылды. Екеуін де мен тұрақты түрде алып оқып тұрамын. Оқыр­манымын. Ауылға жіберіп тұ­ра­мын. Безендірілуі, ішіндегі маңызы жақ­сы, редакция алқасы да өте білімді адам­дар деп есептеймін. Жарылқап де­ген – жарғақ құлағы жастыққа тимей жұ­мыс істейтін азамат, дарынды жур­на­лист. Таң атқанша отырып, ерінбей-жа­лықпай, менен көп нәрсе жазып алып кет­кен кезі болды. Сондықтан бас­шы­сына қарап, басылымның болашағына се­немін!

Түйін
Кеш соңында тұрымтайдай болса да, Алашқа аты жайылып үлгерген жас ақын Жамбыл Дүйсеновтің ортаға шығуы жиналған жұртты дүр сілкіндірді. Оғланның отты жыры, мірдің оғындай сөзіне риза болған «Жұлдыздар от­ба­сы», «Аңыз адам» журналдарының бас редакторы Жарылқап Қалыбай ортаға шы­ғып, жас дарынға «ХХІ ғасырдың Жам­былы» деп, арнайы сыйлық – ком­пьютер сыйға тартты. Сондай-ақ осы кеш­те «Аңыз адам» журналының кітап етіп жинақталған жаңа нұсқасының тұ­сауы кесілді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста