«Жетінші арнаның» Ақсәулесі

Ақсәуле Қанатқызы ӘЛЖАН 1984 жылы 14 ақпанда Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында дүниеге келген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін археология-этнология мамандығы бойынша бітірген. «Тарих – кішкентай кезімнен бері сүйетін ғылымым, әсіресе орта ғасырлар тарихын ұнатамын. «Бүгінгі жаңалық – ертеңгі тарих» екенін ескерсек, сүйікті жұмысым сүйікті кәсібіме айналғаны таңғаларлық емес. Таңғы бағдарламаға үлгеру үшін таңғы 4-те ұйқыдан тұру, бағдарламаны уақтылы эфирге беру үшін түнімен монтаж жасау, университеттегі дәріс пен жұмысты сабақтастыру сияқты қызықты қиындықтар мен үшін нағыз телевизияның нышаны іспеттес», – дейді Ақсәуленің өзі. «Жылы жүздесу» авторлық бағдарламасы үшін 2006 жылы Президенттің журналистика саласындағы грантын иеленген. Қазір «Жетінші арнаның» «Жаңалықтар» бағдарламасының жүргізушісі.

Жылы: тышқан
Жұлдызы: суқұйғыш
Сүйікті ас мәзірі: қазақ, жапон, кавказ халықтарының дастарқаны
Сусыны: Бал қосылған көк шай
Бос уақыттағы ермегі: серуен, спорт, көркем әдебиет
Жақсы көретін гүлі: қызғалдақ, лалагүл (тюльпан, лилия)
Иіссуы: Moschino Glamour, Carolina Herrera 212 Sexy,  Givenсhy Very irresistible
Өмірлік ұстанымы: Қатып қалған ұстаным немесе ереже жоқ. Өмірдің әр кезеңінде әртүрлі принципті ұстанамын. Өзгермейтіні – адалдық пен туралық.
Әзілі: Басымнан өткен бір қызық оқиғаны айтайын. Ол кезде Еуразия ұлттық университетінің ректоры Сәрсенғали Әбдіманапов еді. Түрлі шараларға журналистерді шақыру үшін маған телефон шалатын. Бірде маңызды шараның алдында көмекшісіне менімен байланыстыруды тапсырады. «Ақсәуле» деген есімді «Ақселеу» деп түсінген көмекшісі телефонды ойланбастан Ақселеу Сейдімбек ағаға қосқан көрінеді. Телефонды алғанда Ақсәуленің, яғни менің дауысымның орнына Ақселеу ағаның күмбір үні естілмей ме? Сонда ректор ағамыз: «Сіз Ақсәуленің папасы емессіз бе?» – деп Ақселеу ағаны көпке дейін тани алмай отырыпты. Жалпы, менің атымды «Ақселеу» деп атап шақырып жататын кездер болады. Мен оған қуанатынмын. Қазақтың біртуар ұлы А.Сейдімбектің аты ғана емес, заты да маған жұғысты болса екен деп тілеймін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста